39.Кіріктірілген сабақтың функцияларын көрсетіңіз
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалім білім берудің жаңа жолдарын қарастыру керек. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпарат тандырылған жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Соның бірі кіріктірілген сабақтар жүргізу. Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақ – бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандай да бір тақырыптың оқытылуы.
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі бар.
40.АКТ сабақтарындағы дидактикалық ойындардың рөлін көрсетіңіз
Бастауыш мектеп-баланы одан әрі оқыту сапасына байланысты. Бұл бастауыш сынып мұғалімдеріне ерекше жауапкершілік жүктейді. Оның міндеті баланы оқуға, жазуға үйрету ғана емес, сонымен қатар рухани негізін қалау, оның ең жақсы қасиеттерін дамыту, оқу іс-әрекетінің тәсілдерін үйрету. Әсіресе, соңғысы қазір біздің жылдам өзгеретін әлемге, ақпаратқа толы әлемге өте маңызды. Баланы ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету, оқуға үйрету.
Ақпараттық технологияларға тәуелді болатын әлемде оқушылар мен мұғалімдер онымен таныс болуы тиіс. Мұғалім, егер ол өз оқушыларына, олардың болашағына қамқорлық жасаса, оларға өмірлік қажетті жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесуі тиіс.
Бүгінгі күні АКТ-ның кең қолданылуы қайда жатыр? Ең алдымен сабақта. Бастауыш мектепті ақпараттандыру білім берудің заманауи сапасына қол жеткізу және ХХІ ғасырдағы баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |