1 Бөлім Туризм дамуының теориялық аспектілері. 1 Туризм ұғымы және мәні


Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік –экономикалық факторлар



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,67 Mb.
#36751
1   2   3
1.3. Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік –экономикалық факторлар.

Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.

Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:


  • нақты табыстың өсуі;

  • табыстың тең бөлінуі;

  • валютаның тұрақтылығы;

  • тиімді конъюктуралық жағдай.

Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:

  • экономикадағы дағдарыс құбылыстары;

  • өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау);

  • валютаның тұрақсыз болуы;

  • тиімсіз конъюктуралық жағдай.

Елдің экономикалық дамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады

Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді.

Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.

Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.

Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.

Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.

“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.

Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .

Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.

Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.

“Үш S” (Sea – Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.Туристік сұраныс көпшілікті және әлеуметтік категория. Ол көптеген оң не теріс нәтиже беретін факторлар әсеріне тәуелді болып келеді. Ең маңыздыларының қатарына жалпы экономикалық факторлар жатады:

-тұтынушының материалдық әл-ауқаты;

-жұмыспен қамтылған халықтың еңбек және бос уақытының қатынасы.

әлеуметтік-демографиялық факторлар:

-жасы;


-жынысы;

-кәсібі;


-білімі;

-әлеуметтік тобы;

-жанұялық жағдай;

-мүліктік жағдайы;

-жанұя құрамы;

-тұратын аймағы;

-қала/ауылды мекен;

-кәсібі.


Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық . Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.

Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.

Тұрғындардың табыс деңгейі немесе қоғамдық байлықтың өсуі. Соғыстан кейінгі жылдары дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс артты: мысалы, ФГМ –де 4500 маркадан 1950 жылы, 19500 маркаға 1987жылы өзгерді. Осы кезде тамақтану мен байлық заттарына шығын азайып, туризмға шығын үлесі артты.

Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташа статистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек интенсивтілігі артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді.



2-тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.

2.1. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.

Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

ДТҰ – ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм Ұзиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:

1.Іле (Алматы қ., Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).

2.Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).

3.Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

4.Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с.).

5.Солтүстік Жоңғар (Достық с.,Алакөл көлінің маңы, Лепсі с., Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты)

6.Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы)

7.Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуілдір с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с.).

8.Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с.).

9.Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Беріл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).

10.Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).

Бұдан басқа , басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): “Іле Алатауы” МҰТП, “Алтын Емел” МҰТП (Алматы облысы), “Ақсу-Жабағылы” МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), “Баянауыл” МҰТП (Павлодар), “Қарқаралы” МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы “Бурабай” және “Көкшетау” МҰТП, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.Орталық Азия аймағында туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі, Қырғызстан; Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.

Қазақстандық өнім орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылса, жетістікке жетеді. Осыдан төмендегідей қортынды шығарамыз.

Біріншіден , турөнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі тиіс.

Екіншіден, біздің турөнім көршілеріміздің турөнімдерінен кем болмауы керек. Оның бірден бір шарты- баға мен сапаның қатынасында.

БУРАБАЙ-Дискета «Формат»!!!
2.2. Қазақстан Республикасында туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары.

Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы – туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде.

Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғаюына әкеліп соқпақ.

Еліміздегі туризмның қазіргі халі мәз емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан әзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас, сұлу табиғат жағдайларына бай жеріміз дүйім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түсіруі әбден мүмкін.

2004 жылғы және 2005 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалықдамуын қысқаша қортындылары мынадай.

Қазақстанда 2004 жылдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 5.542,5 млрд теңгені құрады. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2003 жылмен салыстырғанда 109,4 % болды.

ЖІӨ-нің 9,4%-ға өсуі экономиканың барлық салаларындағы нақты көлемнің өсуіне байланысты болып отыр: өнеркәсіпте -10 ,ауыл шаруашылығында – 0,1 %, құрылыста – 11,2% , көлік және байланыста – 12,2%, саудада – 10,4% және басқа қызметтерде – 10,4% құрады.

2004 жылы дефлятор- индекс жалпы экономика бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 109,9% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде – 116,2% , қызмет көрсетуде – 115,6% жетті.

2004 жылы ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 44,9% және 50,7% құрады. ЖІӨ құрылымында негізгі үлесті (31,1%) өнеркәсіп алады.

Сыртқы сауда айналымы. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының ұйымдаспаған сауда есебінсіз деректері бойынша 2004 жылы 32877,5 млн . АҚШ долларын құрады және өткен жылмен салыстырғанда 54% –ға өсті, соның ішінде экспорт - 20096,2 млн. АҚШ долларын құрап, 56 % –ға өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ақылы қызмет көрсету саласының бағасы мен тарифтері 1%-ға , 2004 жылдың қаңтарында -0,2%-өға өсті. Жолаушылар көлігіндегі жол ақысы 2,3% –ға көтерілді (темір жол көлігінде-7,8% –ға, автомобиль көлігінде -1,1%-ға ,әуе көлігінде – 0,8% –ға). Тұрғын үй-коммуналдық саласында 2004 жылдың қаңтарында олардың 0,1 -ытөмендеуіне қарағанда, бағаның өсуі өткен айда 1 құрады (газбен жабдықтау-2, сумен жабдықтау және тұрғын үйді ұстау – 0,9-1 ). Сондай-ақ , халықтың табысы ең төмен топтарына арналған тұтыну бағаларының индексі 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,9, табысы ең көп топтарына -100,7 құрады

Ағымдағы жылдың қаңтарында экономиканың тұтыну секторында баға өсімінің қарқыны, дефляция байқалған өнеркәсіптегі олардың өзгерістерінен едәуір асып түсті.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. 2004 жылы )алдын-ала деректер бойынша) республика эканомикасында 7,2 млн адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл өткен жылғыдан 180,7 мың адамға немесе 2,6 %- ға өсті . Жұмыспен қамтылған халық санында еркектер 3,7 млн адамды (51.8%), әйелдер – 3,5 млн адамды (48,2%) құрады.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында соңғы жылдары жалданып жұмыс істеушілер басым болып отыр, 2004 жылы олардың саны 4,5 млн адамға жетті (барлық жұмыспен қамтылғандардың 62,2% ).

Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жұмыспен қамтылған (олардың жалпы санынан 68%). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың арасында жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен қамтылғандар құрайды - 55% (1,7 млн адам).

2004 жылықызмет көрсету саласында 3,7 млн адам жұмыс істеді (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 49,1 %), бұл өткен жылғыдан 181,3 мыңға көп, өнеркәсіпте – тиісінше 1,3 млн адам (17,5 %), 72 мың адамға. Ауыл және балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар – 2,3 млн адам (33,4 %), бұл 72,6 мың адамға аз.

Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 2004 жылы 657,4 мың адамды құрады. Бір жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыздық пункке қысқарды және 8,4 % құрады. Жұмыссыздардың жалпы санынан қалалық жерде 415,9 мың адам тіркелген , онда жұмыссыздық деңгейі 9,4 % құрады, ауылдық жерде – тиісінше 241,5 мың адам және 7,1 %.

Жұмыссыздардың жалпы санының кемуі барысында олардың құрылымындағы әйелдер мен жастар (15-24 жастағы) басымдылығын сақтап қалған. 2004 жылы жұмыссыз әйелдер саны 376,9 мың адамды (барлық жұмыссыздар санынан 57,3 %), жастар – 191,1 мың адамды (29,1 %) құрады. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық 9,8 %, жастар арасындағы – 14,3 % құрады.

Жұмыссыздар арасында 1 айдан 6 айға дейін жұмысы болмағандар саны 144 мың адамды (22,6 %), 6 айдан 12 айға дейін- 83,5 мың адамды (13,1 %) құрады, ал 257,7 мың адам (40,3 %) бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеген . Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – 5,4 %.

Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 2005 жылғы қаңтардың соңына 120,1 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 26,5 мың адамға немесе 18 %–ға кем. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі (75 мың адам) - әйелдер, 49,1 мың адам – ауыл тұрғындары. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі аталған кезеңде 1,5 % құрады (2004 жылғы қаңтарда – 1,9% ).

Ақшалай табыстар. 2004 жылдың халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 152932 теңгені құрады., ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,0 % - ға жоғары. Осы кезеңдегі нақты ақшалай табыс 13,2 % - ға өсті.



Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша), айына орта есеппен жан басына шаққандағы.

Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек жайды. Олар сан алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады. Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шоп-туризм арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшердеимпортталуы байқалуда жәнебазардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне көз жүгіртсек, оның өте баяу дамып келе жатқанын көреміз.

Жалпы туристік ағынның 69,2 %-і шығу туризмі де, 11 % –і кіру туризмі, ал 19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет елдердің үлес-салмағы үстем (96,1 %), ТМД – ға 3,9 % ғана. Кіру туризмінде де ТМД – дан келушілер 26,2 % қана.

Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95 % болса, кіру мен ішкі туризмге 3,5 % пен 1,5 % сәйкес келеді. Осы мәліметтерді қорытындылар болсақ, алыс шет жақтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес және өз азаматтарымыздың келуі мен республика ішінде қозғалысы айтарлықтай пайда әкелмейді.

Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда балансының теріс сальдосын көрсетуде.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (БТҰ) анықтауынша,елдер ең алдымен туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушы болып екіге бөлінеді. Қазақстан осының алғашқы тобына жатады (2 қосымшадағы мәліметтер) . Күллі әлемде «жеткізіп беруші елдерге» жоғары дамыған, ірі өнеркәсіпәлеуетіне ие елдер кіреді. Біздің республикамыз «қабылдаушы елдер» санатына кіруі керек еді (Марокка, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың арзан тауар көздерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде «шоп-туризмның» күрт өсуі бәсеңсір емес.

Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (3 қосымша), жағдай былай боп шығады.





Резидент еместер

резиденттер

адамдар

Сатылған жолдама құны,мың

Түсім, мың тенге

адамдар

Сатылған жолдама құны,мың

Түсім, мың тенге

Қазақстан Республикасы

100


100

100

100

100

100

Солтүстік Қазақстан

3,9

1,0

4,771

11,5

10,0

5,85

Батыс Қазақстан

-

-

-

8,5

6,13

5,5

Оңтүстік Қ.

0,6

5,0

0,06

8,0

1,574

4,84

Орталық Қазақстан

2,0

-

0,2

7,3

4,2

28,0

Шығыс Қазақстан

15,0

4,6

1,7

3,8

0,3

1,7

Алматы қаласы

77,0

89,3

93,0

69,0

78,0

54,0

Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету мөлшерін қарастыра отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: резидент еместер (Қазақстан Республикасының азаматтары емес) мен резиденттердің (Қазақстан Республикасының азаматтары) көп бөлігіне Алматы қаласында қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77 һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігіАлматы қаласы үлесіне тиген, яғни резидент еместерден 93 , ал резиденттерден 54. тек аз ғана сыбағасы (28) Орталық Қазақстанэкономикалық ауданының резиденттеріне (7,3) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола облысының өзі 5,9 резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің кейінгі атбасын тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15). Осыдан ұғынарымыз, шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызды шоғырланса, өз азаматтарымыздың дені «шоп-туризмді» солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып отыр.

Қазақстанның табиғат ерекшеліктері кез-келген туристі бей-жай қалдырмайтынына біз кәміл сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді туризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып көрсету . Олар:

-республикадағы бүкіл туризм инфрақұрылымын жүйеге келтіріп, болашаққа бағыт-бағдарын анықтау қажет;

-туризм объектілеріне көлік пен коммуникация қолайлылығын жақсарту;

-қонақ үйлер , кемпингтер, мотельдердісалу барысында маусымдық ерекшеліктеріне көңіл бөлу;

-туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат жұмысын озық технологиялық әдістерді пайдалана отырып жүргізу;

-шетелдік және отандық инвестицияларды туризм саласына тартудың көзін табу.

Қазақстанда дербес және тиімді телекоммуникациялар жүйесін құру қажеттігі туып отыр. Жалпы, туризмнің өркендеуі осындай инфрақұрылым түрімен тікелей байланысты. Туризм индустриясында байланыс шапшаңдығы маңызды қызмет ретінде қарастырылады. Сол себепті ақпарат жылдамдығы әлемдік деңгейге сай келуі шарт.

Туризмде көлік байланысының рөлі орасан зор. Темір жол, автомобиль және әуе қатынасының дамуы Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін аңғартуы тиіс. Трансазиялық темір жол магистралінің негізін қалау мақсатымен, 1991 жылы Достық-Алашанькоу темір жол өткелін іске қосқан еді. Ал 1996 жылы Серахс – Мешхед темір жол аралығын енгізгеннен кейін, Ұлы Жібек жолымен жаңа үлгідегі қатынас өрлей түсетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесінде темір жол ең арзан қызмет көрсету нысаны ретінде халыққа танымал. Әсіресе ішкі туризм дамуында оның рөлі айрықша. Қазіргі таңда осы көліктіңқозғалысын үнемді пайдалану мақсатымен Жезқазған – Қызылорда ( ұзындығы 419км), Семей – Павлодар (184 км), Өскемен – Шар (143 км) тәрізді темір жол тармақтарын салу қолға алынулы. Туризм индустриясының көлік инфрақұрылымында автомобиль жолдары да өте зор маңызға ие.

Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000 километріне шаққанда 32,2 км келіп тұр. Олардың 17,4 мың шақырымы республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бұның 11,8 мың километр жолы халықаралық жағдайға жетпек.

Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде туризмнің қалыптасу кезінде басымдық бағыттардың ішінде теңіз қатынасының өрлеуі айқындалуда. Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының реконструкциясы мен кеңейтілу жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге бетбұрысы круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл тұрғыда әуе көлігі туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде туризм индустриясының ажырамас және жылдамдығы жағынан елеулі болып саналады. Туристік компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен көптеген шарт жасасып, екі жаққа да түсімнің ортақ үлесін бөліседі. Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші елдерден қашық орналасуы әуе көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығын дәлелдей түспек. Болашақта әлемдік деңгейдегі әуе порттарын республикамыздың барлық облыс орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.

Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге жеткізу болашақта тұрған күрделімәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49 % -і Еуропада орналасқан. Ресейлік қонақ үй қоры (4878 қонақ үй) Еуропаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен пансионаттардан басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында. Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысана арналған рекреациялық орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері және фирмалар, т.б қосылады.

Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы туристік қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында, шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.

Қазіргі кезде «Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» , «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы» , Қазақстан Республикасының «Туризм туралы Заңы» сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық бағыттары анықталған:

-туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның бір қалыпты өрістеуін бақылау;

-туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы объектілерді салу;

-шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен қатынас жасап, тәжірибе алмасу;

-туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

-халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру;

-ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру мақсатында пайдалану;

-туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту ойымен жұмылдыру.

Үкімет шетелдік және отандық салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға мүмкіндік береді. Барлық қабылданған бағдарлама, жоспарлар Қазақстанда туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін тигізеді деп кәміл сенімдемін.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет