71.халықтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінің 1-ші бабында қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарымқатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді
72.медициналық мекемелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 182-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлері медицина қызметкерінің тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтірген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдік беру көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына жасалған шағымдар санының өсуі салдарынан айрықша өзектілікке ие болып отыр, егер 2011 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне пациенттерден 2,5 мыңнан астам шағым түссе, олардың 29 %-ы негізді болып табылған, ал 2012 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында пациенттерден 5,2 мың шағым түскен, олардың 50%-ы негізді болып танылған. Сот орындарындағы жағдайлар да ұқсас болып отыр.
Бұл үдерістер көбіне пациенттердің пайдасына шешілуде, яғни медициналық ұйымдардың не қызметкердің айтарлықтай материалдық өтемақы төлеуімен аяқталуда. Бұл біздің азаматтарымыздың өз құқықтарын қорғауға деген ниет-білдіруіне байланысты құқықтық мәдениетінің дамығандығын көрсетеді.
заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерінің сипаттамасы Жауапкершілік түрлері мен жазалау шаралары құқық бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Жауапкершіліктің мынадай түрлері ажыратылады:
қылмыстық – тек қана қылмыстар үшін басталады. Тек сот қана қылмыстық жауапкершілікке тарта және оның жазасын белгілей алады. Қылмыстық жазалау шаралары – айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандықты шектеу, қамаққа алу, еркінен айыру, өлім жазасы және т.б. (ҚР ҚК 40-бабы); әкімшілік – қоғамдық тәртіпті бұзған немесе мемлекеттік басқару саласында жасалған теріс қылықтар үшін басталады.Жауапкершілік шарасы қызметін әкімшілік жазалар атқарады, олардың арасында – ескерту, айыппұл, қызметті уақытша тоқтату немесе тыйым салу; түзеу жұмыстары, әкімшілік қамаққа алу бар (ҚР ҚБК-нің 41-бабы); азаматтық – мүліктік құқықтарды бұзғаны – шарттық міндеттемелерді орындамағандығы, мүліктік залал келтіргені үшін басталады.
Жауапкершіліктің негізгі шарасы – келтірілген шығындардың орнын толтыру, өтеу (ҚР АК 9-бабының 4-тармағы); тәртіптік – еңбек, оқу, әскери, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін басталады. Құқық бұзушыға ықпал ету шаралары – ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 64-бабының 1-тармағы).
Қылмыстық жауаптылық Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылық түрі болып табылады, қоғам үшін аса жоғары қатер болып табылатын құқық бұзушылықтар, – қылмыстар жасағандығы үшін көзделеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық қауіптілік және жазаланатындық дәрежесіне қарай қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтарға бөлінеді. Кез келген құқық бұзушылық қоғамға қауіп төндіреді, бұл ретте олардың кейбіреулерінде қоғамдық қауіптіліктің өте жоғары дәрежесі болады, бұл оларды болғызбау үшін ерекше шараларды қабылдауды талап етеді. ҚР ҚК 10-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қылмыстық кодекспен айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады
Достарыңызбен бөлісу: |