1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер


IIІ – дәріс. Қазіргі әлеуметтану теориялары



бет8/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
ЛЕК 1
Қосымша 1, 123, Мақсатын кою, жол ережесі
IIІ – дәріс. Қазіргі әлеуметтану теориялары
Әдебиеттер:

  1. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010

  2. Гофман А.Б. 7 лекции по истории социологии. М: 1999

  3. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004


Жоспар:

1.1920 жылы АҚШ та эмперикалық әлеуметтанудың эмперикалық мектебінің дамуы.

2.Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары:құрылымдық функционализм,

дау-жанжалдық ыңғай, символикалық интеракционизм.

3. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары.

4. Т.Парсонс әлеуметтік тәртіп пен әлеуметтік жүйе туралы.

5. Р.Мертон әлеуметтік жүйенің функциялары мен дисфункциясы
1.Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті. Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді. Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.

Чикаго мектебі социологияның дамуындағы алғашқы әрі маңызды орынды алады. Оның негізін салушы – А. Смолл. А.Смоллдың негізгі қызыққан пәндері ол – қызығушылықтар: денсаулық, байлық, қарым-қатынас, таным, сұлулық пен әділеттілік.Әлеуметтік процесс көбірек қызығушылықтарға жалғасып, біртіндеп жанжалдар келісімге ауысады. Қызығушылықтар, топтық құрылым мен әлеуметтік процесс біртұтас бірлікті құрайды.

Әлеуметтік эволюция У.Сэмнердің ойынша, ерекше мінездемесі бар, ал табиғи сұрыпталу мен өмір сүру үшін күрес тамаша идея. Әлеуметтік теңсіздік – бұл өркениетті даму кезіндегі қажетті табиғи жағдай. Оны қызықтыратыны адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасынан гөрі олардың іс-әрекеті еді. Қоғам бұл шығармашылық процесі. Салт-дәстүр қызығушылықтар мен мотивтерден туындайды. Соңғыларының ішінде ең бастысы – аштық, жыныстық құмарлық, менмендік, қорқыныш.

Э.Россты әлеуметтік тәртіп пен ынтымақтастық табиғаты қызықтырды. Ынтымақтастықты ол әлеуметтік бақылау, процесс, индивидтер мен топтардың біртұтас ұйымы ретінде қарастырды. Росстың пікірінше, бақылаудың шешуші күшін мойындау құбылысынан іздестіру керек деді. Біріншісінде тәртіп, келісім мен бірқанды, жалпы құндылықтар негізінде, екіншісінде – бақылау жолы арқылы қол жеткізіледі. Соңғысының екі типтен тұратын механизмдері бар: ішкі, дамыған сезімдерге негізделген, сыртқы күш пен авторитетті қолданушы. Біріншісі этикалық байқау мақсатында, екіншісі-саяси жетістіктерге жету жолдары (білім, заң т.б.).

Жалпы қоғамның өзара байланысын қамтамасыз ететін функцияларды бақылау мен зерттеу үшін Р.Мертон құралдардың орташа радиустік әрекет теориясын ұсынды.

Роберт Парк пен Эрнест Берджесс-Чикаго мектебінің келесі ұрпақтар классиктері. Олардың негізгі ерекше көзқарастары – теоретикалық бейімделушіліктері, түрлі зерттеу әдістерінің қосындысы, теоретикалық зерттеулерді эмпирикалық зерттеулермен байланыстыруы, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған проектілерге болжам жасау болып табылады. Қалалық агломерат шеңберінде жергілікті бірлестіктерді әлеуметтік – экологиялық теориялар көмегімен зерттеу үшін «концентрлік зонаның» барлығы туралы (болжам, коземел) ұсынылған болатын. Оның авторы Э.Берджес. Э. Берджес пен Р.Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім принциптері мен әдістемелерінің жиынтығын беруге тырысты.



2. Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парагдигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады. Қоғам тұтас әлеуметтік шындық ретіндегі негізгі ережелер мен принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады.

Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1)құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар.

Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.

Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар: 1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар; 2)символикалық интеракционизм; 3)феноменологиялық парадигма; 4) этнометодологиялық парадигмалар.



3. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма.

Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады.

Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ, олар қоғамдағы базалық құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса назар аударады. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі– конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.

Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.

Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенімен, олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің қоғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши, П.Уиллис, Инграм Тейлор, П.Уолтон, Дж.Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.

Мәселен, Антонио Грамшидің пікірінше, билеуші таптың өндіріс құрал-жабдықтарына иегерлік етуі оның бүкіл қоғамдық деңгейде лидер болуына және ең ықпалды лидер болуына негіз де, кепіл де бола алмайды. Оның себебі, біріншіден, мемлекет ешқашан да бірыңғай тек өндіріс құрал-жабдықтың иегері болып отырған таптың мүддесіне қызмет ете алмайды деп көрсетеді. Грамшидің Маркстен өзгешілігі сол, ол таптардың өз ішінде жіктелуіне, тап аралық қабаттардың болатындығына үлкен мән береді.

Франкфурт мектебінің өкілі Юрген Хабармас Маркстен кейінгі әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, Маркстің экономикалық күйзеліс капитализмінің күйреуіне әкеліп соғады деген пікіріне қарсы болады. Хабермас «Капиталистік елдердегі мемлекет өз экономикасына ықпал ете отырып, капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің күйзеліске ұшырауын болдырмауы мүмкін» немесе оның қолайсыз жағдайға ұшырау мерзімін белгілі бір ұзақ уақытқа созуы мүмкін деген пікір айтады.

Символикалық интеракционизм концепциясының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Әсіресе, символдың мәндік, мазмұндық жағына Мид ерекше көңіл бөледі. Адам тағдыры үшін ең құнды нәрсе – мән, мазмұн болып табылады. Әлеуметтік интеракция (өзара әрекет) теориясының авторы Джорж Герберт Мид(1893-1931).

Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаны өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни, адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негіз болады деп көрсетеді. Ол алғаш рет әлеуметтік рольдер теориясын қалыптастырды,

Мидтің шәкірті Герберт Блюмер интеракционизм парадигмасын дамытуда елеулі үлес қосты. Оның пікірінше, символикалық интеракционизм үш түрлі алғышарттарға негізделеді: 1.Адамдар, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың мәніне негізделе отырып, іс-әрекет жасайды. 2. Заттар мен құбылыстың мәні, мазмұны тек қана алдын ала анықталып, беріле бермейді және мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайға байланысты қалыптасуы да, түрленіп өзгеруі де, дамытылуы да мүмкін. 3. Мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайда жасалынған интерпретацияның қорытындысы болып табылады. Басқа біреудің ролін атқарушы адам қандай да бір процеске қатыса отырып, өзінің кейіпкерінің іс-әрекеті мазмұнын және оның алдағы уақытта істейтін іс-әрекетін интерпретация жасап отырады.

Сонымен, Блюмер интеракционистік парадигма мен әлеуметтік әрекет парадигмасының арасында елеулі айырмашылық бар деп есептейді

Феноменологиялық парадигма. Бұл социологиялық бағыттың өкілдері адам санасының ішкі мазмұндық жағына баса назар аударады. Яғни, адамның ақыл арқылы сыртқы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне баса көңіл бөледі. Адамды және қоғамды зерттеуде олар әлеуметтік әрекетке көңіл бөлмейді, сондықтан адамның мінез-құлқының себептік жақтары қарастырылмайды. Керісінше, олар, ең алдымен, құбылыстың мазмұндық жағын түсінуге тырысады да, ал оның пайда болу себептеріне көңіл аудармайды.

Феноменологтардың пікірінше, адам сыртқы ортаны тек сезім мүшелері арқылы ғана таниды: көру, есту, дәм, иіс, затқа дене мүшелерін тигізу арқылы. Бірақ ол сыртқы ортаны толық түсіну үшін жеткіліксіз болады. Демек, әлеуметтік өмірді тану үшін феноменологиялық жіктеу тәсілдерін зерттеудің қажеттілігін көрсетеді. Феноменолог - әлеуметтанушылар теория әзірлеп жатыр, ол бойынша әрекет етуші индивидтер жасағандықтан әлеуметтану ақиқаты өз табиғатынан жасанды.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің негізінде философиялық көзқарастың жатқандығын көруге болады. Шындығында феноменология неміс философы Эдмурд Гуссерльдің дамытуымен алғаш рет Европа философиясының бір тармағы ретінде қалыптасқан болатын. Ал феноменологияны әлеуметтік өмірді түсіндіруде алғаш қолданған Альфред Шюц болған.

Этнометодологиялық парадигма басқаларға қарағанда, біршама жаңа социологиялық концепция болып есептелінеді. 1967 жылы Гарольд Гарфинкель «этнометодология» ұғымын алғаш енгізген болатын. Жуықтап аударғанда «Адамдар қолданатын тәсілдер» деген мағынаны береді. Дәлірек айтқанда, этнометодологтар адамдардың әлеуметтік ортаны тануда қолданатын тәсілдерін зерттейді. Гарфинкель, біріншіден, этнометодологияны қарапайым адамдардың күнделікті өмір-тіршілігіндегі іс-әрекеттерін түсіндіре алуға болатындығын көрсететін тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Екіншіден, кез келген әлеуметтік құбылыстар мен әрекеттердің барлығы тең дәрежеде социологиялық зерттеулердің пәні бола алады деп қарастырады. Үшіншіден, ол әлеуметтік жағдайдың өзіндік спецификасын ескеруі керек және оны ресми ғылыми тілмен емес, керісінше, сол жағдайдың өзіндік ерекшелігін барынша толық көрсете алатын ауызекі тілді, тәсілдерді қолдануы қажет деп көрсетеді.

Этнометодология парадигмасындағы басты идея – ол «индексация» идеясы. Мұның мәні – кез келген зат пен құбылысты немесе мінез-құлықтың мазмұны оның контексінен өрбиді деген қағиданы ұстануда. Яғни, Гарфинкельдің пікірінше, кез келген әрекеттердің мәнін тек белгілі бір контекст тұрғысынан қарастырған жағдайда ғана түсіндіруге болады.

Д.Х.Зиммерман этнометодологияның басты мәні – «қоғам мүшелері дүниедегі құбылыстарды түсіну мәселесін қалай шеше алатындығын түсіндіруде», - деп көрсетеді. Зиммерман құжаттық тәсілдің (документальный метод) маңызын жоғары қояды. Жоғарыда көрсетілген парадигмалар өздерінің қоғамды талдау сипатына қарай екі түрге бөлінген. Егер бірінші түрдегі парадигмалар қоғамның құрылымы адамдардың мінез-құлқына қалай ықпал ететініне басты назар аударса, ал екіншілері – қалай адамдардың әлеуметтік әрекеттері арқылы қоғамның құрылатындығына басты назар аударады. Алайда, қазіргі социологтардың көпшілігі жоғарыдағы екі көзқарасты біріктіретін теорияны жасауды жақтайды. Осындай көзқарасты жақтайтын қазіргі социологтардың бірі – Британ социологы Антони Гидденс болып есептеледі. Гидденс қоғамның құрылымы мен әлеуметтік әрекет бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді деп есептейді. Оның пікірінше, қоғамның әлеуметтік құрылымы тек әлеуметтік әрекеттер арқылы ғана жасалынады. Ол екеуінің өзара тәуелділігін немесе өзара байланысын түсіндіру үшін, Гидденс «структуракция» ұғымын қолданады. Ол мұнда, біріншіден, құрылым болған жерде ғана әлеуметтік әрекеттер арқылы ғана құрылымның жасалатындығын көрсетеді.

Әлеуметтік өмірде Гидденс құрылымның екі түрін көреді: «қағидалар» және «ресурстар». Ол әлеуметтік өмірде адамдар басшылыққа алып отыратын процедураларды қағидаларға жатқызады. Құрылымдық қағидалар қоғам мүшелері арқылы жасалып және өзгертіліп, олардың жаңа үлгілері жасалынып отыруы мүмкін. Құрылымның екінші түрі – ресурстар да сол сияқты тек адамдардың әрекеттері арқылы жасалып, өзгеріп және сақталып отырады деп көрсетілдеді. Билік ресурсы болуы мүмкін емес. Екіншіден, билік ресурсы бір индивидтің екіншісінің үстінен үстемдік жүргізу қабілеті арқылы көрініп отырады. Ф. Гидденс социологиялық үлгіні құру үшін барлығын қамтушы элементар қағидаларды табуға тырысты. Олар: туу сана-сезімі, сондай-ақ әлеуметтік ақыл-ой, индивидтердің бір-біріне деген сезімдер бірлігі. Оның ойынша, қоғам-санасыз эволюция жемісінің бір бөлігі, саналы жоспар нәтижесін құрастырушы ерекше ұйым, сондықтан социология объективті және субъективті түсіндірмелерді біріктіруі қажет. Адамдар тобының динамикасы – екі күштер типтердің өзара іс-әрекеті: әлеуметтендіруші және әлеуметтік. Біріншісі – сыртқы жағдайлар олар топты қалыптастырып ұйымдарды дамытып әлеумет-тендіреді. Мәселен: топырақ, климат, индивидтердің ұмтылушылықтары мен ынтызарлығы. Екіншісі – топтық әсері индивидтердің топтық мақсаттарға жетуге бағытталу іс-әрекеті. Мәселен: қоғамдық пікір, заңдар.

ХІХғ. ортасы мен екінші жартысында позитивті-натуралистік дүниетанымдық көзқарастар мен сол кездегі социологияда Батыстың интеллектуалдық жетістіктеріне негізделіп дамыды.

Эволюциялық теория ХІХғ. екінші жартысында негізгі идеялық климат факторы болды. Эволюция сол кезеңдегі қоғамдық ойлардың дамуына бағыт көрсетуші ретінде, адам мен табиғат тарихы заңдарының бірлігі жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар әдістерінің көзқарастарына сүйенеді.

Биолого-эволюциялық мектептерде әлеуметтік эволюцияны биологиялық эволюцияның жалғасы немесе бір бөлігі ретінде қарастырды. Осылайша, биорганикалық мектеп әлеуметтік біртұтастылық құрылымына ерекше мән берсе, ал нәсілдік-антропологиялық мектеп- адамға биологиялық табиғаттың әсерін, нәсілдік мінездемелері мен оның қоғамдық өмір генотипіне әсерін қарастырды, әлеуметтік дарвинизм - өмір сүру үшін күрес және табиғи сұрыпталу, географиялық мектеп–географиялық орта мен кеңістіктегі адамдардың таралуы мен орналасуы т.б. мән берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет