1 Дәрілік заттардың тұрақтылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің фармакопеялық талаптары мен реттеуші органдардың талаптары. Дәрілік заттардың тұрақтылықты анықтауға арналған ддұ материалдарын


) .Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: Биоаналогты ДП,биосимулянт, дәрілік өсімдік препараты,гомеопатиялық ДП,радиофармацевтикалық



бет11/13
Дата08.11.2023
өлшемі42,21 Kb.
#190195
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 Д рілік заттарды т ра тылы ын тексеру шін аза стан Республи

15) .Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: Биоаналогты ДП,биосимулянт, дәрілік өсімдік препараты,гомеопатиялық ДП,радиофармацевтикалық ДП. биоаналогтық дәрілік препарат (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) - құрамында тіркелген биологиялық бірегей дәрілік препараттың немесе референттік дәрілік препараттың әсер етуші затының нұсқасы бар және ол бойынша сапа, биологиялық белсенділік, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша салыстырып зерттеулердің негізінде ұқсастығы (тектестігі) көрсетілген биологиялық дәрілік препарат; биосимулянт- құрамында биологиялық белсенді заттар бар тағамдық қоспалар.дәрілік өсімдік шикізаты - дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын жаңадан алынған немесе кептірілген өсімдіктер, балдырлар, саңырауқұлақтар немесе қыналар не олардың бүтін немесе ұсақталған бөліктері; гомеопатиялық дәрілік препарат - Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ фармакопеяларының талаптарына сәйкес немесе олар болмаған жағдайда, гомеопатиялық фармакопеялардың талаптарына сәйкес гомеопатиялық шикізат пайдаланыла отырып, гомеопатиялық технология бойынша өндірілген дәрілік препарат. Гомеопатия (грек тілінен. ὅμοιος — " ұқсас "және πάθος — "ауру") - баламалы медицинаның бір түрі. Гомеопатияда қатты сұйылтылған препараттар қолданылады, олардың белсенді ингредиенті сау адамдарда науқастың ауруына ұқсас белгілерді тудырады;радиофармацевтикалық дәрілік препарат - әсер етуші зат ретінде немесе әсер етуші заттың құрамында қолдануға дайын күйінде бір немесе бірнеше радионуклидті (радиоактивті изотоптарды) қамтитын дәрілік препарат;
16) .Қатты мөлшерленген дәрілік түрлерді стандарттау(суппозиторийлер мен таяқшалар,ұнтақтар)Суппозиторийлер-бөлме темп қатты ,дене темп еритін жұмсақ дозаланған дәрілік форма.Олардағы жақпа негізі ретінде какао майы қолданылады .Олар судан еритін немесе дисперстелетін денеде балқитын лайықты негіздерде дисперстелген немесе еріген,бір немесе бірнеше одан да көп әсер етуші заттардан тұрады.Қажет болса ,сұйылтқыштар,адсорбенттер,беттік-белсенді және майлағыш заттар ,бояғыш заттар сияқты қосалқы заттар кіреді.Классификациясы:1.Ректальды-Пішіні конус тәрізді немесе үшкір цилиндр.Тікелей ішекке енгізіледі. Мөлшері:1-4г2.Вагинальды-сфералық, жұмыртқа тәрізді немесе тегіс пішінді, қынапқа енгізіледі.Мөлшері:1,5-6г3.Уретральды-үшкір цилиндр пішінді, соңында, кіріспеге арналған арналар (зәр шығару, мойын жатырдың, фистуланың, жараның өтуі). Ұнтақтар – ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр. Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде жазылады, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген (дозаланбаған) күйде босатылады.Сыртқа қолданылатын ұнтақтар медициналық белгіленуіне қарай мына түрлерге бөлінеді: - сеппелер- жараларды және терінің, кілегей қабаттың әр түрлі зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар; - үрлеуге арналған ұнтақтар– дене қуыстарын емдеуге қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.); - тісті емдеуге арналған ұнтақтар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет