салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк
органның құзыретi
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган :
1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жүргiзедi;
4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады
5) өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысады;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдайды;
7) мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртiптiк жаза қолданады;
9) мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру жөнiнде салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;
11) гигиеналық нормативтердi және мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн құқықтық актiлердi бекiтедi;
12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiн тексерудiң дүркiндiгiн белгiлейдi;
13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар бередi;
14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтiру туралы талап қояды;
15) өз құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге байланысты қызметтi жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауiп төндiретiн химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасайды және жүргiзеді;
17) өнiмге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттiк стандарттар жобаларын келiседi;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзедi;
19) салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiлетiн санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
20) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу жөнiнде сараптамалық комиссиялар құрады;
21) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайды;
22) гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады;
Достарыңызбен бөлісу: |