34.Бастауыш сыныптардағы АКТ сабақтарында қызықты тапсырмалардың түрлерін көрсетіңіз. АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесіне тоқталар болсақ. Үй тапсырмасын тексеру үшін алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындаймын. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектілерді кірістіремін. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар: · Жеке шығармашылық тапсырмалар
· Блок-сызбалар, кестелер
· Тірек-сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары
· Ойын арқылы оқыту
· Сөзжұмбақ, ребустар · Тестілеу және бақылау.
АКТ сабағында қызықты тапсырма түрлерін қолдануға болады.Олар:
Ребус:бұл шешетін сөздер немесе жасырын сөйлемдер, суреттермен бірге әріптермен немесе цифрлармен берілген жұмбақ. Ребустардың қиындығы әртүрлі деңгейде болады.Мысалы:
АКТ сабағында қолданылатын түрлі сайт тапсырмалары да бар.Олар:Wordwall,Flippity,Bilimland, , Quizziz, Classtools.Біз осы сайт тапсырмалар ішінен Flippity сайтына тоқталып кетсек.АКТ пәнінде Flippity сайтының тапсырмаларын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануымызға болады. Flippity интерактивті жұмыстарының ең танымал түрлері:
Лидерлер кестесі;
Викторина;
Кроссворд;
Сертификат;
Аққала;
Сөздерді іздеу;
Рандом;
Құлып кіліт.
Викториялық сұрақтар тапсырмасы Бұл тапсырманы сыныпта интерактивті тақта арқылы немесе онлайн сабақтарымызда да қолдана аламыз.Ойын “XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдық сайысы түрінде өтеді.
Әр ұяшықта әр деңгейдегі сұрақтар болады.Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз топтарыны ұпай жинайды.Оқушыларды сабаққа барынша қызықтырып,белсенді болуды қамтамасыз етеді.
Аққала ойыны Бұл тапсырмада біз ең әуелі сұрағымызды әзірлеп аламыз.Мысалы:Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген деген сұрақ .Жауабы бізде Семей облысы . Оқушылар сұрақтың жауабын әріптер қойып көру керек,яғни жауабын білмесе әріптерді қойып көру арқылы білуге болады.Мысалы а әрпін қойып көреді,а әрпі жауапта жоқ болса аққала ери бастайды.Әріптерді дұрыс таппаған сайын біздің аққала ери береді.Әріптерді дұрыс тауып жауабын толық табатын болса аққала өзінің қалпына келеді.