Органикалық синтезінің негізгі әдістерін үш топқа бөлуге болады: 1) конструктивті, олар жаңа С—С байланыстарының түзілуіне әкеледі, мақсаты – келешек молекуланың қанқасын құрастыру (Гриньяр, Фридель-Крафтс реакциялары, циклоқосылу); 2) деструктивті, олар синтезде ролін ойнап болған топтың молекуладан аластату мақсатымен жүретін, белгілі С—С байланыстардың үзілуіне әкеледі (декарбоксилдеу, диолдардың тотығуы); 3) функциональді топтарды трансформациялау әдістері.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: органикалық қосылыстардың электронды эффектілер – индуктивті және мезомерлі, органикалық реакциялардың жіктелуі, органикалық қосылыстарды синтездеу әдістері.