« Жетімдергежем бердім ,
Жесірлерге жер бердім . Ақырында дүние – ай , Сол ерліктен не көрдім ?! » - деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған : (« Әй ,Махамбет , жолдасым » Махамбеттің Исатай өкінішін суреттеген өлеңі: (« Әй ,Махамбет , жолдасым ») Махамбеттің Исатай Тайманұлының сом тұлғасын жасаған өлеңі:
( « Тарланым » ) Үзінді авторы :
Кермиығым , кербезім ! Керіскедей шандозым ! Құландай ащы дауыстым! Құлжадай айбар мүйіздім ! ( М.Өтемісұлы « Тарланым » ) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Туған жері: Түркіменстанның Ташауыз қаласының маңы, 1929 жылы Маңғыстауда дүние салған.
30 шақты өлеңі: "Қонақкәде", Тойбстар", "Аралбайды жұбату", "Ерғали сұпыға айтқаны", "Байларға", "Оразалыға", "Көптілеу байға", "Қарашұбар ала ешкі", "Бұл дүниеде не жетім?", "Осы күн жолдас болдым сексенменен", "Қартайған шағында айтқаны" т.б.
5 айтысы: Нұрыммен, Ізіммен, Жаскелең, Берекет, Күлзипа, Ізбас...
Дастандары: "Адай тегі", "Атамекен", "Топан", "Әзіретқали"
Қашаған көңілайту, беташар, тойбастар, қонақкәде, тілек-бата, сияқты ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларын дамытып өз жанынан шығарып айтқан. Сондай жырларының бірі - "Қонақкәде". Ал "Аралбайды жұбату" жырында жалғыз ұлынан айрылып, жапа шегуші Аралбайды сөйлетеді. "Есқали сұпыға айтқаны" өлеңінде ағашты мақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.
"Атамекен" дастаны тарихи оқиғаға негізделген. "Топан" - Каспий теңізінің тасқынына ұшыраған халық мұңын шыншылдықпен бейнелеген, опатимистік рухы жоғары дастан. "Адай тегі" дастанында Адай елінің түпкі тегінен бергі таралу шежіресін аңыз негізінде баян етеді.