2
Госеттің бұл теорияның негізінің дамуы үшін
Р.Фишер (1890-1962 )
экспериментер жасады.Оның
еңбектері заманауи биометрияның негіздерін қалады. Р.Фишер Кембридж университетінде оқып жүріп,
Мендел және Пирсонның еңбектерімен танысып, оқуын тамамдаған соң статистикші болып жұмыс жасап,
сонымен қатар математика-физикадан орта мектепте сабақ берген. 1933
жылы Лондон университетіне
профессор атағымен жұмысқа шақырылып, қабылданды. Ол бірнеше статистикалық еңбектердің авторы.
XX ғасырда А.А. Чупров (1874-1926) Петербор политехникалық институтында жұмыс жасайтын
бұл ғалымның еңбектеріне ағылшын ғалымдары назар аударды. Дисперсиялық
анализдің негізін
салушылардың бірі.
Бұл салада орасан зор еңбек еткен ғалымдар өте көп,
олардың туындылары, зерттеулері қазіргі
заманда биометрияда қолданылады. 1924 жылы «
биометрияға кіріспе, «Дисперсиалық анализ»,
«Биометрия» т.б. еңбектер Москва мемлекеттік университетінде жарық көрді.
Ал, орманшылықта биометриялық методтар XX ғасырдың басында қолға алынды. СССР –да 1929
жылы орманшылықта пайдаланды. Голубева В. В. «Элементы математической статистики в приложении к
лесному делу» жарық көрді.
Табиғи құбылыстарды, ондағы өзгерістерді зерттегенде сапалық және
сандық көрсеткіштер бірге
қолданылады. Сапалық және сандық көрсеткіштер бірлігінде ғана зерттелетін құбылыстардың ерекшелігін
ашуға болады. Сапалық әлде сандық көрсеткіштер ме зерттелетін жағдайға байланысты үстемдік көрсетеді,
бірақ бұлар бір-бірімен байланысты болып, бір-біріне өте алады.
Достарыңызбен бөлісу: