1. Биполярлы және өрістік транзисторлардың құрылымын түсіндіріңіз


Биполяр транзистор негізінде дифференциалды күшейткіштің



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата28.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#170467
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
АҚС емтихан

72. Биполяр транзистор негізінде дифференциалды күшейткіштің 
құрылымын түсіндіріңіз 
Дифференциалдық күшейткіш дифференциалдық деп аталатын кіріс 
сигналдарының айырмасын күшейтеді. Оны биополярлық және униполярлық 
транзисторларда құрастыруға болады. Олар параллель-баланысты каскад 
немесе теңестірілген көпір болып табылады. Ортақ Rэ эмиттерлік кедергілі екі 
тұрақтыток күшейткішінде құрастырылады.
Дифференциалды күшейткіштер – екі кірісті электрондық күшейткіш, шығыс 
сигналы кіріс кернеулерінің айырымының константаға көбейтіндісіне тең. 
Мынандай жағдайда қолданылады: синфазадан тұратын фондағы 
кернеулерінің айырмашылықтарын анықтау үшін.
Дифференциалды күшейткіштердің шығыс сигналы бірфазалы, сонымен бірге 
дифференциалды болуы мүмкін. Осы шығыс каскадтың схематехникамен 
анықталынады.
Дифференциалды күшейткіштер – бұл кең көлемде белгілі схема, екі кіріс 
сигналдарының кернеулерінің айырмашылығын күшейтуге арналған. 
Идеалды түрде шығыс сигнал әр кіріс сигналдардың деңгейіне байланысты 
емес, тек қана олардың айырымы ғана анықталынады. Екі кірісте де сигналдар 
деңгейі бір уақытта өзгерсе, онда осындай кіріс сигналдың өзгерісі синфазалы 
деп аталады. Дифференциалды кіріс сигналдарды сонымен бірге орташа 
немесе пайдалы деп те атайды. Жақсы дифференциалды күшейткіштер 
жоғарғы синфазалы сигналдың әлсіздету коэффициенті (ССӘК) бар, ол өз 
жағынан шығыс пайдалы сигналдың шығыс синфазалы сигналға қатынасын 
көрсетеді, олардың ең басты шарты ол пайдалы және синфазалы сигналдардың 
амплитудаларының сан мәні бірдей болуы керектігі. ССӘК дицибелде 
анықталынады. Дифференциалды күшейткіштер шу фонындағы әлсіз 
сигналдарды жоғалтып алмау үшін қолданылады. Осы сигналдарға мынандай 
мысалдарды келтіруге болады: ұзын кабельдармен берілетін, сандық 
сигналдар, 
дыбыстық 
сигналдар, 
радиожиілікті 
сигналдар, 
электрокардиограмманың кернеуі, магнитті жадыдағы ақпаратты санау 
сигналдары және басқа да сигналдар. Егер синфазалы бөгеттер өте үлкен 
болмаса, дифференциалды күшейткіштер соңында бастапқы сигналды 
қалпына клтіреді. Дифференциалды каскадтар операциялық күшейткіштерді 


құрған кезде қолданылады. Олар тұрақты тоқ күшейткішін жасаған кезде 
үлкен роль алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет