1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


)Моральдық зиян конпенсациясы



бет22/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
12)Моральдық зиян конпенсациясы Моральдық зиян – азаматтық құқықта жеке және заңды тұлғалардың өзіндік беймүліктік игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылу, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған құқық бұзушылықтың салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Жан азабы (адамның эмоциялық-еріктік уайымдары) деп оның басынан кешкен қорлануына, ызалануына, қысым жасалуына, ашулануына, ұялуына, түңілуіне, залал шегуіне, қолайсыз жағдайға болуына және т.б. қатысты сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер жәбiрленушiнiң өзiнің, сондай-ақ оның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының өмiрi мен денсаулығына құқыққа қарсы қол сұғылудың; бас бостандығынан заңсыз айырылудың немесе шектелудің, не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айырылудың; денсаулығына зиян келтірілуiнің, оның iшiнде адамның бет әлпетiне танымастай болып жарақат пен сызат түсiретiн; отбасылық, жеке немесе дәрiгерлiк құпиясы ашылуының; хат-хабар алмасу, телефон немесе телеграф ақпараты құпиясы бұзылуының; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердiң таратылуының; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуының; оның авторлық құқығының және аралас құқықтарының бұзылуының және т.б. салдарынан келтірілуі мүмкiн. Тән азабы деп күш қолданылуына немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты азаматтың сезiнетiн тәнiнiң ауырғанын түсiну қажет. Моральдық зиянды өтеу – ҚР Азаматтық кодексінде бейматериалдық игіліктерді қорғау тәсілдерінің бірі. Егер азаматқа моральдық зиян оның өзіндік беймүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттермен не азаматқа тиесілі басқа бейматериалдық игіліктеріне қол сұғушылық әрекеттермен келтірілсе, сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда сот зиян келтірушіні аталған зиянды ақшалай өтеуге міндеттей алады. Азаматтың мүліктік құқығын бұзушының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиян заңда көзделген реттерде өтелуге тиіс. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде сот зиян келтіруші кінәсының деңгейін, өзге де мән-жайларды ескереді. Сот моральдық зиян келтірілген адамның жеке өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның басынан кешірген тән және жан азабының деңгейін де ескеруге тиіс. ҚР АК-нің 951-бабына (3-тармағы) сәйкес азаматқа келтірілген моральдық зиян мына жағдайларда зиян келтірушінің кінәсына қарамастан өтеледі: 1)азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру арқылы зиян келтірілсе;2)азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алудың, қамауда ұстау, психиатр. немесе басқадай емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімш. жазаны заңсыз қолданудың салдарынан зиян келтірілсе;3)ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы зиян келтірілсе. Заңда өзге де жағдайлар қарастырылуы мүмкін. Моральдық зиянды өтеу .Зиян келтірушінің кінәсі бар болған кезде, моральдық зиянды (ақшалай түрінде) өтеу. Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын субъективті түрде бағалау да, сондай-ақ жәбірленушінің жан азабы мен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін объективті деректер де есепке алынады. Моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қойылған кезде, талапкер жан азабы мен тән азабын бастан кешіргенін дәлелдеуге тиіс. Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалап, парасаттылық пен әділеттілік өлшемдерін негізге алып, моральдық зиян мөлшерін анықтағанда таратылған мәліметтердің сипатын, таратылудың шегін, жауапкердің кінәсінің түрін, оның материалдық жағдайын және басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескеруге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет