1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


"Желілік этикет және қауіпсіздік" бойынша сабақ жоспарын жасаңыз



бет69/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

36."Желілік этикет және қауіпсіздік" бойынша сабақ жоспарын жасаңыз
37.Кіріктірілген сабақ ерекшеліктері мен құрылымдарын көрсетіңіз
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Сондай сабақтардың бірі өздеріңіз көрген «Кәсіпорын экономикасы» және «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» пәндері бойынша кіріктіріліп өткізілген сабақ.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Кіріктірілген сабақтарды өтуде төмендегідей артықшылықтары бар:

  • оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;

  • басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;

  • ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);

  • сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ – Ы, т.б.).

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық немесе компьютерлік технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт – бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет