1. Дене шынықтыру сабағына оқушылардың зейіні Зейін және зейінділік



Дата05.11.2023
өлшемі23,86 Kb.
#189833
түріРеферат
Байланысты:
реферат
DOC-20230810-WA0001.

Реферат

Орындаған: Жұмаханұлы Сұлтанбек
Топ: 110 , 1 курс 3 жылдық
Тақырыбы: Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың зейінінің ерекшеліктері


Жоспар
1.Дене шынықтыру сабағына оқушылардың зейіні
2. Зейін және зейінділік
3. Жас ерекшеліктері қарай оқушылар зейіні

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың зейінінің ерекшеліктері

Дене шынықтыру мұғалімінің қызметі.


Дене тәрбиесінің мақсаты: Оқушылардың дене және психикалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Бұл мақсат оқу үрдісінде келесі
ұғымдарды жетілдіруде ғана іске асады.
Бұлар:
• Білім беру.
• Тәрбиелеу.
• Сауықтыру.
Осы мақсаттарды шешу барысында дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі қызметтерін анықтауға болады.
Олар:
Тәрбиелік қызметі – Оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке деген патриоттық рухани қасиеттерін жетілдіру.
Білім беру, ағартушылық қызметі – Оқушыларға арнайы білім беру.
Басқару, ұйымдастырушылық қабілеті – Дене шынықтыру және арнайы спорт мектептеріндегі сабақтарды ұйымдастыру және жалпы спорттық
іс - әрекеттерді басқару.
Жоспарлау қабілеті – Жылдық жоспар, тоқсандық жоспар жасау және оқушылардың жетістіктерін анықтау және қадағалау.
Жоспарлау кезінде әсіресе жылдық жоспарға сәйкес сабақ жоспарын жоспарлау өте маңызды. Өйткені мұғалім сабақ барысындағы барлық қимыл қозғалыстарды оқушылардың жынысына, дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келтіруі өте абзал.
Әкімшілік, шаруашылық қабілеті – Ол құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп жанындағы спорт алаңдарын оқу үрдісіне даярлау.
Басқа пән мұғалімдеріне қарағанда дене тәрбиесі мұғалімі арнайы спецификалық жағдайда іс - әрекет жасайды.
Дене тәрбиесі психологиясында оларды үш топқа бөледі:
I. Психологиялық шарт қауіптілігі.
II. Физикалық шарт ауырлығы.
III. Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.
• Психологиялық шарт қауіптілігі.
1.Оқушылардың өте қатты шулауы. (Әсіресе бастауыш сыныптарда). Мұғалімнің дауысын қатты көтеріп сөйлеуге мәжбүрлейді. Сол себепті мұғалім психикалық шаршайды.
2. Бір жас ерекшеліктерден басқа жас ерекшеліктерге ауысуы.
3. Сөз және дауысы анық, нақты болуды талап етеді. Сол себепті көптеген ауыртпалық сөйлеу жүйелеріне түседі.
4. Баланың өміріне жауаптылығы.

• Физикалық жағдайдағы ауырлығы.


1. Дене жаттығуларын мұғалімнің өзі орындап көрсетуі.
2. Әсіресе гимнастикалық жаттығуларды орындау кездерінде қауіп – қатерден сақтандыру. Сол себепті мұғалім сақтандыру әдістерін толық меңгеріп, сабақ кезінде дұрыс пайдалануы қажет.
• Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.

  1. Таза ауада сабақ өткізу, ауа – райының қолайсыздығы.

  2. Залдардың тазалық – гигиеналық жағдайы.

Дене шынықтыру сабағындағы психологиялық оқыту негіздері.

1. Зейін және зейінділік.


Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шүйліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету.
Психологияда зейінді 3 түрге бөледі: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
Ырықсыз зейін дегеніміз – сананы объектіге, сол объектінің тітіркендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасында шоғырландыру.
Тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Ырықсыз зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт тоқталуы, сол нәрсеге қажеттілікке, оның эмоциялық мәніне және мүддеге байланысты.
Ырықты зейінді белсенді немесе ерікті деп те атайды. Ырықты зейін дегеніміз - әрекет әсерінен туған объектіге саналы түрде көңіл аудару. Ырықты зейін жеке бастың қасиеті болғандықтан, сол кісіге тәуелсіз қалыптаса алмайды.
Зейіннің үшінші түрі – үйреншікті зейін. Зейіннің бұл түрі ырықты зейіннен кейін пайда болады.
Үйреншікті зейін дегеніміз – сананы жеке адам үшін маңызды және қымбатты объектіге шоғырландыру.
Зейін объектілерінің сыртқы дүниеде немесе олардың жеке адамдардың түйсігі, ойы, көңіл – күйі болуына қарай оны сыртқа бағытталған немесе перспективті зейін және ішкі зейін деп бөледі.
Сыртқы және ішкі зейіндер бір – бірін тоқтатады. Адамға ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге бір уақытта шоғырлану (дайын болу) қиын, сондықтан да бір мезетте (уақытта) қандай да бір дене шынықтыру жаттығуларын орындап оның дұрыстығын бақылау ылғи (әрқашан) қиын.
Дене шынықтыру сабақтарында оқушы зейінінің барлық түрлерін қолданылуын қадағалау керек. Егерде сабақта ырықты зейін болса, онда қатысушыларға психологиялық қысым түседі және ол оқушылардың сабақ оқуға деген қызығушылықтарының жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан, тек ырықты және ырықсыз, ішкі және сыртқы зейіндердің белсенді алмасуы ғана дене шынықтыру сабағының өнімділігінің қажетінше жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді.
Іс - әрекеттің бағдарлау негізін қалыптастыру үшін, оқушылар дене шынықтыру жаттығуларын меңгергенде ырықты, ішкі зейінін белсендіру маңызды (қажет).
Оқушылар жаттығуларды орындауды өздері жоспарлау немесе ойша қайталау немесе оның орындалуының іске асуы үшін ырықты, ішкі зейін басым болуы қажет. Әртүрлі әрекеттер орындау кезінде осы және зейіннің басқа да түрлері басым болуы керек.

Жас ерекшеліктеріне қарай ырықты, ырықсыз, ішкі және сыртқы


зейіндерді меңгеру мүмкіндіктері әртүрлі.

Кіші оқушы жасында зейінінің аумалығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе алады.


7-8 жастағы балалар тек өнімділігі 10-15 минутта ғана ырыкты зейінді ұстай алады.
Кіші оқушылардың 8-10 минутта 7-8 жаттығуды қатар орындай алмайтындары ғылыми тәжірибеде дәлелденген.
5- жаттығудан кейін дерексізденуі байқалады. Кіші оқушы өзін-өзі іштей меңгере алуы әлі дамымағанынаң, өзін-өзі күштеп объектігі ерікті зейін қоюы онша дамымаған.
Кіші оқушылар өздерін оларға берген бағамен бағалайды. Соның өзі олардың сабаққа деген қызығушылықтарына әсерін тигізеді.
Кіші сынып оқушыларымен жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімі бірінші кезекте келесы жағдайды ескеру керек:
• Кез – келген жаттығудың орындалуын созбау керек;
• Оқушыларға тапсырманы дене куаты дайындығына карай беру;
• Қателерін түсіндіріп дер кезінде жөндеп отыру керек;
• Жаттығу көрсету барысында сөз әдісімен бірге көрнекілік әдісті колданған жөн.

Орта жас оқушылары орындаған іс-әрекетке кызығушылығы күшті болғанда ырыкты зейінді 40-45 минут ұстау қабілетін меңгереді.


Бұл жастағы оқушылар іс-әрекетің соңғы қорытындысын тез бағдарлайды, бірақ оның үрдісіне, іс-әрекетті орындау сапасына байыпсыз. Оларда «Мен» өзім деушілік пайда болады.
Бұл жастағы оқушыларымен жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімі бірінші кезекте келесы жағдайды ескеру керек:
• Оқытудың әр түрлі проблемалық әдістерін қолдану;
• Олардын белсенділігін арттыру;
• Оқушылармен жақсы қарым қатынас жасау;
• Жеке өмірге қажетті мәселелерді қамти отырып оқу жүргізу;
• Қоғамның қазіргі дамуына сәкес әлеуметтік, экономикалық мәліметтермен хабардар етуі.

Жоғары сынып оқушылары саналы түрде зейін қойып әрекет етеді. Олар


кез келген ақпаратқа зейінді қаратады (әңгіме, жаттығу көру).
Егерді кіші оқушылар мен жеткіншектерге оқу материалдарын беру факторы арқылы зейыіндерін ұйымдастырсақ, онда жоғары сынып оқушылары үшін оның мазмұны маңызды орын алады.
Дене шынықтыру сабағында үйреншікті зейінді ұстап тұру әдістері:
• Сабақ уақытында тәртіп сақтау
• Сабаққа міндет қоярда
• Сабақтың мақсаты мен міндетін нақты анықтау
• Сабақ сайын тапсырмаларды сатыға бөлу керек
• Тапсырма бере отырып оқушыларға түсінікті болуын қадағалау
• Жаттығуды түсіндіргенде
• Бөлек тапсырмалардың арасындағы қисындылық байланысын көрсету.
• Өткен сабақ арқылы жаңа сабақ түсіндіру.( әсіресе бұл еережені теориалық сабақта сақтау қажет)
• Сабақта тек қана түсіндіріп қоймай оқушылардың қызығушылығын өзіне қарата білу керек.
• Сабақты анық дауыспен ұзақ әңгімеге айналдырмай түсіндіру керек.
• Оқушылармен оқу тапсырмаларын орындағанда.
• Әр топ оқушыларына үйлесімді қарқын таңдау қажет. Төменгі қарқын зейіннің орнығуына қолайлы, ал жоғарғы қарқын зейіннің орнығуына мүмкіндік болмай қажуды тудырады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Психология Г.В. Ильин Е.П. М-1983 г.


  2. Психология Мельников В.М. М-1987 г.


  3. Методика психодиагностии в спорте. Нарущек В.П: М-1984-1990 г.


  4. ФПрактические задания по психологии М-1977 г.


  5. Психология Ф.В. и спорт М-1979 г.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет