1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет11/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.

Батырлар жыры
1.Ең көне замандағы эпостар: «Құламерген,Жоямерген,Досан батыр ,Құбығұл ,Атилла, Ергенекон»
2.Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: Қобыланды,Алпамыс,Ер тарғын ,Қамбар,Едіге т.б
3.Жаңа дәуірдегі эпостар :Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Еспенбет,Нарқыз, т.б.
4.Батырлар жыры жақын жанр түрі: Эпостық жырлар.
5.Эпостық жырларда батырларға серік болған арулар: Ақжүніс- Ер тарғын,Назым-Қамбар батыр,Құртқа –Қобыланды.
«Қобыланды батыр»
«Қобыланды батыр» жырын жинап, хатқа түсіру XIX ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар.Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген – В.Радлов. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған «Тайбурылдың шабысы» деген тармағын «Қазақ хрестоматиясына» енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М.Әуезов бұл жырға «эпопея дерлік жыр» деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың түрлі нұсқасын жариялады.
Қарақыпшақ Қобыландының әкесі –Тоқтарбай, анасы – Аналық, қарындасы –Қарлығаш, сүйген жары-Құртқа (Көктім Аймақ ханның қызы), тұлпары –Тайбурыл,жайлауы – Көздікөл, қыстауы –Қараспан.Естеміс-Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны баулыған ер, Сейілдің ұлыҚараман-Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы шыққан батыр. Орақ -Қобыландыға көмекке келген жас батыр, Қамқа- Орақтың анасы; Көбікті –хан; Қобыландыға ғашық болған қыз Көбіктінің қызы - Қарлыға, оның мінген аты - Ақмоншақ, Алшағыр- қалмақ ханы, Көктім Аймақ хан – Қызылбас елінің ханы, Қызыл ер, Қазан- Қызылбас елінің батырлары. Қара қасқа ат - Қазанның тұлпары; Қазанның тартып алғаны - Ноғайлының жері, Қырлы қала ( оған бектерін орналастырған) және Сырлықала (оған жендеттерін орналастырған). М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын жазған .
Таным дерек
Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен XY. Ғ) –батыр, тарихи қайраткер.Қазақ, өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай. Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді. Қобыланды батыр ру аралық қақтығыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі Қотан бидің ұлы Дайырқожа батырды (Ақжол) өлтірген. Қазақ ауыз әдебиетінің осы оқиға жөнінде Қотан бидің «Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген жоқтауы сақталып қалған. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырды қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды» батыр эпосы кең тараған.(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия,5-том, 695-бет).
-«Қобыланды батыр» жырындағы айтылатын Қызылбас елі: (Иран елі)
- Қызылбасты елінен шыққан Қазан ер қай батырлар жырының кейіпкері: («Қобыланды батыр» жыры)
-Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Қақырғанда қан ішті,
Түкіргенде жын ішті...»-деген үзінді қай жырдан: («Қобыланды батыр»)
Қазақтың ері келді», - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек берген хан: (Көктім Аймақ)
-«Қобыланды батыр» жырынан алынған:
«Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді.
Сол уақыттар болғанда
Артық туған Қобыланды,
Найзасын ырғап ендірді...»- деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: (Қобыланды мен Қазан)
-Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды неше күнде алған? (12 күнде)
-Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі байқалатын жер: (Қырлы қала мен Сырлы қалаға жетерде)
-«Тайбурыл атты құтыртып,
Оған келді сыдыртып...»-деген жолдар алынған жыр: («Қобыланды батыр» жыры)
-«...Қобыланды гулеп жөнелді,
Көп қиятқа қарамай.
Қалың қият – көп қосын,
Бәрі қалды артында,
Бірі еруге жарамай»,- деген жыр жолдарындағы «көп қият, қалың қияттың» кімдер екені: (Қараман мен оның қосыны)
-«Қобыланды батыр» жырында Қобыландының:
Сейілдің ұлы Қараман
Көмек берер демеймін.
Әйел де болсаң, қатар ең,
Мұңымды саған саламын.
Қош,Қарлыға, аман бол,
Қалмақ алған халқыма
Көмегім жоқ артымда
Жалғыз кетіп барамын,- деуінің себебі: (Қараманның еліне қашып кетуі)
-«Қобыланды батыр» жырындағы Қараман бейнесіне төмендегі мақалдардың қайсысы сәйкес келетіні: (Ер сасқанда белгілі)
-Қобыландыны қапыда, қулықпен ұсатап алатын кейіпкер: (Көбікті)
-«Қобыланды батыр» жырында Қараман мен Қобыландыны қолға түсіріп, аяқ-қолына кісен салған батырдың аты: (Көбікті)
--«Қобыланды батыр» жырында Көбікті киген сауыттың осал жерін айтып,Қобыландыға көмектескен адам: (Қарлыға)
-«Қобыланды батыр» жырында:
Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың,
Жата алмайды үйінде»,-деген үзіндіде Қобыландыға ғашық болған қыз: (Қарлыға)
Өшті болған әкеңнен өшімді алмай мен қашпан», - деген сөз айтылды: (Қарлыға)
-Байлаулы жатқан қос батыр,
Есермісің,сермісің?
Бекер жатқан ермісің?!»- деп -«Қобыланды батыр» жырында Қарлыға кімдерге қаратып айтқан: (Қараман мен Қобыландыға)
--«Қобыланды батыр» жырында Қобыландыға қалмақ ханы Алшағырдың қорлығынан құтылуға көмектескен батырлар: (Қараман, Қарлыға, Орақ)
-«Қарақыпшақ Қобыланды» драмасын жазған: (М.Әуезов)
-Тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысында ескерткіш қойылған батыр: (Қобыланды батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет