1 ДӘріс. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік»


ДӘРІС. Этникалық және ұлт әлеуметтануы



бет8/11
Дата04.10.2023
өлшемі73,36 Kb.
#183670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтану дәрістер 2

8 ДӘРІС. Этникалық және ұлт әлеуметтануы
1. Этно әлеуметтануы пәні.
2. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші этно мәдени факторлардың сипаттамасы.
3. Этномәдени ұйымдардың ерекшелігі.
Этноәлеуметтануының даму мәселелері. Халықаралық құқық.
"Этника" деген ұғым ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы "халық" дегенге өте жақын. Сонымен адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігін білдіретін этностан "метаэтнос" және "субэтнос" деген терминдер шығады. Үлкен этникалық бірлік болып саналатын метаэтноста оның шығу тегі, мәдениеті, тілі және өзіндік сананың ортақ белгілер көп болады. Мысалға араб немесе түрік халықтарын алуға болады. Субэтнос немесе субэтникалық топ — бұл тұтас халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этникалық қауымдастықтың өзіне тән шығу, даму белгілері және ерекшеліктері болады. Ол әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезендерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту үдерісі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, үғынуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Этноәлеуметтану аса маңызды ұлттық-этникалық қатынастардың күрделі саласын зерттейді. Бұл қатынастарда этникалық қауымдастықтың табиғи және әлеуметтік-психологиялық сипаттары ашық байқалатындықтан, онда қайшылықты да, шатастырылған да жағдайлары болуы мүмкін.
Ежелгі ерте этникалық қауымдастықтарға өмірі мен қызметі, туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген тайпалар жатады. Әрбір тайпа өзіне тән белгілермен ерекшеленді: олар өздерінің шығу тегі, тілі, қалыптасқан салт-дәстүрлері, қарапайым түрінен жоғары дамыған түріне дейінгі материалдық және рухани мәдениеттері жағынан ерекшеленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалық сана қалыптасты. Тайпалар – бұл жер шарының әр түрлі тарихи дәуірінде өмір сүрген алғашқы қауымдық құрылыстың ұйымдасқан нысаны болып табылады. Олар қазіргі заманда азиялық, америкалық, африкалық және австралиялық континенттің кейбір бөліктерінде өмір сүреді.
Этникалық қауымдастық белгілі бір тілді, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарларды, т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғұрлым тұрақты өмір сүруі үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-территориялық ұйым құруға (мысалы, таптық қоғамда мемлекет болуға) тырысады. Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни, территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. "Этникалық қауымдастық" термині кейде бірнеше халықты, яғни этнолингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар монғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де "этникалық қауымдастық" термині қолданылады. Мысалы, қазақта әртүрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда "этнос" дел аталады. Сонымен, жалпы этникалық қауымдастьгқ — адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады. Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі — ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуы негізінде қалыптасты. Қауымдастықтың түрлері. Жоғарыда көрсетілгендей, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері — ру, тайпа, халық болады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу үдерісі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттарды біріктірудің негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісі де бөлек толып жатқан княздіктер мен хандықтарға, "жерлерге" бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетте адамдардың біртұтас берік қауымға айналуы мүмкін емес еді. Тек капиталистік экономиканың жан-жақты терең дамуы, сауданың мейлінше күшейіп, елді түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет