1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру жолдарын жазыныз



бет6/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйоық., Japonya’da birleştirilmiş sınıf uygulamaları ve tarihçesi-, Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
9.Ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру жолдарын жазыныз
Ақпараттық сауаттылық – адамның ақпаратты іріктеу, таңдау, түсіну, бағалау, сақтау, жазу, қолдану және ұсыну қабілеті. Ақпараттық сауаттылықты меңгерген, сыни ойлай алуға қабілетті, ақпаратты сараптай алатын әрі қорыта алатын адамды ақпаратты сауатты деп айтуға болады. Бұл оқушыларға жеке мұраттарына, әлеуметтік және білім саласындағы мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өндеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт – бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі оқушы ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың әлемдік ақпараттық көзқарасын қалыптастыру мен қазіргі компьютерлік техниканы меңгеруді үйрету мынадай мақсаттарды белгілеп береді:
 Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға үйрету;
 Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
 Оқушыларға компьютерді оқу процесіне және кәсіби дайындыққа пайдалана білуге үйрету.
10.Ақпараттық ресурстарды атап жазыныз
Ақпараттық ресурстар — бұл оларды өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған, адамзаттың идеалары мен оларды іске асырудың нұсқаулары.
Бұл кітаптар, мақалалар, патенттер, диссертациялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық құжаттар, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелер туралы мәліметтер және т.б.
Кітап (араб كتاب‎ — жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Мақала –публицистикалық стильде белгілі бір деректерге сүйене отырып, белгілі бір тақырыпты қамтитын шығармашылық жұмыс. Мақала (орыс. Статья, ағылш. article; entry, clause) - Интернет желісінде — жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы; Мәліметтер объектілерін сипаттау формасы. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Патент — бұл патент иесінің өнертабысқа, пайдалы не өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқығын растайтын құжат. Патент сонымен қатар оның иесінің басымдылығы мен авторлығын куәландырады. Патент алудың қажеттігі жайлы мәселе неліктен туындайды? Патенттің болуы оның иеленушісіне оның зияткерлік меншігін өзге тұлғалардың кез келген рұқсат етілмеген түрде пайдалануына тыйым салу құқығын береді, яғни Сіздің шығармашылық қызметіңіздің нәтижесіне өзге тұлғалардың шағымдануларынан қорғану әдісі болып табылады.
Диссертация деген термин латын тілінен аударғанда зерттеу, ойлау деп аударылады. Диссертация ғылыми жұмыстардың бір түрі ретінде қарастырылады. Диссертацияны оқу оны бағалау үшін жасалынады. Диссертация деп ғылыми дәрежені алу үшін ғылыми кенесте автормен қорғалатын ғылыми жұмысты атайды. Диссертация - ол ерекше ғылыми және әдебиеттік-шығармашылық жанр. Оның қүрылымы автордың тұжырымдамасын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет