Жақындық хроматографиясы Жақындық хроматографиясы[15] аналит пен белгілі бір молекулалар арасындағы селективті коваленттік емес өзара әрекеттесуге негізделген. Бұл әдіс өте спецификалық, бірақ өзгерістерге тұрақты емес. Көбінесе биохимияда белгілермен байланысқан нәруыздарды тазартуда қолданылады. Бұл гибридті нәруыздарполигистидинді белгілер, биотин немесе антигендер сияқты қосылыстармен белгіленеді. Бұл белгілер стационарлы фазамен спецификті жолмын байланысады. Тазалағаннан кейін, әдетте, белгілердің көбісі алынып тасталады және таза нәруыз алынады.
Жақындық хроматографиясы биомолекуланың металға жақындығын жиі қолданады (Zn, Cu, Fe және т.б.). Бағандар көбінесе қолмен дайындалады. Дәстүрлі жақындық бағандары қажетсіз биомолекулалардан үлгіні тазарту үшін дайындық қадамы ретінде қолданылады.
Алайда, жақындық хроматографиясының қасиеттерін қолданатын HPLC әдістері бар. Иммобилизацияланған металлға жақындық хроматографиясы (IMAC)[16][17] жоғарыда аталған молекулалардың металға салыстырмалы жақындығын қолданып бөлуге пайдалы. Қажет жақындықты жасау үшін көбінесе бұл бағандарды әртүрлі металдармен толтыруға болады.