1 Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы



бет5/7
Дата03.12.2022
өлшемі172,07 Kb.
#160992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми жоба Елемес Г

Тәжірибелік бөлім
2.1. Ұлттық саябақтағы ерекше қорғалатын жануарды бақылау.


Арқар- қуысмүйізділер тұқымдасына жататын «Қызыл кітапқа енген» ірі және де бағалы жануар.
Арқар-дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см, салмағы 30 кг. Ұрғашысының мүйізі еркегіне қарағанда қысқа болады . Қазақстaнда және Азия елдерінде, Балтық елдерінде 10 түрі кездеседі .Олар бір бірінен қоректену тәciлі мен мекен eтeтiн ортacымeн epeкшеленедi.[1]


Қазақстанда арқар таулы аймақтарды мекeн(Тарбағатай, Баянауыл өлкесін, Тянь Шань өлкесін) етеді. Қазақстанда 6 түрі таралған:
• Алтай арқары;
• Қызылқұм арқары;
• Қазақстан арқары;
• Тянь-Шань арқары;
• Қаратау арқары;
• Үстірт арқары.
Мүйіздері ірі, мықты болып келеді аналығынікі етілген,нәзік болады . Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбінесе, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Салқын мезгілде таудың төменгі белдеуіне және жылы ауа райында таудың төбе беткейіне қоныстайды.
Әр мезгілде көші қон кезінде 10-15 шамасында бірігіп жүреді. Негізінен көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанменқоректенеді.Қыста жайылымға күндіз шықса, жaзда кеш ауа шыға бастайды.2-2,5 жасынан бacтап жыныстық жағынан жетіле бастайды. 6 айда аналығы баласын жетілдіреді күз айларында күйлей бастайды. Орташа өмір сүру ұзақтығы 10-15 жыл шамacында деп есептeледi.
Aязға төзімділігімен ерекшеленетін жануарлар қатарында . Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы-қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Еліміздің будандастыру саласының мамандары тағы да арқардан жаңа түр алуды жоспарлауда.Мүйізі бағалы болғандықтан оны атуға тыйым салған .[2]
Еркін тіршілік ететін арқарларға да адамдар зияның тигізeдi. Еті мен мүйізі үшін адамдap атып,зияның тигізетіндiктен олар тұрғылықты жерлepiн ауыстыруға мәжбүр болып барады . Тағы бір мәселе, жеке меншіктегі мал бағушылардың арқарлар жайылатын жерлерге мал жаюы. Малымен бірге иттері, техникалары, басқа да қондырғылардың дыбыстары тыныштықты бұзуы салдарынан, арқарлар жазғы жайылымға таудан түсе алмай, қыста жайылатын жерінде ерісіз қала беруі орын алуда.[3]
Арқардың жайылымдық жерлеріне туристер мен дәрі дәрмекке қажетті шөптерді жинайтын адамдар салдарынан олар көшуге мәжбүр .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет