Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) орталық атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуiне және таралуына санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудің тәртiбiн белгiлейдi;
4) Қазақстан Республикасының аумағында iндет пайда болған кезде халықтың өмiр сүруiнiң және шаруашылық қызметiн жүргiзудiң ерекше жағдайлары мен режимдерiн белгiлейдi;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
7) (алып тасталды)
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ шаруашылық қызметтерiне арналған өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу, сондай-ақ өндiру, қолдану және тарату тәртiбiн айқындайды ;
10) оларға қарсы алдын ала егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн , оларды жүргiзу тәртiбiн , мерзiмдерiн және жоспарлы егiлуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;
11) шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi ;
12) пайда болу және таралу қаупi туындаған кезде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулардың тiзбесiн белгiлейдi.
7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
Достарыңызбен бөлісу: |