1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру



бет20/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
10)Дәрілік заттар

Дәрiлiк заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйi мен функцияларының өзгеруiне арналған фармакологиялық белсендi заттарды бiлдiретiн немесе олардан тұратын құралдар: дәрiлiк зат, дәрiлiк субстанция, табиғи тектi дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро - және балк өнiмдерi, дәрiлiк препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар. Дәрiлiк заттарды дайындау - дәрiгерлердiң рецептiлерi бойынша дәрiханаларда дәрiлiк түрлердi дайындаумен, сондай-ақ дәрiлiк субстанциялар алумен, дайындалған дәрiлiк заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресiмдеумен және өткiзумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәрiлiк заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеу: 1) дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу; 2) фармацевтикалық қызметтерді лицензиялау,3) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы техникалық реттеу;4) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау; 5) фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк қадағалау мен бақылау;

Дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторы;2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары; 3) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары; 4) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары.

Дарілік затты таңбалау:1) дәрiлiк заттың атауы және оның халықаралық патенттелмеген атауы;2) дәрiлiк заттар өндiрiсi жөнiндегi ұйымның атауы;3) серия нөмiрi мен дайындалған күнi;4) қолдану әдiсi;5) мөлшерi мен орамдағы мөлшерiнiң саны; 6) жарамдылық мерзiмi; 7) беру шарттары;8) сақтау шарттары;9) дәрiлiк заттарды қолдану кезiндегi сақтандыру шаралары көрсетiлсе, дәрiлiк заттар айналымға түседi.

5-бап .Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласында бағдарламалар әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;3) фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi ;4) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк органды айқындайды;5) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк резервiн құрады және оларды төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн бөледi; 6) дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау тәртiбiн бекiтедi ; 7) дәрiлiк заттардың айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi. 8) азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1) дәрiлiк заттар айналымы саласында азаматтардың денсаулығын сақтаудың бiртұтас мемлекеттiк саясатын жүргiзедi және iске асырады;2) фармацевтика ғылымын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды және бекiтедi;3) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi; 4) фармацевтика қызметiн жүзеге асыратын мамандарды қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн айқындайды ;

5) дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды жасау ережелерiн бекiтедi ; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фармакопеясын бекiтедi; 7) дәрiлiк заттарды негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттарға жатқызудың тәртiбiн айқындайды; 8) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде халықты қамтамасыз ету үшiн негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн бекiтедi ; 9) оларды амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен мамандандырылған емдiк тағам рецептер бойынша тегiн әрi жеңiлдiктi шарттармен босатылатын аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiтедi ; 10) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн тауарлар мен қызметтер көрсетудi сатып алу жөнiндегi тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;11) тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен сапасына сараптама жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген дәрiлiк заттарды алып қою ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi;12) дәрiлiк заттарға рецепт беру, оларды есепке алу және босату ережелерiн бекiтедi; 13) бiрегей дәрiлiк заттың атауын бекiтудiң тәртiбiн айқындайды;14) дәрiлiк заттарды дәрiгердiң рецептiмен және рецептiсiз босатылатын дәрiлiк заттар тiзбесiне жатқызу өлшемдерiн айқындайды ; 15) дәрiлiк заттар мониторингiнiң тәртiбiн айқындайды ;16) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

Қазақстан Республикасының облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) өкiлдi органдары. 1) аймақтық бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 2) дәрiханалардың (алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерiнiң) мемлекеттiк жүйесiн дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы; 4) дәрiлiк заттарды дайындауға және бөлшек саудамен өткiзуге байланысты фармацевтикалық қызметке лицензия бередi және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет