Әскер мәселесі. Кеңес енді әскер санын 20 мыңға жеткізуді жөн деп тапты. Және бұл әскердің 5 мыңы қысы-жазы хан ордасы маңында болады. Әр жүзбасы, мыңбасы өздерінің қарамағындағы әскерін осы жаздан бастап орыс әскерлерінің тәртібімен соғысу әдістерін үйретеді. Жүзбасылардан төменгі жауынгерлер кеудесіне үш қатар жасыл жуан жіп іліп, иығына тілдей жіңішке жасыл шүберек тағатын болады. Жүзбасылардан бастап одан жоғарғылары мұндай белгіні қызыл шұғадан етеді. Ал ең жоғарғы қолбасшы Кенесарының өзі үстіне көгілдір шапан киіп, иығына орыс полковнигінің эполетін тағады. Бұлардан бөтен жеке мың адамнан мергендер тобы құрылсын делінді. Оған мыңбасы етіп Байтабын белгіленді. Тәртіп бұзушыларға Кенесары «шық» деп аталатын жаңа жазаны қолдануға рұқсат етілді. «Шық» тәртіп бұзған адамның бетіне қылышпен, не найзамен белгі салу. Мұндай белгісі бар жауынгер өз айыбын ерлікпен немесе адалдығымен ғана жуады. 2 рет «шық» белгісі салынған адам — билер сотына түседі, малмен, не басқа ауыр шарамен жазаланады. 3 рет «шық» белгісін алған адам, Кенесары тобынан қуылады, ал жазығы ауыр болса, өлім жазасына бұйырылады
қалың әскер жинаумен байланысты оны жабдықтау мәселесі. Кеңес бір ауыздан хандыққа жататын елден салық алынсын деп шешті. Салық 2 түрлі болсын делінді. 1- мал салығы «зекет». 2- «егін салығы «үшір». Зекеттің мөлшері: қырық қараға дейін салық салынбасын, қырықтан жүзге дейін малы бар адам бір қара, ал жүзден артық малы бар адам, жүзден артық әр қырық қарасынан бір бас беретін болды. Ал «үшір» салығы жайында, осыншама әскерді асырау үшін әр егіншінің жылда алатын бидайының оннан бірін хандықтың қоймасына құйылсын деп шешті жиналғандар. Зекет, үшір бұдан былай қарай әр ауылдан, әр рудан Кенесары өзі белгілеген жасауыл арқылы жиналсын делінді.
-Қазақтардың егін егуіне Перовский де, одан бұрынғы Орынбор әск губ граф Сухателен де қарсы болып, Екеуі де қазақтың тек мал шаруашылығынан аумағанын жақсы көрген. Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір-бақи мал бағып қана көшіп жүрулерін бар жан-тәніммен тілер едім», — деген пікірді мақұлдаса, ал Перовский егінді тек казак-орыстарға салдыртып, қазақтарды астықты солардан қымбат бағамен сатып алып тұруға мәжбүр етуді дұрыс көрген.