1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы, даму тарихы, биотехнология бығыттарына анықтама беріңіз.



бет1/27
Дата06.12.2022
өлшемі99,31 Kb.
#161582
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1. Биотехнология ылым ж не ндіріс саласы, даму тарихы, биотехн


1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы, даму тарихы, биотехнология бығыттарына анықтама беріңіз.(УНИКАЛЬНОСТЬ 92%)
Биотехнология - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым, өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Биотехнологияның пайда болуымен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы
Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты: 
1. Пастер ғасырына дейінгі эра (1865ж.). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандаағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
2. Пастер ғасырлық кезеңі(1866-1940 жж.) – Этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960 жж.) – Тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтарлың микробиологиялық биотрансформациясы.
4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975 жж.) – Микробты мунаттар көмегімен амин қышқылдарын өңдіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өадірістік қолдану. Канализацилық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
5. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 ж. Бастап) – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
Биотехнология бағыттары: жасушалық инженерия, өндірісітік биотехнология, генетикалық инженерия.
Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды қоректік орта жағдайында өсіру. Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады.
Генетикалық инженерия — генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу.
Өндірістік биотехнология – бұл биохимиялық әдіспен спирт, метан, қышқылдар, ацетон, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер және т.б. алу, болашақта пластмасса, эмульгаторлар өндірісі жоспарлануда, микроорганизммен бүлінуден әртүрлі заттарды қорғау әдісі жасалуда; руданы микробиологиялық сілтілеу. Ертеден белгілі қалдықты өңдеуде және ағын суды тазартуда микробиологиялық әдіс кеңінен қолданылуда. Қоршаған ортаны бақылау және мониторингке арналған биодатчиктер жасау.
Өндірісте микроорганизмдерді культивирлеудің бірқатар артықшылығы бар. Микроорганизмдердің көмегімен өндірістік масштабта антибиотик, ақуыз, витамин, фермент және тағы басқа да биологиялық активтік заттар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет