24.АКТ-ы курсының негізгі ұғымдарын атарын жазыныз
Әр терминнің бір саладағы басқа терминдерде нақты ғылыми анықтамасы бар.Мысалы; Кодтау - ақпаратты сақтауға немесе өңдеуге арналған арнайы ақпаратты ұсыну әдісі . Ақпарат тасымалдаушы – ақпаратты сақтауға арналған орта Жаңа технологиялардың дендеп кіруі, интернеттің дамуы, жаңа гаджеттерді пайдалануда арнайы сол саладағы жаңа терминдердің пайда болуына алып келуде. АКТ курсы мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін спиральді білім негізінде енгізілген. Дегенмен әр курстағы оқу бағдарламасы қолданылу аясына байланысты өзгеріп отырады, соған байланысты жаңа терминдер көптеп кездеседі. Мысалы «Ақылды үй», «электронды оқыту», «ассинхронды оқу», «синхронды оқу».
Ақпараттық және коммуникациялқ технологиялар терминдерін ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдарында әртүрлі қолданылып жүргенінің себебі АКТ тарихи даму жолына байланысты. Осы уақытқа дейін АКТ үлкен даму жолынан өтті. Бірінші кезең «қол» технологиясыдеп аталынады. Ол ХІХ ғ. аяғына дейінгі кезеңді қамтиды. Мұндағы қолднылатын құрал қалам, сиясауыт, кітап, газет, журнал болды. Ал коммуникация қолмен жазылған хат, пакет, жолдау т.б. почта арқылы жүзеге асып отырды. ХІХ ғасырдың соңында«механикалық» кезең басталды. Бұл екінші кезеңнің құралдарыжазу машинкасы, телефон, телеграф болды да, заманауи жабдықталған почта қызметі пайдаланылды. Үшінші кезең ХХ ғасырдың 40-60 жж. қамтиды. Ол үлкен ЭЕМ және оларға сәйкес программалық жабдықтар, электрлік жазу машинкалары, ксерокстер, қалта диктофондары пайдаланылған «электрлік» технология кезеңі делінеді. ХХ ғ. 70-ші жж. басынан төртінші «электронды» технология кезеңі басталады. Бұлкезңнің құрал-жабдықтары үлкен ЭЕМ және оның негзінде құрылған автоматты басқару жүйелері, ақпараттық-іздену жүйелері , әр түрлі бағыттардығы арнайы бағдарламалық кешендер болды.
25.АКТ-ның пән аралық байланыстарын талдап жазыныз
Информатика пәні Математика және информатика білім беру аумағына кіреді. Информатика қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын, ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-
әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.
Оқу пәнінің жалпы мақсаты - оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.
Осы пәннің міндеттері болып, әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мәнін айқындайтын информатиканың базалық білімдерін меңгерту, мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық моделдерді нақтылы обьектілермен процестерді түрлендіру, талдау және оны қолдана білу дағдыларын игерту, тағы басқа ақпараттық іс-әрекеттер саналатыны белгілі. Аталған міндеттерді орындаудың бір жолы - пәнаралық байланыс.
Пәнаралық байланыс дегеніміз - шын өмірдің объектілері, құбылыстары мен процестері арасындағы синтездеуле, интегралдауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін категория, яғни білім берудің құрамды бір бөлігі болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |