9)Науқас денсаулығына зиян келтірудегі дәрігер кателіктері жане турлері Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адам өмірі ең құнды қазыналардың бірі болып табылады (ҚР Конституциясы, 1-бап). Соңғы кездері азаматтар білікті медициналық көмекті алу барысында заңбұзушылықтар жиі жіберіліп, салдарынан денсаулыққа түрлі деңгейде зиян келуде. Медициналық қызметкерлердің өзінің кәсіби міндетін дұрыс атқармауы азаматтардың конституциямен кепілдік берілген медициналық көмектің білікті жасалмағандығын көрсетеді. Медициналық көмекті көрсету кезіндегі ең басты кемшілік медициналық қызметкерлердің (дәрігер) кәсіби қызметін орындамауы немесе сапасыз орындауымен сипатталады. Осы орайда медицина қызметкерлеріне заңды түрде анықтама беретін болсақ, ол – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, ал бейінді маман ретінде жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері танылады. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттері үш топқа бөліп қарастырады: жазатайым оқиға, дәрігерлік қателік және кәсіби қызметімен байланысты қылмыс. Жазатайым оқиға мен дәрігерлік қателік қылмыс болып табылмайды, сондықтан қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Аталған саралау тек кәсіби медицина қызметкерлерінің қателігін ғана емес, сондай-ақ орта білімді медициналық персоналдың қоғамға қауіпті әрекетін айқындауға негіз болатындығын атап өткен жөн. Келесі қоғам арасында кең таралған түсінік «дәрігерлік қателік .И.Ф. Огарков медициналық қателіктерді екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады: аурудың диагностикасы кезінде жасалатын қателіктер және емдік шараларды тағайындау мен жүзеге асыру кезінде жасалатын қателіктер [6, 14-б.]. Заңгер И.Ф. Крылов дәрігерлік қателіктерді үш топқа бөледі: диагностикалық қателіктер, оған ауруды анықтамау немесе дұрыс анықтамау; 2) тактикалық қателіктер, яғни операцияға жіберу барысында көрсеткіштердегі қателіктер, уақыттың дұрыс таңдалмауы, операция барысындағы қателіктер және т.б.; 3) техникалық қателіктер, медициналық техниканың дұрыс қолданылмауы, тиісті дәрі-дәрмектердің берілмеуі мен диагностикалық құралдардың дұрыс қолданылмауы және т.б. «Дәрігерлік қателік бұл – дәрігердің өзінің кәсіби міндетін адал орындау кезіндегі қателесуі. Дәрігерлік қателіктің қылмыстық әрекеттен ерекшелігі онда кәсіби қызметті атқару кезінде қасақана салақтықтың, салғырттықтың және немқұрайдылықтың болмауы» [10]. Дәрігерлік қателіктің заңды түрде анықтамасы жоқ, дегенмен бұл заңмен немесе заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді бұзу немесе сақтамаудан туындайды. Медициналық көмек көрсету аясында емдеу-медицина ережелерін қылмыстық бұзу бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Диагностикалық бұзулар – ауруларға және олардың асқынуына байланысты диагноз қоюдағы қателіктер. Науқасқа қатысты дәрігердің тиісті мінез-құлық ережелерін бұзуы, яғни дәрігердің кәсіби этикасын сақтамауы; 2. Емдеу-тактикалық бұзулар – диагностикалық бұзулардың салдарынан туындайды; 3. Техникалық бұзулар – диагностикалық және емдік манипуляциялар, процедуралар, әдістемелер, операцияларды жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер; 4. Ұйымдастырушылық бұзулар – қызметке қажет шарттарды, медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін қарастыратын бірқатар баптар қарастырылған. Олардың қатарында: санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу (ҚР ҚК 267-бап), медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (ҚР ҚК 114-бап), соз ауруын жұқтыру (ҚР ҚК 115-б.), адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (ҚР ҚК 116-бап), заңсыз аборт жасау (ҚР ҚК 117-бап), науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) т.б