1 бөлім. Бастауыш мектеп оқушыларының


«Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері»



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,72 Mb.
#34921
1   2   3   4   5

«Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері»

тақырыбында орындаған
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА
ҚОСЫМШАЛАР

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және тәрбиелеу негізін құратын бағдарлама.

Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы.

1. Сынып ұжымы, топ туралы жалпы мағлұмат (оқушылардың саны, оның ішінде қыз және ұл балалар саны, жас ерекшеліктері, сынып жетекшілерінің өзгеріп тұруы т.с.с).

2. Сыныптың ұйымшылдығы: өзін-өзі басқару деңгейі, сынып жұмысын орындайтындығы.

3. Сынып ұжымының оқу іс-әрекеті. Сыныптың жалпы үлгеріміне мінездеме (кейбір оқушылар үлгерімінің жеке бақылауға алынуы, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны ұйымдастыру түрлері).

4. Оқушылар ұжымының еңбек іс-әрекеті. Өндірістік, қоғамдық пайдалы еңбек, өзіне-өзі қызмет етуі, оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы орны. Жұмыстардың түрі. Жалпы еңбекке деген көзқарасы.

5. Оқушылар ұжымының қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті:

А) сыныпта тапсырманы бөлудің түрлері (үнемі немесе кезектесіп);

Б) сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгейі, майталмандардың түрақты немесе уақытша болуы;

6. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері:

А) Балалардың ұйымшылдығы (сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара көмегі және олардың ішкі негізі, сыныптаң ортақ іске деген қызығушылығы;

Б) Жеке оқушылардың эмоционалдық жағдайы;

В) Оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері;

7. Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы;

8. Ұжымның бос уақытты бірге ұйымдастырған іс-шараларда өткізуі, балалардың ой-өрісі (интеллектуалдылығы), рухани, спорттық өмірі, көркемөнер, шығармашылық кештер, компьютелік сауаттылығы т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалауға негіз болатын келесі көрсеткіштерін анықтадық.

1. Мінез-құлық қасиеттерін бағалау көрсеткіштері:

1.1 Жағымды мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

- белсенділігі, тәртіптілігі;

- жинақтылығы, ұйымшылдығы, мейрімділігі;

- жауапкершілікті сезінуі, қайырымдылығы;

- іскерлігі, кішіпейілділігі;

- шешім қабылдағыштығы, қарапайымдылығы;

- ұстанымдылығы, адамдарға ықылас қоюы;

- ашықтығы, шыншылдығы;

- әдептілігі, адамгершілігі.

1.2 Жағымсыз мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

- эгоистігі, тұйықтығы;

- дөрекі, өтірікші, ұстанымсыздығы;

- менменшілдігі;

1.3 Жағымсыз әдеттері:

- темекі тартуы;

- алкоголизмге, накотикке және басқа да улы заттарға құмарлығы.

2. Жалпы мәдени дағдыларын бағалау көрсеткіштері:

2.1. Мінез-қүлық мәдениеті:

үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасының қалыптасуы, кішіпейілділігі, ұқыптылығы, сүйкімділігі, жылы жүзділігі.

2.2. Сөйлеу мәдениеті.

2.3. Өнер, әдебиет салаларына деген көзқарасы.

2.4. Үйіндегі кітапхана қоры.



3. Қарым-қатынас жүйесінің қалыптасқанын бағалау көрсеткіштері.

3.1. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы:

3.2. Ашықтығы, жарқын жүзділігі;

3.3. Толеранттығы (басқалардың пікіріне шыдамдылығы);

3.4. Мейірімділігі, парасаттылығы,

адалдығы, сезімталдығы, сыйластығы, қайырымдылығы т.б. қасиеттерінің қарым-қатынас барысында көрініс беруі.



4.Сыныптастарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері:

4.1. Сыныптастарының мүддесімен санасуы;

4.2. Кикілжіңдерден өзін аулақ ұстауы.

5. Ата-аналарымен қарым-қатынасын бағалау көрсеткіштері:

5.1. Оларды жақсы көреді және өте силайды;

5.2. Сыйлайды және оларды тыңдауға тырысады;

5.3. Оларға сенімсіздікпен қарайды және көбіне тыңдамайды;

5.4. Сыйламайды, негізінен оларды тыңдамайды, өзінше өмір сүреді;

5.5. Өзінің ата-анасын сыйламауын қалай түсіндіреді;

5.6. Ата-ана беделін мойындамайды;

5.7. Қандай жағдай болса да өз дегенімен жүреді.



6. Табиғатқа деген қатынасын бағалау көрсеткіштері:

А). Табиғатты жақсы көреді ме?

Б). Табиғатқа көзқарасы нақтылы қандай көрініс береді?

В). әкологиялық дағдарыс қаупін дұрыс түсінеді ме?

Г). Табиғатқа ұқыпты қарауға дағдыланған ба?

7. Білім алуға, оқуға деген көзқарасын бағалау көрсеткіштері:

А) үлгерімі, алып жүрген бағалары;

Б) оқушының оқығысы келе ме? Оқу себептері;

В) сабаққа жиі кешігіп келе ме?

Г) үй тапсырмаларын орындауы, өз бетінше білім іздеуі, оның жүйелілігі;

Д) Жақсы көретін пәндері, оларды неге жақсы көреді, болашақ мамандық таңдауға әсері бар ма;

Е) қандай сабақтарды жеңіл меңгереді, қандай пәндерді меңгеруге қиналады?

Ж) Білімді меңгерудегі жеке кемшіліктері, олардың себептері;

3) Оқуға деген қызығушылығы, оның ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы;

И) өз бетінше білім алу дағдысының қалыптасуы, өз бетінше білім алумен айналысуы;

К) Оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне деген көзқарасы.

8. Өз-өзіне деген көзқарасын бағалау көрсеткіштері:

А) өзінің жеке тұлғасына беретін бағасы (өте жоғары, өте төмен, дәлме-дәл);

Б) Жеке жоғарғы адамгершілік қасиеттерін сезінуі;

В) өзінің жеке жетістіктері мен кемшіліктеріне деген қатынасы.



9. Оқушының сынып ұжымындағы ролі мен орнын бағалау көрсеткіштері:

А) Оқушының сынып ұжымындағы, статусы (майталман, атақты, жағымды, танымал емес, оңаша, шеттелген);

Б) Ұжымның, сыныптың, топтың оқушыға деген көзқарасы;

В) Оқушының ұжымға деген көзқарасы, оның талаптарын орындауы, ұжым пікірін бағалауы;

Г) Сыныптағы достары, жолдастары, олардың ортақ қызығушылықтары;

Д) Сыныптастарымен кикілжіңге келуі, оның себептері.

Ата-аналармен трансактілік талдау жүргізу

(психологиялық кеңес беру ретінде)

Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге кеңінен пайдаланылатын әдістемелер Э.Берн жасаған трансактілік талдау және Дж. Морено ұсынған социометриалық талдау болып табылады. Бұл әдістемелерді пайдаланудың өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Психологиялық қызмет көрсету барысында трансактілік талдау әдістемесінің қазақшаға аудармасын таба алмағандықтан ол әдістеме өте кем қолданылып жүр. Сондықтан біз осы әдістеменің қазақша вариантын ұсынып отырмыз.

Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы трансактік талдаудың орны ерекше. Психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету барысында оқушылар арасында, педагогтар мен оқушылар, ата-аналармен оқушылар және ата-аналар мен олардың балалары арасында бір-бірін түсінбеушілік, қарым-қатынасы бұзылуы, шиеленіс жағдай тууы анықталады. Осы көріністердің орын алу себебі қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың біреуінен өзін ыңғайсыз сезінуі, басқалардан қысым көруі, іс-әрекетін дұрыс бағалауы т.с.с. жағдаймен байланысты психологиялық қорғау әдістерін іздеуге алып келеді. Бұл жағдай қарым-қытынас мәдениеті сақталмағанын көрсетеді.

Бұл көрсеткіштердің барлығы жеке адам қалыптасқан ортанын мәдениетіне, ол адамның өзін-өзі басқару механизмі қалыптасқан жағдайына тәуелді болады. Сыртқы ортаның қойған талаптары әр адамның ішкі «Меніне» айналады. Осы менді талдау жолын АҚШ психологі Э. Берн 1955 жылы жасап шығарған.

Трансактік талдау-жеке адамның мінез-құлық моделінің қалыптасу ерекшеліктерін талдауға қолдану әдісі ретінде ұсынған.

Трансакция-бұл басқа адамға бағытталған әрекет (акция). Ол қарым-қатынастың бөлігі болып табылады. Э. Берннің концепциясы қарым-қатынаста проблемалары бар адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттілігіне жауап ретінде жасалынған.

Бұл әдістің негізінде лонгетюдтік талдау барысында анықталатын қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі алынған «Трансакция» терминін қазақша аударғанда «әсер етуді талдау» деген мағына береді.

Басқа адамға әсер ету қарым-қатынас барысыңда жүреді. Осы қарым-қатынас жасау үлгісін психолог жасап, басқа адамға көрсету, тәжиребесін ұйымдастыру әдісі ретінде ұсынылған.

Адамның қарым-қатынас мәдениетін сақтауы жағдайға байланысты болғандықтан оның позициясы кішкентай бала, ата-ана немесе үлкен адамдар позициясының ұқсайтындығын мінез құлық құрылысы ретінде ұсынған. Осы құрамды бөліктерді талдау трансакциялық талдау деп аталады.

Трансактік талдауда келесі 4-тақырыптық бөлімдері арқылы көрсетіледі:

1. Құрылымдық талдау;

2. Трансакцияны талдау;

3. Ойындарды талдау;

4. Сценарийлерді талдау;

1)Жүріс-тұрыстың, ойлардың және сезімдердің құрылымдық талдауы үш қарапайым жағдайларға негізделген, яғни әрбір адам:

2. Бір кездері кішкентай бала болған;

3. Ата-анасы немесе олардың орнында болған адамдары болған;

4. Егер ол сау болса, қоршаған болмысты адекватты бағалауға қабілетті;

Осы үш жағдайға байланысты үш құрамдастардан тұратын жеке адамжайлы еместер қалыптасады. Сонымен қатар, олар «Мен» жағдайлары ретінде де белгіленеді:

1. Ата-аналық Меннің көріністері:

2. Қамқор ата-аналық Мен;

3. Сыншыл ата-аналық Мен;

Жүріс-тұрыс ережелерінен, нормалардан тұратын Ата-аналық Мен индивидке стандартты жағдайларда ойдағыдай бағытталуға мүмкіндік береді, сананы қарапайым, үйреншікті мэселелермен жүктелуден босата отырып, жүріс-тұрыстың пайдалы, сыналған стереотиптерін «жібередің. Ата-аналық Мен бұл біздің ішкі комментатор және бағалаушы болып табылады.

2. Үлкендік Мен жағдайы мағлұматтың логикалық құрамдарын қабылдайды және өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын эмоциясыз тексере отырып қабылдайды. Үлкендік Мен Ата-аналыққа қарағанда стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет ететін, таңдауға еркіндік беретін, сонымен қатар шешім қабылдаудың саддарын және жауапкершілігін ұғынуды қажет ететін жағдайларға бейімделеді.

3. Балалық Мен сезімдер тіршілік принциптеріне ілеседі. Қазіргі кездегі жүріс-тұрысқа балалық шақтағы жасырынды сезімдер әсер етеді. Сондықтан балалық «Меннің» өмірдегі орны өте күрделі және ерекше қызметтерді атқарады. (Мысалы, шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, өзінше бір ерекшеліктерді көрсетуді, шиеленістіруі өмірге өте қажетті жағдайларды туғызу т.б.). Сонымен бірге балалық «Мен» адамның өз бетімен мәселені шешуге шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде шатақ мінезбен көрініс береді. Э.Берннің классификациясы бойынша балалық «Мен» 3 түрге бөлінеді:

1. табиғи балалық «Мен» (қуаныш, қайғы және т.б. сияқты спотандық реакциялар).

2. икемделуші балаық «Мен» (бейімделуші, құлақ қоюшы, қорқақ, кінәлі, жалтақтаушы және т.с.с).

3. қарсылық білдіретін балалық «Мен» (өзін басқаларға таныту үшін қарсыласып, қырсықтық белгісін көрсетеді).

Позициялардан:

4. ата-ана-әке, әпке, педагог, бастық рөлдері ойналады.

5. үлкендік-көрші, бағынушы, кездейсоқ серік, өзінің бағасын білетін және т.б. рөлдер.

6. балалық-жас маман, халықтың сүйікті артисті, жезде рөлдері.

Әр бір адамның жеке тұлғасында осы 3 құрамдыстары байқалады. Осы 3 құрамды бөлік бір-бірімен гормониялық байланыста болуы керек. Егер біреуінің көрінісі сыртқы жағдайға сай болмаса, қарым-қатынас бұзылуы, шиеленіс жағдайы туы мүмкін. Шиеленіс жағдайларды шешу жолын қалай іздеу керек екенін Э. Берн тапқан. Оның пікірінше адамның осы құрамды бөліктерінің қайсысы бәсең көрініс берген болса, соны оятып жанданлыру психотерапия мақсаты болып табылады. «Мен» позициясын диагностикалау және оны гармониялық жағдайға келтіру ол жеке адамның барлық функцияларын оңтайландыру болып табылады. Өйткені Мен көріністерінің әр қайсысы өз функцияларын атқарады.

Қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау барысында әр қарым-қатынастың мақсатына байланысты. «Меннің» 3 позициясының үлес салмағы әр түрлі болады. Осы 3 «Меннің» арақатынасын трансакциялық талдау бойынша анықтауға мүмкіндік туады. Осы талдау мінез-құлық құрылымын, оның ерекшелігін, әр құрамды бөліктерінің жалпы көрініске қосатын үлесін анықтап алғаннан соң трансактік талдау қарым-қатынас мәдениетінің өлшемі болып табылады.



2) Трансакцияны талдау.

Трансакция - бұл екі не одан көп адамдар арасындағы коммуникацияның бөлігі болып табылады. Трансакцияны талдаудың негізгі 2 бөліктен тұрады.

1. Түрткі трансакция.

2. Адамдарды қарым-қатынасқа шақырады.

2. Жауап трансакция (Түрткіге сай одан басым немесе төмен жауап беруі).

Осы бөліктердің бір-бірімен үштасып жүруі барысында «Мен» жағдайы әртүрлі болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не шиеленіс жағдай туады.

Трансакциялар әртүрлі болады:



1. параллель жүретін трансакция.

Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірін толықтырып отырады.



2. қайшылас жүретін трансакция.

Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірімен қайшылас келеді.



3. Бүркемелі жүретін трансакция.

Шиеленіс анық көрініс бермеседе, ішкі мазмұны бір-бірін қайшылас болып келеді.

Қарым-қатынастың позитивті аяқталуына паралелль трансакциялар ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда ұрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқгалуына алып келеді, нэтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

3) Ойындарды талдау.

Трансактік талдау-стандартты хабарларда қайта-қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникацияның комплекті, стереотипті (жүріс-тұрыс стереотиптері) тізбектерін зерттеу. Осындай жүріс-тұрыс стереотиптеріне ойындар негізгі орын алады. Ойындар бұл трансакцияның стандарты тізбектері болып табылады. Осындай трансакцияларға фон болып психологиялық факторлар табылады. Ойындар спонтандық, ашық қарым-қатынасқа қарсы қойылады.

Ойындар белгілі «сый алу» үшін жүзеге асырылады: зорланушылықты алып тастау (шығарып жіберу), уақытты құру (реттеу) және т.с.с.

Трансакциялық талдау барасында ойынның үш түрі (типі) қолданылады:



1. Құрбан келтіру (ымырашыл басшы өз-өзін құрбандыққа келтіргендей болып отырады).

2. Қудалаушы (авторитарлы басшыға тән).

3. Құтқарушы (демократия жолымен басқаратын басшы). Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланылады. Трансакцияны ұйымдастыру барысында ойын арқылы уақытта реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану барысында әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргенін жан-жақты талдайды.

Шектелу (шет жүрушілік) қарым-қатынас қатысушыларының трансакциялармен алмасудан бас тартуын білдіреді.

Ритуал жағдайда өткізу уақытының реті қолданылатын әдеттермен толық болжамдалған. Қарым-қатынас қатысушыларының барлығы алдын-ала кім не істейтінін біледі.

Іс-әрекет-қоршаған дүниенің объектілеріне мақсатталған әрекеттер көмегімен уақытты және келтіру тәсілі болып табылады. Бұған іскерлік кездесулерді, ыдысты жуу, сабақ жүргізу, кітап жазу, емтиханға дайындалу және т.с.с.

Ермекпен уақыт өткізу тәсілі.

Э. Берннің айтуынша: «тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға даяр болады. Олар трансакциялар мен жартылай ритуалды алмасуды білдіреді. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

Ойын арқылы уақытты реттеу тәсілі. Әр адам өз уақытын тиімді пайдалану қажет.

Жақындасу бұл уақытты өткізудің алғашқы 5 тәсілімен бас тарту. Партнерлер «Мен-жақсы», «Сен-жақсы» деген позицияларды-ұстанады.

Трансакция барысында әр поциент өз уақытын 3 фактор бойынша программалап реттеуге үйренуі қажет:

1. Материалды факторлар.

2. Әлеуметтік факторлар.

3. Жекелік факторлар.

Ойындар трансакциясының өте кең және күрделі ансамбльдердің бөлшегі болып табылады. Оларды сценарийлер деп атайды.

4) Сценарийлерді талдау

Сценарийлерді талдау бұл өмірді қалай сүру қажеттігі жайлы ерте санасыз шешімдерін табу эдісі. Трансакцияның бұл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-тұрысты зерттеу болып табылады. Бұл жерде әрекетсіздікті емес, шешім қабылдаудан қашу деп түйкіленеді.



Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модальдығы өмірге деген позициясы әр адамның өмір сценарийімен байланысты. Сондықтан трансакция барысында әр поциент өмір сценарийі талданады. Адам өмірі трансакциялық талдау бойынша бірнеше кезеңге бөлінеді. Әр жас кезеңі өмір сценарийына өз үлесін қосады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып адамның өмірінде күрделі жаңалықтардың болатын кезеңдерін жалпы жатырқаушылық кезеңдер деп белгілеуге болады деген. Осы жатырқаушылықтар жаңа өмір нышаны жасуша ретінде пайда болғанда, туылғанда, қарым-қатынас басталғанда және әлеуметтік ортаның бір мүшесі болғанда орын алады. Оны келесі суретпен көрсетуге болады.

Осы кезендерде адамдардың мінез-құлық, оның позициясы өзгере береді. Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар және сол адамды қоршаған үлкендер программалап қойған.

Позиция-бұл қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасына қалыптасатын, интегралды екі аспектіні нұсқау болып табылады.

Жеке адам позициясы сол программа бойынша құрылады. Қалыптасатын көзқарас екі аспектіден тұрады.

• Объективтік болмысқа көзқарасы.

• Өзі-өзіне көзқарас.

Позиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дұрыс еместі екенін түсінік, басқа позицияға өту туралы шешім қабылдауы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай вариантта екенін көрсету қажет.

Қарапайым екі жақты позициялар бұл «Мен» және «Сен» болып саналады. Олардың 2 модальдығы бар:

3. позитивті (қысқаша түрде былай белгілейміз- «+»)

4. негативті (сәйкесінше «-»).

Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4-түрлі варианттық басқа адамды қабылдау көрінісін береді:

1 Мен «-» -Сен «+».

Психологиялық түрде бұл депрессивті позиция, ол әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Профессионалды өмірде көбінесе бұл позиция әртүрлі адамның олардың алдында саналы түрде кемісінуіне түрткі болады.

2. Мен «-»-Сен «-».

Үмітсіздікке, болашақтан жақслықта күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңдеуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді. Бұл үмітсіз позициясы болып табылады.

3. Мен «+»- Сен «-».

Басымдық сезім туғызады, өзін ортақ санап, ешкімді менсінбейді, мен-мен болып кетеді. Бұл позиция біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді. Бұл артықшылық позициясы болып саналады. Бұл позиция көбінесе орта жеке адамдарға тән.



4. Мен «+» -Сен «+».

Бұл өмірлік позиция ерте балалық шақта санасыз деңгейде қалыптасады. Үлкен табыстыққа алып келеді. Бұл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлұматтар бейнеленеді. Бұл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар дені сау адамның позициялары болып саналады. Қорыта келе трансакциядан мыналар көрінеді:

• әрбір адам келіп жатқан мағлұматты 3 канал бойынша, яғни ДР және В қабылдайды және әсерленеді;

• эмоционалды канал (Д)-өте тез әсер ететін канал. Бірінші каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш-жігерді талап етеді;

• параллель бағытталған мағлұматпен өзара алмасулар көп жағдайда гармониялығын дәлелдейді;

• қайшылас трансакциялар шиеленісушілікке алап келеді;

• жауап реакциясы шығып жатқан сигналдарға байланысты. Әңгімелесушімен қабыл алынған бүркемелі трансакциялар дай-дамаймен бітуге мүмкін беретін жосықсыз қарым-қатынасқа алып келеді;

Трансактік талдау барысында зерттеушінің қарым-қатынас мәдениетіне сол адамның жан-дүниесіндегі үш негіз: «ата-аналық Мен», «үлкендік Мен» және «балалық Мен» әсерлерін анықтау арқылы олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адам өзімен-өзі гармонияда болу жолдарын тауып беру ерекшеліктері көрсетілген. Трансакция элементтерін мектеп психологі оқушылардың қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийінде, қарым-қатынас моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануға болады. Трансакциялық талдаудың технологиясының қиындығына және бұл тәсілді оқушылармен жеке дара жүргізу қажеттілігіне байланысты мектепте қолдана алмадық. Бірақ кейінгі жүмыстарымызда бұл талдауды кеңінен қолдану қажет екендігш анық байқадық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет