1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


ЖИТСпен күрес және алдын алу бойынша территориальды орталықтар



бет12/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
5.ЖИТСпен күрес және алдын алу бойынша территориальды орталықтар.

  • Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV кодексі

19-тарау. Аитв инфекциясын жұқтырғандарға және житс-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

  • 112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:

  1. тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.



СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi шаралар жоспары: 

ВИЧ/СПИД бойынша азаматтарға толық көлемде диагностикалық, емдеу-алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды көрсетудi; 
      нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес халықтың, бiрiншi кезекте "қатер тобының" арасындағы ВИЧ-инфекциясына эпидемиологиялық қадағалауды күшейтудi; 
      СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды, оларды қажеттi лабораториялық жабдықтармен және тест-жүйелердiң диагностикалық жиынтықтарымен қамтамасыз етудi, медицина кадрларын даярлауды
      халықты, оның iшiнде ВИЧ-ке шалдыққандар мен СПИД-пен ауыратындарды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыруды; 
      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi көздейдi. 

СПИД ауруының таралуынан сақтану жөнiндегi шараларды

қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, сондай-ақ

меншiк нысанына қатыссыз кәсiпорындардың, мекемелердiң, қоғамдық

бiрлестiктер мен азаматтардың ерiктi жарналарынан, қайырмалдықтар мен

қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қорлардың

қаржыларынан жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет