1 Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы


Саябақта мекендейтін жануарлардың түрлері



бет3/7
Дата03.12.2022
өлшемі172,07 Kb.
#160992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми жоба Елемес Г

1.2.Саябақта мекендейтін жануарлардың түрлері

Баянауыл саябағында мекендейтін жалпы жануар түрлері

Жалпы саны

Биологиялық ерекшеліктері

Сүтқоректілер клaсы

48

Жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі дүниеге әкеліп, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады.

Қосмекенділер клacы

2

Хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән мофрология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады.

Бауырымен жорғалаушылар клacы

7

Жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады.

Құстар клacы

10

Омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Жылықанды жануарлар. Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.

Жалпы ұя салатын құстар

67

Құстардың барлығы жұмыртқа салады.

Қызыл кітапқа енген құстар

12

Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Жәндіктер

87

Буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Екі класс тармағына бөлінеді: қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының жануарлар дүниесін, сүтқоректілердің 48 түрі құрайды, олар 5 отрядқа жатады. Жәндікжегіштер отрядына 5 түр, жыртқыштар отрядына 9 түр, қостұяқтылар отрядына 3 түр жатады. Негізгі түрі Қазақстанның тау қойы-арқар.

Ол Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Елік және Бұғы өте сирек кездесетін жануарлар қатарында және тек маусымдық көшіп қону кезінде ғана кездестіруге болады. [4]


Кеміргіштердің 3 түрі, қолқанаттылар көп мөлшерде көрсетілген 23 түрі бар және қоянтектес 4 түр бар.



Ландшафтардың біркелкі болуына және өсімдіктер қауымдастығының кедейлігіне, ұлттық саябақ герпетофаунасын кеңейтуге байланысты 9 түр берілген. Қосмекенділердің 2 және де бауырмен жорғалаушылардың 7 түрін осы саябақ жерінен кездестіруге болады.
С .Торайғыров атындағы ПМУ-нің есептік мәліметтері бойынша жәндіктердің 87 түрі (жәндіктер класы), су омыртқасыздарының 10 түрі (қарын аяқты молюскалар класы) жатады. Жәндіктердің 69 түрі жергілікті басты түрге, қарапайым аз және 18 сирек түрге жатады. 9 отряд 37 тұқымдас және 67 түрді жәндіктердің алуан түрлері құрайды.[9]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет