1 кесте. Құндылықтар және дағдылар
Құндылықтар
|
Дағдылар
|
- шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және айналадағыларға
қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу.
|
- сын тұрғысынан ойлау;
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана
білу қабілеті;
- проблемаларды шешу қабілеті;
- ғылыми-зерттеу дағдылары;
- қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
- жеке және топпен жұмыс істей білу
қабілеті;
- АКТ саласындағы дағдылар.
|
Пәндік білім, дағды және құзыреттілік деңгейін анықтайтын оқу бағдарламалары жоғарыда аталған моральдық құндылықтар мен дағдыларды ескере отырып жасалды. Мұны барлық осы құндылықтар мен дағдыларды қарастыратын химия және Жаратылыстану оқу бағдарламаларында көруге болады.
4.Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелігі::
- пәннің мазмұнын жобалау кезіндегі спиральдік принципі, яғни білім мен дағдыларды тігінен де, көлденеңінен де біртіндеп арттыру (тақырыптар мен сыныптар бойынша дағдылардың күрделенуі);
- таным заңдылықтарына негізделген және пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;
- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқу курсы бойында педагогикалық мақсат қою, бұл пән ішіндегі байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
- бір білім беру саласы ішінде де, пәнаралық байланыстарды іске асыру кезінде де пәндер арасында "өтпелі тақырыптардың" болуы;
- бөлім мазмұнының және ұсынылған тақырыптардың уақыт сұраныстарына сәйкестігі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
- ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар түрінде оқу процесін технологияландыру (Ұлттық білім академиясы, 2016).
5. Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын
жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |