1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар: сулы және майлы ерітінділер, суспензиялар, стерилді ұнтақтар және олардың еріткіштері



бет6/31
Дата29.05.2022
өлшемі146,17 Kb.
#145417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Фарм эталон 2022

12.Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар: сулы және майлы ерітінділер, суспензиялар, стерилді ұнтақтар және олардың еріткіштері
Дәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге асады: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, субарахноидальды және т.б. Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды тері астына көбінесе сулы ерітінділер; бұлшык етке – сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ суспензиялар; күре тамырға – тек сулы ерітінділер енгізіледі. Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп енгізеді. Ампуладағы немесе флакондағы құрғақ (ұнтақ түрінде) түрдегі инъекцияға арналған дәрілік заттарды алдын ала ерітіп немесе араластырып алады. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған су,физиялогиялық ерітіндісі , кейде сұйылған этил спиртін (33 % дейін) пайдаланады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер (pro injectionibus) залалсыздандырылған, тұрақты, апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет) және механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5 -1000 мл шыны құтыларда шығарылады. Құты этикеткасына “Залалсыздандырылған” деп жазылады
Суспензиялар (Suspensiones) – ерімейтін, ұсақ бөлшектелінген қатты дәрілік заттардың қандайда бір сұйықтықта қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр. Суспензия дисперсионды орта (су, өсімдік майы, глицерин) мен дисперсионды фазадан (аталған ортада ерімейтін қатты дәрілік заттардың бөлшектері) тұратын дисперсионды жүйе. Суспензияны ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады.
Ұнтақтар-ішке,сыртқа, немесе иньекцияға(сәйкес еріткіште еріткеннен кейін) қолданылуға арналған,себілгіштік қасиеті бар дәрілік қалып.
13.Сығындылар өсімдіктерден дәрілік затты алу әдістері. Тұнба және қайнатпалар. Дайындау әдістері. Рецепте жазу ережелері.
Сығынды (Extracta) – өсімдік өнімінен экстрагент көмегімен (спирт, эфир және хлороформ) алынған құнарландырылған сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractі fluidі), қою (Extractі spissі) және құрғақ (Extractum siccum). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы.
Recipe: Extracti Belladonnae sicci 0,015
Sacchari 0,3
M.f.pulv.
Da tales doses №12 in charta cerata
Signa. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет.
Тұнбажәнеқайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.
1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.
Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml
Da Signa. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.
14. Жергілікті анестетиктер классификациясы, әсер ету механизмі (лидокаин, новокаин, бупивакаин) және осы топ препараттарына қойылатын талаптар. Жағымсыз әсерлері. Стоматологияда қолданылуы.

Жергілікті анестетиктер деп жүйке ұштарының сезімталдығын уақытша немесе қайтымды төмендететін немесе жүйке талшықтарының бойымен козудың өтуін тежейтін заттар аталады.Бұл класс заттарының әсер ету тізбегі мынадай: олар ең алдымен ауыру сезімін жояды, егер анестезияны тереңдетсе, температура және тактильді сезімталдық, ең соңынан жанасуға, қатты басқанға рецепция жоғалады (терең сезімталдык). Жергілікті анестетиктердің ең маңызды қасиеті олар қайтымды және адам санасын сақтай отырып әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет