1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


)Психиотриялық көмек көрсету тәртібі



бет24/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
14)Психиотриялық көмек көрсету тәртібі

Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мынадай нысандарда жүргізіледі: 1) амбулаториялық-емханалық көмек; 2) стационарлық көмек;3) стационарды алмастыратын көмек;4) жедел медициналық көмек.

* Психикалық денсаулық саласында амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру

шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін психикалық және мінез-құлық бұзылуларын қоспағанда, психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға күдіктенген немесе анықтаған кезде психикалық денсаулық кабинетінің немесе БПДО-ның "психиатрия" (наркология) мамандығы бойынша дәрігері, "балалар психиатриясы" (наркологиясы) мамандығы бойынша дәрігері (бұдан әрі – балалар психиатры (наркологы) дәрігері): 1) пациентті сәйкестендіруді; 2) одан арғы тәсілді айқындау үшін пациенттің психикалық жай-күйін бағалауды; 3) диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындауды (қажет болған жағдайда); 4) ПНЭТ-те және ННЭТ-те жүгінген адам туралы мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады. Психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы алғаш белгіленген жағдайда, оны статистикалық есепке алу тобына енгізе отырып, электрондық ақпараттық жүйеге ақпарат енгізеді, бұрын қойылған психикалық және мінез-құлық бұзылулары диагнозы кезінде және көрсетілген тіркелімдерде мәліметтер болмаған кезде ақпарат енгізеді, ал мәліметтер болса, оларды толықтырады; 5) БПДО-ның дәрігерлік-консультациялық комиссиясына (бұдан әрі – ДКК) жолдамалар рәсімдейді және психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарда осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген психикалық және мінез-құлық бұзылулары болған кезде динамикалық байқау топтарына енгізу өлшемшарттары болған кезде деректерді журналға енгізуді;6) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды есепке алу қажеттілігі мәселесін шешу жөніндегі ДКК ұйымдастыру үшін амбулаториялық науқастың медициналық картасының көшірмесін БПДО-ның меңгерушісіне жіберуді;7) "Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуді қажет ететін психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға қатысты қажетті медициналық құжаттаманы рәсімдеуді, 8) мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін ПБЗ тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың құжатын рәсімдеуді;9) МСАК дәрігерінен Хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық ақпараттық жүйеге психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адам туралы ақпаратты енгізуді; 10) аумақтық тіркелуі бойынша динамикалық байқау топтарына жататын адамдарға динамикалық байқауды жүзеге асырады; 11) психикалық және мінез-құлық бұзылуларының болу күдігі немесе белгіленген диагнозы бар кезде адамдарды зерттеп-қарауға және (немесе) емдеуге аумақтық ПДО-ға немесе республикалық психикалық денсаулық ұйымына (көрсетілімдері бойынша) жолдама беруді; 12) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды әлеуметтік-медициналық еңбек ұйымдарына (бөлімшелеріне) жіберуді;13) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді; 14) ПНЭТ-ке және ННЭТ-ке деректер енгізуді; ПНЭТ-пен және ННЭТ-пен біріктірілген медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділік деңгейін айқындай отырып деректерді енгізуге жол беріледі; 15) ПНЭТ-ке және ННЭТ-ке жаңадан енгізілген және тұрған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар бойынша МСАК дәрігерімен салыстыру жүргізуді (ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) және көрсетілген ақпаратты аумақтық БПДО меңгерушісіне ұсынуды (ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей) жүзеге асырады.

*Психикалық денсаулық саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық бөлімшелеріндегі емдеу және диагностикалық іс-шаралар

Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адам республикалық психикалық денсаулық ұйымының, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухананың, ПДО-ның стационарлық клиникалық бөлімшесіне келіп түскеннен кейін медициналық психолог мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) пациентті сәйкестендіруді жүргізеді;2) психикалық профилактиканы, психикалық түзетуді, пациентке психологиялық консультацияны жүргізеді;3) психодиагностикалық зерттеулер мен диагностикалық байқауды жүргізеді.

Медициналық психолог тұрақты негізде мынадай іс-шараларды да жүзеге асырады:1) медициналық персоналды медициналық, әлеуметтік психология саласында оқыту бойынша жұмысты жүргізу;2) өткізілетін психологиялық, емдік және профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайды;3) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүзеге асырады; 4) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тікелей басшысына атқарылған жұмыс туралы мәліметті (консультациялардың, алғашқы және қайта өткізілген эксперименталдық-психологиялық тексерулердің, жеке және топтық психотүзету сабақтарының саны) ұсынады.

* Психикалық денсаулық саласында стационарды алмастыратын нысандағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру 1) психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар (субкомпенсация, декомпенсация сатысы) адамның тәулік бойы байқауды талап етпейтін белсенді терапияға қажеттілігі;

2) тәулік бойы байқауды талап етпейтін жүйк немесе жүйкесипатты деңгейдегі психикалық және мінез-құлық бұзылуларының асқынуы; 3) тәуліктік стационарда емдеу курсын алғаннан кейін қарапайым өмірлік жағдайларға біртіндеп бейімделу қажеттілігі; 4) тәуліктік стационарлық байқауды талап етпейтін қарап-тексерулер мен сараптамаларды өткізу. Күндізгі стационарда емделу ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды,. Күндізгі стационарда күнделікті болу уақыты 6 сағаттан кем емес. Күндізгі стационарда психотроптық препараттарды қабылдау уақыты ескеріле отырып, екі мезгіл тамақтандыру көзделеді.

*Психикалық денсаулық саласында жедел медициналық жәрдем нысанындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру.1) Жедел көмек жедел мамандандырылған психиатриялық көмек түрінде көрсетіледі. 2). Жедел мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетуді жедел медициналық көмек стансалары немесе ПДО құрамында ұйымдастырылатын мамандандырылған бригадалар жүзеге асырады. 3) Жедел мамандандырылған психиатриялық көмек қызметі № 450 бұйрықпен регламенттеледі.

*Психикалық денсаулық саласында суицидтік мінез-құлық кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру

Амбулаториялық-емханалық ұйымның (бұдан әрі – АЕҰ) учаскелік дәрігері немесе жалпы практика дәрігері өз еркімен көмекке жүгінген немесе психологтар жіберген суицидті мінез-құлқы бар адамдарды анықтаған кезде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) суицидті жасау тәуекелін бағалау;2) байқау мен емдеу жоспарын айқындау; 3) медициналық құжаттаманы рәсімдеу.

Кәмелетке толмағандардың суицид жасау тәуекелін бағалау үшін тексеру өткізер алдында заңды өкілдерінің рұқсатын алу қажет.Суицид жасау тәуекелін бағалау үшін тексеруді жүргізуге заңды өкілдердің рұқсат беруі жазбаша түрде еркін нысанда рәсімделіп, медициналық құжатта қалады. Рұқсатты алу мүмкін болмаған жағдайда Кодекстің 94-бабымен регламенттелген өлшемшарттарға сәйкес келетін белгілер болған кезде тәуекелді бағалау олардың келісімінсіз жүргізіледі.

Суицид жасау тәуекелін бағалау үш кезеңде жүргізіледі:1) суицид жасау тәуекелін бағалауды өткізу қажеттілігін анықтау;2) итермелеуші, күшейтуші және қорғаныс факторларын бағалай отырып, суицид жасау тәуекелі факторларын анықтау;3) суицид жасау тәуекелінің дәрежесін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет