1 Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы



бет2/7
Дата03.12.2022
өлшемі172,07 Kb.
#160992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми жоба Елемес Г

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында мекен ететін жануарлар дүниесінің биологиялық ерекшелігімен, тарихымен танысу.
Жұмыстың міндеттері:
1.Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында кездесетін жануарлардың ерекшелігін зерттеу.
2.Саябақта мекен ететін жануарлардың түр-сипатын, отрядын анықтау.
3.Саябақта мекендейтін құстар түрлерін қарастыру.
Зерттеу нысаны: Табиғат, климат, жануарлар, өсімдіктер дүниесі.
Зерттеу әдісі: Салыстыру, анықтау, талдау, зерттеу.

І Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы


1.1. Баянауыл мемлекеттік саябағының тарихы мен табиғаты

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985ж 12 тамыздағы «Павлодар облысында Баянауыл ұлттық табиғи саябағын құру туралы» №276 қаулысымен құрылды. Мемлекеттік саябақ Қазақстанның Сарыарқасының орманды кең жазиралы даласында орналасқан. Оның жалпы көлемі 50 688 га, соның ішінде ну орманды алқап 18 241 га. Мемлекеттік Ұлттық саябақтың аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл (19 188 га), Жасыбай (22 904 га) және Далба (8596 га).


Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған тау тәрізді жартастар («Найзатас», «Кемпіртас», «Көгершін», «Атбасы», т.б.) саябақ табиғатына ерекше әдемі көрік береді. Өсімдіктері мен жануарлары да алуан түрлі ерекше түрлері де?, сирек кездесетін түрлері де жетерлік. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, т.б.), сондай-ақ Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жабысқақ, қандыағаш, көктем жанаргүлі тәрізді өсімдіктер де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі т.б.) мекендесе, құстардың 143-ден астам түрлері (шіл, бүркіт, қаз, аққу) ұялайды. Аққу, арқар, бүркіт Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, т.б.)бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Туристерге мен саябаққа тынығуға келген адамдарға да кіруге тыйым салынған жер ол – қорықтық бөлімі. Онда тіпті шаруашылық жұмыстар да жүргізілмейді. Қорықшалық белдемде шаруашылық ъжұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ретінде табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты, нәтижелі пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңыздылығы зор.
Еліміздің солтүстігінде әсем табиғатқа толы мекені , халқымыздың мақтанышы Бурабай opналacқан. Бурабайдың оңтүстігінде Щучинск орналасқан. Бурабайдың ең биік нүктесі Оқжетпес деп аталады. 
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы-Баянауыл ауданының орталығында орналасқан. Солтүстігінде Торайғыр ауылдық округінің, оңтүстік-шығысында Ақсан ауылдық округінің, оңтүстік-батысында Құндыкөл ауылдық округінің территориясымен шектеседі. [5]
Баянауыл таулары Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан-шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 600-1000 м, ең биік жері-Ақбет тауы (1027 м).
Негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген үш бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы-1027 м, Өгелен тауы-969 м, Шибет тауы-728 м, Сарытау-747 м Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы-685 м. Қaлған тaулы шоқылaры 300-500м болaды.
Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320 м дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың, терек, қанды-қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы.
Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті. «Кемпіртас» жартастар арасындағы ерекше түрі Баянауылдың сәнін келтіріп тұр. Одан басқа таңқаларлық жартастарға «Құсайын Найзатасы», «Көгершін», «Ат басы», «Сәкен шыңы» (Пик Смелых) және т.б.кездеседі. [4]
Еліміздегі алғашқы саябақ болып eсептeледі.Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі саябақтың құрылуына негіз болып табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет