1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет151/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.

Аллегория (пернелеу) – жан-жануарларға адам мінез- құлқының сипаттарын беру.Түлкі-қу,қой – момын,қоян-қорқан т.б.

  • Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш құрал атауы: (Аллегория)

  • Аллегорияның мағынасы: (Астарлы меңзеу)

Символ (астарлау)- әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.Мысалы:көгершін-бейбітшілік символы.

  • Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп,жасыра жарастырып,бүкпелей бейнелеу,тартымды тұспалмен түсіндіру қандай көркемдегіш тәсіл болып табылады?(Символ)

  • Екі ұғымның жақындығына қарай, ұқсастығына қарай бір сөздің орнына екінші сөзді ауыстырып қолдану тәсілі: (Символ)

  • Символдың мағынасы: (Ойды ашық айтпай, астарлап,тартымды тұспалмен мүсіндіру)

  • Символ термині алынған тіл : (Грек)

  • «Отырмын теңіз бойында ,

Ойнайды дауыл ойымда,»- деген тармақтарда кездесетін құбылтудың түрі: (Символ)

  • «Ай мүйізді қошқардың,

Бөрі тартар қоңынан,»- деген «Қыз Жібек»жырынан алынған жолдардағы көркемдік құрал: (Астарлау)
Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады.(Мақал)

  • Бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану қалай аталады? (Мегзеу)

  • Сорлы қазақ сол үшін,Алты бақан ала ауыз…Троптың түрі : (Синекдоха)

Сарказм (шенеу,мысқыл) – ащы мысқыл,кекесін, келеке; гректің «шымшып тарту» деген сөзінен шыққан.Сөзбен түйреу, етке тіс батырут.б. мағына береді.

  • Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ербиіп елсіз тауға шыққандай…
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ.
«Біржан-Сара» айтысындағы Жиенқұл сипаттамасындағы көркемдік тәсіл: (Сарказм)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет