Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну Кеңейтілген төсенішпен жүретін хроматографилық адсорбция (EBA) бағаны көбіне биохимиялық бөлу процесстерінде қолданылады. Ол кеңейтілген төсеніштің төменгі жағындағы кеуекті бұғаттаушы тор астыдағы өзін-өзі тазарту функциясы бар қысымды теңестіруші сұйық таратушыдан, кеңейтілген төсеніштің жоғарғы бөлігіндегі кері шаю арқылы тазаланатын шүмек механизмінен тұрады.
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну - тазартылмаған, лас үлгіден нәруыздарды тікелей бөліп алудың ыңғайлы және тиімді әдісі. EBA хроматографиясында алдымен нығыздалған төсеніш теңестіруші буфердің жоғары қарай ағынымен кеңейтіледі. Содан кейін еритін нәруыздардың, ластаушы заттардың, жасушалар мен жасуша қалдықтарының қоспасы кеңейтілген төсеніш арқылы жоғары қарай өтеді. Бізге қажет нәруыздар адсорбентке жабысады, ал ластаушылар ары қарай өтеді. Жоғары қарай ағынға элюция буферін жіберген кезде қажетті нәруыздар кеңейтілген төсеніштен десорбциялана бастайды, немесе, егер ағынды кері айдаса, бөлшектер тез төменге нығыздалады, кейін оларға адсорбцияланған нәруыздарды элюция буферінің көмегімен элюциялап алуға болады. Элюция үшін қолданылатын режим (кеңейтілген режим не нығыздалған режим) үлгінің сипаттамасына байланысты таңдалады. Элюциядан кейін адсорбент белгілі бір еріткішпен тазаланып, келесі қолдануға не сақтауға дайындалады.
Жылжымалы фазаның күйіне байланысты әдістердің жіктелуі