1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Жанайдарға қолданылған қазақ емдері



бет35/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Жанайдарға қолданылған қазақ емдері: үшкіру, ұшықтау, ісіктен қан жіберу, ақ жол. «Ақ жол» емі төре тұқымының әйел жыныстысын бозбалашылықтан, ерлерінің көзіне шөп салушылықтан сақтау үшін Абылайдың өзі шығарған ем болатын. Бұл ем бойынша сұлтан тұқымынан шыққан әйел жаралы адамның үстінен аттап өтеді. Егер әйел ерінің көзіне шөп салмаған адал жан болса, жаралы жазылады.
Қоңырқұлжаның жас тоқалының бозбалашылық қылығы жайынан біраз жұрт хабардар еді. Бірақ көздерімен көріп, қолдарымен ұстамағаннан кейін «ел не айтпайды, мүмкін өсек шығар», — деп үндемеді. Ал Зейнеп болса қара кемпірдің сөзін ойыншық көріп, Жанайдардың аяғынан аттайды. Басқа емшінің емі көмектесе бастаған, Жанайдар сауыға бастаған кезі еді. Бұған разы болған Кенесары Зейнепті бостандыққа жібермек боп, бір тілегіңді айт дегенде, Зейнеп өзін Қараүлекпен қосуды сұрайды. Төре қызының қарашы, төлеңгіт түгілі құлға қосуын сұрағанына намыстанса да, Кенесары рұқсатын берді. Рахметі ретінде Зейнеп Ожар жіберген Сәмен, Жақып, Сақыпты ұстап береді. Кенесары оларды дарға асты. Ал Қараүлектің Кенесарыға қандай берілген құл екенін білмеген Зейнеп, өзі сұрап тиген Қараүлектің қолынан қаза табады.
войсковой старшина Лебедев басқарған 500 солдат мамырдың 5і күні Ор қаласынан шығып, Камышовка бекінісіне беттеуге тиісті. Одан кейін Ырғыз өз төменгі сағасымен жүріп отырып, мамырдың 20сында Кенесары ауылдарының жайлауы Торғай өз жағасына жетуі керек. Ал Тобыл бойына жиналған Ахмет сұлтанның жасағы Қабырға, Үлкенаяқ өз бойымен түсіп, Тайпақ өткелінен өтіп, мамырдың осы 20сы күні войсковой старшина Лебедевтің әскеріне қосылуға міндетті еді.
Батыс Сібір губернаторы жағынан да 2 жасақ құрылды. Бірі — есауыл Лебедев басқарған екі зеңбірегі бар 250 жауынгер. Екіншісі — сотник Фалилеев басқарған бір зеңбіректі 150 солдат.
Осы әскерлердің бәрінің біріге қимылдауын басқару генерал-майор Жемчужниковке тапсырылды. Кенесары Жау әскері өткен жерлерден өз тыңшылары арқылы ол Лебедев пен Ахметтің бет-бағдарын күні бұрын біліп алды. Егер Орынбор мен Батыс Сібір жасақтары Торғай өңірінде ұшырасса, өзі қақпанға түсетінін ұқты. «Кенесары кейін шегініп кетіпті» деген жалған сыбыс таратып, Лебедев пен Ахметті алдады. Ал Ұлытаудағы Жемчужниковке «Кенесары Ұлытауға келе жатыр екен» деген өтірік хабар жеткізді. Келе жатқан Кенесарыны Ұлытауда қарсы алмақ боп Жемчужников есауыл Лебедевке Торғайға емес, Ұлытауға қарай беттеуін бұйырды. Сөйтіп генерал-майор Жемчужниковтың айтуымен Лебедев дер кезінде Торғайға жете алмай қалды.
патша үкіметінің Кенесарыға қарсы 1844 яғни, қазақша Ұлу жылғы генерал-майор Жемчужников басқарған аттанысы да ешбір нәтижесіз бітті
Эпилог
Қазақ жерінде не көп мола көп. Мына біреулерді мола деуге де, құлпытас деуге де, серете деуге де келеді. Қазақ көбіне мұндайды оба дейді. Бұл тастан қашап істеген мүсін. Шомбалдай тас дененің көбі әйелге ұқсас. Кейбіреуінің алақанында кеуде тұсына дейін көтерген кесе-ыдыс, кейісінің қолында келте жуан таяқ тәрізді қару. Түрлері монғол кейіптес, кейісінің жуан мұрты салбыраған.
Осындай бір төбе басындағы молалардың басында Кенесары, Таймас, Әбілғазы отыр.
Қасым хан дәуірінен бастап қазақ жерінде таққа отырудың өзінің ерекше дәстүрі болған. Тақта отырған ханның оң жағындағы адамды Маймене(Таймас арғын руынан болғандықтан), сол жағындағыны Майсара(Әбілғазы нағашы жағынан қыпшақ болғандықтан) деп атаған. Маймене мен Майсара ең беделді рулардан, ханның оң қолы мен сол қолы тәрізді сенімді адамдардан сайланған. Қасым ханнан бастап Абылайға дейін қазақ хандарының Маймене орнына арғын, Майсара орнына Қыпшақтан шыққан беделді би, бекзадалары отырып келген.
Кенесары хан болғаннан бері, тек Абылайдың ала туын өзінің жасыл туына айырбастағаны болмаса, көбіне ата дәстүрін берік ұстауға тырысқан
биылғы жылдың ортасында генерал Обручевпен жүргізілген келісім бойынша тұтқындар айырбасталып, Күнімжан балаларымен үш жылға таяу Орынборда болып, осыдан екі ай бұрын сау-саламат қайтып келген.
Былтыр Байтабын батыр өлгенде де, ел арасын татуластырудың шешені әлім Ягудин мен бүкіл кеңсе жұмысын, алым-салық істерін басқарып жүрген Оспанұлы Сидақ Қожа қолға түскенде де үш-ақ күн қайғырған
бұрынғы Елек өз бойына көшіп барған руын иесіз тастамайын деп, жаз басында Жоламан батыр хан қасынан көшіп кеткен
Жүсіп із-түссіз жоғалып кеткен.
Бесонтиін деп қазақтар Сібір казактарының басқармасы бастығы, заты поляк, генерал-майор Вишневскийді айтатын
Кенесары түсі: Біз, қалың қазақ осы арадан босып Балқаш барып, Қамал аралында қыс өткізіп, одан Меркені алған екенбіз. Қырғыздың манаптары Сарбағыш Орман мен Жантайға: «Ағайынды екі жұрт бірігіп, Қоқан ханын жойып, жеке ел болайық», — деп хат жазыппын. Орман өзі хан болғысы келеді екен, ол «сен маған бағын, сөйтсең бірігуім мүмкін, әйтпесе өзіңді ұстап берем. Сенің басыңа Бесонтиін үш мың сом күміс ақша мен алтын медаль бергелі тұр», — дейді. Мен не дегенімді білмеймін, осы арада шым-шытырық бірдемелер басталды. Қалиғұл манап келіп, өзара татуласып, бір-бірімізге тимейтін болып бітім істеген тәріздіміз, бірақ ол бітімді, менің басымды сатып шен алмақ болған манаптар уәдесін бұза ма, келісім сұрап барған Саурық батырды өлтіріп, Күнімжанның інісі мен Жанасты қолға түсіріп, көп төлеу сұрай ма, қалай, әйтеуір біз олармен соғысуға бел байлаппыз...
Қырғызға бірге аттанған Сыпатай батыр мен Рүстем төре бізді тастап кетіп барады.
Нысанбайдың жоқтауы бітер-бітпестен, Орман мен Жанай Қоқан ханына достықтың белгісі етіп, екі арбаға тиеп көз алдымда сарбаздарымның бастарын ала жөнелді. Ішінде Наурызбай қалқамның, Құдайменді, Жеке батыр, тағы осы айқаста қаза болған 2 балам мен 15 сұлтанның бастары бар... Бар басты Қоқан ханы «қырғыз манаптары Кенесарыдан қалай өшін алып бергенін көрсін», — деп Ташкент базарының дәл ортасына ағашқа кигізіп іліп қойды. Ал өз басымды Қалиғұл манап қоржынға салып, Үйсін, Дулат рулары да заты қазақ қой, бүлік шығарып жүрер деп, Жасыл көлдің сыртымен орағытып, Жаркент арқылы Қапалдағы Бесонтиінға алып келді.
Мұны көре алмаған себебім менің басымды Аякөз, Семей арқылы Омбыға ала жөнелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет