18. Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі? А) қантты диабет
+Б) ревматоидтық артрит
В) акромегалия
Г) деформациялық остеоартроз
Д) подагра
19. Терапия бөліміне А.атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бір неше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет, өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән? +А) бронх демікпесі
Б) жедел бронхит
В) созылмалы бронхит
Г) пневмония
20. Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз? А) жиі тұрақты толғақ
Б) қағанақ суының ағуы
+В) жалған толғақ
Г) ішінің жергілікті ауырсынуы
Д) эпигастрийде ауырсыну
21. Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз контракциялық сақина жоғары және қиғыш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес,сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндануға болады? А) аралықтың ажырауы
Б) жатыр мойнының ажырауы
+В) жатыр жыртылуының қаупі
Г) жатырдың жыртылуы
Д) шамадан тыс қатты толғақ
22. Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған. Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады А) эндоназальды риноскопия
+Б) алдыңғы риноскопия
В) ортаңғы риноскопия
Г) артқы риноскопия
Д) мұрын айнасымен қарау
23. Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату %мақсатында қандай іс-әрекет жасалады? А) қайталап жатыр қуысын қолмен тексеру
Б) көктамырға метилэргометрин салу
В) бала жолдасын қолмен ажыратып шығару
Г) жатырға сыртқы массаж жасау
+Д) жатыр ампутациясы, эекстирпациясы