Мақал-мәтелдер, жұмбақтар Мақал мен мәтелдің айырмашылығы: 1)Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады.
2)Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары айтылады да, себебі айтылмайды.
3)Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде айтылады.
4)Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады.
Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем өрнек-снтаксистік параллелизм, әсірелеу, теңеу, т.б.
Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті тілінде. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын тапса қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан алады. Кемедегінің жаны бір. Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі) Өмір құбылыстарын аз сөзбен шебер кестелеуі жағынан шешендік сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел) Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы: «Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады.» (Синтаксистік параллелизм)
Мақал-мәтелдегі көркемдік өрнек:
«Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.» (Синтаксистік параллелизм)
Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.» (Шендестіру)
Мақалдағы көркем сөз айшығы: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.» (Теңеу)
Астарлы, ауыспалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі)
«Жіігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)
«Ақ жүрген азбас» мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы)
Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы шәйі орамал кекенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше)
«Асырауын тапса, адам болар» мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы)
Болдым десе, болғаны емес,»-өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық)
***Мақал-мәтелдің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі; *Мазмұндылық; *Ықшамдылық)
***Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен; *Қорыққанға қос көрінеді)
«Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, Кім томағалайды?» Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңылтпаш)
«Қазақтың халық жұмбақтары» деген кітабында М.Әуезов жұмбақтың 20 тақырыбына тоқталады.
«Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойынның, қиялының шамасын білдіреді»-дегенқанатты сөздің авторы: (М.Әуезов)
Ертегілер Ертегі – қара сөзбен айтылатын(кейде өлеңтүрінде), көбіне өмірде сирек кездесетін немесе ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайтын шығармалар:
Ертегі үшке бөлінеді:
Қиял -ғажайып ертегілер («Ер Төстік», «Күн астындағы күнекей қыз», «Ұшқыш кілем», «Сырттандар» т.б.)
Хайуанаттар туралы ертегілер(«Түлкі,қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Боз інген»)
Тұрмыс– салт немесе шыншыл ертегілер («Аяз би», «Атымтай Жомарт», «Дүмше молда»т.б.)
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезовнеше жікке(жанрға)бөлген:(3–ке)