астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару
органдарының азаматтардың денсаулығын сақтау
саласындағы құзыретi
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларын бекiтедi;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдарының бекiтуiне енгiзедi;
2) өз құзыретi шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларды iске асырады;
3) денсаулықты нығайту, денi сау ұрпақ әкелу, аурулардың профилактикасы үшiн қажеттi iс-шараларды жүзеге асырады;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тиiстi аумақтағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi және денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;
5) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамытуды және халықтың салауатты өмiр салтын ұстануға қатысуын ұйымдастырады;
6) белгiленген мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық, бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудi, оның iшiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде дәрiмен қамтамасыз етудi қоса алғанда, әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар мен айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулардың профилактикасы мен оларды емдеудi ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |