1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


ҚР азаматтардың денсаулығын қорғауды құқықтық реттеу



бет10/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
4.ҚР азаматтардың денсаулығын қорғауды құқықтық реттеу.
2-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 
ҚАТЫНАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтардың 


              денсаулығын сақтау саласындағы құзыретi

    Қазақстан Республикасының Yкiметi: 

1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi; 
  2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 
    3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiтедi;

4) өз құзыретi шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; 

  5) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн бекiтедi; 
 

   6) әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың және айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулардың тiзбесiн бекiтедi; 
 

      7) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiтедi.

      9-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



       Уәкiлеттi орган 
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың қалыптасуы мен iске асырылуын қамтамасыз етедi; 
 

      2) азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 


 

      3) профилактикалық медициналық тексерiп-қарау жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi


 

      4) амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар және балалар тағамы мен емдiк тағамның арнаулы өнiмдерi рецепттер бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда босатылатын аурулар түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi; 
 

      5) денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi; V085500 
 

      6) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы берудiң тәртiбiн белгiлейдi; 
       7) жыныстық сәйкестiгiнде ауытқушылық бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргiзудiң ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi; 
 

      8) профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн айқындайды; 
 

      9) диагностика мен емдеудiң мерзiмдi хаттамаларын әзiрлейдi және бекiтедi; 


 

      10) клиникаға дейiнгi зерттеулердi, медициналық-биологиялық эксперименттердi және клиникалық сынауларды жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды; 


 

      11) тiндердi және (немесе) органдарды (органдардың бөлiктерiн) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға, мәйiттен адамға және жануардан адамға транспланттаудың тәртiбi мен шарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 


 

      12) балаларды балалар үйiне және бiлiм беру ұйымдарына, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық жарамсыздықтың тiзбесiн айқындайды; 


 

      13) дәстүрлi емес медицина (халық медицинасы) мамандарының қызметiн бақылайды; 


 

      14) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi


 

      15) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн әзiрлейдi; 


 

      16) әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар мен айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулардың тiзбесiн әзiрлейдi; 


 

      17) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберудiң ережесiн әзiрлейдi; 


 

      18) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi. 



      10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет