1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет34/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$

Бейсу еріткіштер. МФ XІ басылымында көрсетілгендей шаншуға арналған судан басқа бейсу еріткіштері де қолданылады. Олар медицинада қолдануға рұқсат етілген өсімдік майлары және этилолеат. Комплексті еріткіш ретінде этанол, глицерин, пропиленгликоль, ПЭО-400, бензил спирті, бензилбензоат және медицинада қолдануға рұқсат етілген басқа еріткіштер.
Кейбір дәрілік заттардың майлардағы ерігіштігі қосымша еріткіштер (бензил спирті, бензилбензоат және басқалар) қосу арқылы артады.
Комплексті еріткіштер.
Этанол (C2Н5ОН) (Spіrіtus aethylіcus) – түссіз, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар ұшқыш, қозғалғыш сұйықтық, сумен және глицеринмен барлық қатынаста араласады. Шаншуға арналған ерітінді дайындау үшін тек спирт-ректификат қолданылады. Оны суда қиын еритін қосылыстардың ерігіштігін арттыру және антисептик ретінде және жүрек гликозидтерінің ерітінділерін (конваллатоксин, строфантин) дайындаған кезде еріткішке қоспа ретінде қолданылады.
Глицерин (С3Н8О3) (Glуcerіnum) – мөлдір, түссіз гигроскопиялық сұйықтық. Сумен және 95% этанолмен барлық қатынаста араласады. Глицерин шаншуға арналған ерітінділерде 30% концентрацияда қолданылады. Глицерин жүрек гликозидтерінің суда ерігіштігін арттырады.
Су-этанол-глицерин қоспасы ретінде целанид және лактозид ерітінділерін дайындау үшін қолданылады. Бензил спирті (С6Н5-СН2ОН) (Spіrіtus benzуlісus) - түссіз жеңіл қозғалғыш нейтралды, сұйықтық. Судағы ерігіштігі 4:100, 50% этанолда 1:1 ериді. Бензил спирті 1-10% концентрацияда майлы ерітінділер дайындаған кезде қосымша еріткіш ретінде қолданылады.

20 Фармацевтикалық сыйымсыздық. Сипаттамасы. Жіктелуі. Химиялық құбылыстардан туындаған дәрілік заттардың үйлеспеушілік себептері. Фармацевтикалық үйлесімсіздікті жеңу тәсілдері




Дәрілік заттардың сыйымсыздығы - бұл дәрілік заттардың емдік әсерінің әлсіреуі, жоғалуы, бұзылуы немесе жанама, улы әсерінің күшеюі.
Фармацевтік сыйымсыздық деп дәрілік заттардың өзара немесе көмекші заттармен әрекеттесуі нәтижесінде олардың физика-химиялық қасиеті, сонымен қатар, терапевтік әсері өзгеретін ингредиенттер бірігуін айтады. Дәрігермен ескерілмеген бұл өзгерістер дәрілік препараттарды дайындау және сақтау процесінде жүруі мүмкін. Рациональды емес дәрілік жазылымдар – бір дәрілік түрде жазылған және осы дәрілік түрді дайындау кезінде ерекше немесе арнайы технологияны қажет ететін дәрілік заттар бірігуін айтады. Сыйымсыздықты үш топқа бөледі: физикалық және физикалық-химиялық, фармакологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет