Газ хроматографиясы Газ хроматографиясы (GC), кейде газ-сұйық хроматографиясы деп те атайды (GLC) - жылжымалы фаза газ болып табылатын бөлу әдісі. Газды хроматографиялық бөлу әрқашан бағанда жүзеге асырылады, олар әдетте «толтырылған» немесе «капиллярлы» деп жіктеледі. Толтырылған бағандар - бұл газды хроматографияның қарапайым түрі, олар арзан әрі пайдалану оңай және көбінесе жеткілікті өнімділік береді. Капиллярлы бағандар әдетте әлдеқайда жоғары ажыратымдылық береді және қымбатқа түседі, әсіресе күрделі қоспалар үшін кеңінен қолданылады. Бағандардың екі түрі де адсорбент емес әрі химиялық инертті материалдардан жасалған. Тот баспайтын болат пен әйнек толтырылған бағандар жасауға, ал квартц пен балқытылған кремнезем капиллрлы бағандар жасауға қолданылады.
Газ хроматографиясы қатты немесе тұтқыр сұйық стационарлы фаза (көбінесе сұйық, кремний негізіндегі материал) мен жылжымалы газ (көбінесе гелий) арасындағы аналиттің таралу тепе-теңдігіне негізделген. Стационарлы фаза кіші диаметрлі (әдетте диаметрі 0,53 - 0,18 мм) әйнектен немесе ерітілген кремнийден жасалған түтікке (капиллярлық бағанның) немесе үлкен металл түтіктің (толтырылған бағанның) ішіндегі қатты матрицаға жабыстырылады. Ол аналитикалық химияда кеңінен қолданылады; GC-да қолданылатын жоғары температура биохимияда жиі кездесетін жоғары молекулалық массалы биополимерлер мен нәруыздарды зерттеуге жарамсыз етеді (себебі, жоғары температура оларды денатурациялайды), ол мұнай өнімдерін зерттеуде, экологиялық мониторинг және экологияны қалпына келтіру, өнеркәсіптік химия салаларында қолдануға қолайлы. Ол зерттеуші химия салаларында да кең қолданылады.