Интербелсенді оқыту әдістері
Қазіргі оқыту үдерісінде «Әлеуметтік тәжірибе арқылы үйрену және үйрету»басты қағидалардың бірі ретінде қолданылады. 12-жылдық білім беру жүйесінің дәстүрлі мектептен айырмашылығының өзі де осында.Оқушы алған білімін өмірлік жағдаяттарда пайдалана алуы тиіс. Жалаң теориялық білім оқушыға қызмет ете алмайды, сол себепті оқытуда білім алушының әлеуметтік тәжірибесін арттыруға ерекше назар аудару керек, яғни оқу процесінде әлеуметтік мазмұн басым болуы қажет.Сабақта шәкірттер мен ұстаз коммуникативтік қарым-қатынас әрекетінің белсенді мүшесіне айналады. Мұндай қарым-қатынаста әрбір шәкірттің өзіндік өмір тәжірибесінің алатын орны ерекше. Сол себепті оқу мазмұны өмірлік тәжірибелерге негізделсе, оқушыда қызығушылық пен ықылас арта түседі. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын , тіпті көркем туындының қайсысын болмасын оқытуда шығарманың мамзұнын, көркемдік ерекшеліктерін, образдар жүйесін талдау жұмыстарын «неге?», «неліктен?», «олай болса, сен не істер едің? » және т.б.сұрақтармен, мысалдармен нақтылай отырып ұйымдастыруға болады. Сондықтан әдебиетті оқытуда «өмірді оқыту, үйрету, өмірден үйренуге оқыту керек» - деген мәселеге сәйкес дәстүрлі репродуктивті білімді құрастырылған (конструктивтік) білім берумен ұштастыру көзделеді.
Репродуктивтік білім дайын оқу материалын белсенді, ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Оқушылар бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмысын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана қабылдауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы ғана болады, өйткені, үйренушілер оны өз өмірінде қалай қолданатынын білмейді. Репродуктивтік білім оқу жоспарларын жүзеге асыратындықтан оны «бағдарламацентристік» оқыту деп те атайды. Ал құрастырылған конструктивті білім аты айтып тұрғандай білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр оқушының қоршаған әлем, өмір туралы өзіндік түсінік құрастыруымен ерекшеленеді. Педагогикада конструктивті білім білім үйренушінің өзіндік ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсіндіріледі. Ал оның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, жасайды. Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды. Оқытудың нәитжелік сипатының құзыреттіліктермен өлшенуі де осыған байланысты. Олай болса мұны кесте арқылы байқап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |