1 Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы


Баянауыл саябағында тіршілік ететін құстардың ерекшеліктері



бет4/7
Дата03.12.2022
өлшемі172,07 Kb.
#160992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми жоба Елемес Г

1.3. Баянауыл саябағында тіршілік ететін құстардың ерекшеліктері.
Ителгі-сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.
Ителгі Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Сарыарқа мен Маңғыстау нағыз ителгінің мекені десе де болады. Баянауылдың, Ерейментаудың, Қызыларайдың, Қарқаралының, Көкшетаудың қия тасты, қалың қарағайлы таулары ителгінің негізгі мекені болып табылады. Шәулісінің қанатының ұзындығы 34-39 см, салмағы 730-800 г, ұябасарының қанаты 37-41 см, салмағы 1000-1300 г.[2]
Елімізде 5 түр тармағы кездеседі . Дегенмен олар мекен ететін ортасы мен климатына байланысты әр түрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі-сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры-сарғылт теңбілді болады. Ерекшелігі қанаттарын ауыр қағады, биікке ұшады. Тіпті өте биікке ұшып, ұзақ уақыт қалықтап тұра алады. Негізінен, наурыздың аяғы-мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3-5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 2 айдан аса уақытта жетіліп, қанат қаға бастайды . Әр жұп орта есеппен алғанда 2 ғана балапан шығарады. Ителгінің негізгі қорегі ұсақ дегенді құстар, майда саршұнақтар, кейде тіпті бауырмен жорғалаушылардың біраз түрімен де қоректене береді. Жемтік таппаған жағдайда шегіртке мен қоңызды да қорек етеді.
Бақалтақ қыран-сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Бақалтақ қыранның екінші атауы «ергежейлі қыран» деп те аталады . Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран қауырсындарының түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының төменгі бөлігі көгілдір түсте, ал ұшы қара болып келеді .[8]
Үкі- жыл құсы. Көктемнің алғашқы айларында келіп, қайтуы күздің соныңа дейін созылып жатады. Ұясын көпшілік жағдайда жалпақ жапырақты ағаштарға, сирек-қылқан жапырақтыларға, өте сирек жартастарға салады. Ұясы кішірек 2-3 жұмыртқа болады және ұясын 35-40 күн аралығында ұябасары басады . 1 ғана балапан аман қалып дамиды , 2 айдың көлемінде ұшып қалықтай бастайды. Үкі жыртқыш болғандықтан аңлардың кей түрлерімен құстармен де қоректенеді,қалықтап ұшып жүріп жемтігін дәлдеп, оны жоғарыдан тарпа бас салады. Ұсақ бауырмен жорғалаушылармен де қоректене береді.Ұя маңында жиі әдемі ұшу мәнерлерін көрсетеді. [7]
Ұсақ кемірушілермен және ұсақ құстaрмен қоректенеді . Халық үкіні киелі деп санайды. Қызыл кітапқа енген саны шектеулі құс.Қазақстанның тayлы және ормaнды шөлді аймақтарындa мекен eтeді. Нaқты сaнының қанша екенін білмейді . Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, қауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы-оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек.
Үкінің жалпы дене ұзындығы 50-70см аралығы болса, қанатын жайғандағы ұзындығы 2 метр шамасында болады. Салмағы орта есеппен 3 келіге жетеді. Мекиендері мен қораздарының қауырсындарының түсті болып, ондағы көлденең және ұзына бойы орналасқан ұсақ өрнекті дақтар араб әріптеріне ұқсас болып келетіндіктен діндар адамдар үкі қауырсындарында құран сүрелері жазылған деген наным-сенімдерді алға тартады .Халқымыз киелі құс дeп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет