1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты



бет21/22
Дата01.12.2022
өлшемі120,5 Kb.
#160736
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1-15 лекциялар пед.техн

Репродуктивтік (дәстүрлі) білім

Конструктивтік (құрастырылған ) білім

Барлық оқушыға бірдей талап қойылады
Дайын оқу материалдарын меңгеру
Нақтылықты талап ететін оқу әрекеттері
Берілген мазмұнды бағдарлама, оқулық, кітаптар бойынша оқып үйрену
Оқыту арқылы біліктер мен дағдыларды қалыптастыру



Оқытуды оқушының тұлғалық дамуына,өзін-өзі жетілдіруіне бағыттау
Ашық және еркін түрде әрекеттесу
Әлеуметтік тәжірибе арқылы үйрену
Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін құзыреттіліктерді меңгеруге үйрету
Инновациялық мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану,технологияларды меңгеру
Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасын түсінуге ұмтылу

Оқушылардың өз мүдделерінің қызығушылығынан туындайтындықтан бүгінгі оқыту үдерісінде конструктивті білім кең қолданыс тапқан. Конструктивті білім беру үшін оған сай оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Бүгінгі мұғалім дәстүрлі оқытуды сақтай отырып, соны әдістемелер арқылы білім беруді мақсат тұтады. Бұл ретте интербелсенді оқу және интербелсенді оқыту әдістері алға шығады. Интербелсенді оқыту – өзара әрекеттесу, үйрену мен үйрету арқылы білімді меңгертуге және нақты нәтиже алуға бағытталған оқыту әдістемесі. Интербелсенді оқыту мұғалім мен оқушының оңтайлы, тиімді қарым – қатынасына негізделіп, үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуіне құрылады.


Ал интербелсенді оқып үйренуде оқушылар төмендегідей білім, білік, машықтарға үйреніп, дағдыланады:

  • дүниетанымдық тұрғыдан терең ойлану, жеке қабілеттерді дамыту;

  • өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігімен түсініп, ішінен қажеттісін таңдап алу;

  • ақпаратты жан – жақты талдау;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарас ұстану;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • басқа да балама пікірлерді ескеру;

  • шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

  • ұжымдық ортақ жұмысқа жұмыла білу;

  • басқалармен тиімді қарым – қатынас құру, өзара әрекеттесу.

Бұл әдісте оқытудың нәтижелілігі ізденіс, шығармашылық түріндегі оқушы әрекеттерін жүзеге асырады. Интербелсенді оқыту барысында оқушылар белсенділік танытуға, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, өзге пікірді сыйлауға, онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше сол жауапқа әртүрлі жолдар арқылы келу, үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену болып табылады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – ұжымдық түрде өткізілетін, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген технология. Сонымен бірге бұл технология оқу үрдісіне бүкіл оқушылардың қатысуын талап ететін технология болып саналады. Интерактивтік оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстарды әдіскер-ғалымдар төмендегідей жіктейді:

    1. Жұптасып жұмыс істеу.

    2. Ротациялық (ауыспалы) үштік.

    3. Карусель - Айналмақ.

    4. Шағын топтармен жұмыс.

    5. Аквариум.

    6. Аяқталмаған сөйлем.

    7. Миға шабуыл /Мозговой штурм/.

    8. Броундық қозғалыс.

    9. Есептеу ағашы /Дерево решений/

    10. Өз атынан сот /Суд от своего имени/

    11. Азаматтық тыңдау.

    12. Рөлдік /іскерлік/ ойын.

    13. Сығымдау әдісі /Метод пресс/.

    14. Өз позицияңды ұстан.

    15. Пікірталас.

    16. Ойбөліс (дебат).

Интерактивті оқыту технологиясын мұғалімдер сыныптағы оқушылардың білімі мен деңгейіне, қабілетіне байланысты түрлендіріп қолдана алады. Оқушылар жұптасып та, топ болып та жұмыс істей алады. Ең бастысы, мұғалім жақсы ұйымдастырушы бола білуі керек. Аталған технологияда оқушы мен оқушы немесе оқушы мен мұғалім үнемі сұқбаттасып отырады. Бұл оқушылардың тілін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, танымын кеңейтуге септігін тигізеді. Оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Әдіскер-ғалымдар интерактивті оқыту технологиясын танымдық әрекетті ұйымдастыруға ықпал етеді деп есептейді. Себебі, интерактивті оқыту технологиясы оқушыны өздігінен ізденуге, өзінің жетіспей жатқан жақтарын жетілдіруге, қатесін зерделеуге итермелейді. Оқушылардың барлығы өздері білетін, ойлайтын нәрселері туралы ойлауға, оны қарай дамытуға мүмкіндік алады. Интерактивті оқыту технологиясында оқушы жаңа білім алып қана қоймайды, сонымен бірге оны үздіксіз жетілдіріп отырады.
Мысалы, ойбөліс оқушы ізденісіне жол ашады. Оқушы мұғалімнің түсіндіргені мен айтқанын ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа түсіп үйренеді. Пікірталасты сауал, сұрақ, мәселені талдау, талқылау, т.б. тәсілдер арқылы іске асыруға болады. Пікірталас тақырыптары әр түрлі көзқарасты қамтып, бірыңғай пікірге келмеген мәселелерді қамтуы тиіс. Оқушы белсенді рөл атқарушы емес, жетекші позицияға ие болады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға ұмтылады. Берілген проблеманың жауабын іздеп, шешімін табуға тырысады. Әр мәселе туралы пікір, көзқарастарды талдау арқылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге, сын айтуға, көзқарасын білдіруге, пікірін нақтылап, өз сөзімен айта білуге дағдыланады. Оқушы мен мұғалімнің арасында тығыз байланыс орнайды. Дебат оқушы өз бетімен ізденуге, топ алдында еркін пікір айтуға, тілін дамытуға көмектеседі. Интерактивті оқыту технологиясы бойынша орындалатын тапсырмалар оқушылардың пікірін іркілмей айтуын, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуін, шығармашылық белсенділігінің жоғары болуын, өзіндік көзқарасын білдіруін, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуын, қажетті материалды ұтымды, дәлелді қолдануын қажет етеді.
Интербелсенді оқыту бірлескен жұмысқа негізделетіндіктен оқушылардың креативті ойлау, мобильді шешім қабылдау,өзінің де өзгенің де жұмысын дұрыс бағалай алуына мүмкіндік беріліп, нәтижелі жұмысқа жағдай жасалуы керек. Оны әлбетте мұғалім ұйымдастырады. Оқытуды ұйымдастыру мен оқуға үйрету мұғалім қызметімен байланысты. Мұғалім үйретеді, білімді жеткізеді, оқытуды ұйымдастырады, үйренуге жағдай жасайды. Алайда, қазіргі оқытуда оқушы өзі оқиды, білімді ізденеді, үйренеді, қолданады. Сондықтан интербелсенді оқуда оқушының өзіндік әрекеттері бірінші кезекте тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет