1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер



бет6/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
ЛЕК 1

Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.

Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.

Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.


2. О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.

Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

Әлеуметтік эволюция идеясы.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы, ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Эмиль Дюркгейм (Emіl Durkhgame) (1858 - 1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі.

Көзі тірісінде Дюркгейм төрт кітап шығарды: “Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы” (1893), “Социология әдісі” (1895), “Өзін-өзі өлтіру” (1897) және “Діни өмірдің қарапайым формалары” (1912).

Осы ғылым пайда болған елде - Францияда социологияның институттануы Дюркгейм есімімен тығыз байланысты. Көптеген адамдар оны қоғамды зерттеуде позитивизмді дәйекті жалғастырушы деп есептейді. Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Дәлме-дәл айтсақ, социологизм дербес жалпы социологиялық теория ретіндегі әлеуметтік өмірге қандай-да бір ерекше анықтама беруге немесе түсіндіруге талпынбайды. Бұл философиялық-социологиялық тұжырымдаманың мәні белгілі бір бастапқы позицияны тұжырымдауға саяды: яғни, адам болмысындағы әлеуметтік шындықтың басты және ерекше маңызын мойындау және де бұл болмысты түсіндіруде социологиялық әдістерді қолдану.

Дюркгейм тұжырымдағандай, “...әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру қажет. Заттар - бізге берілген бақылауға жататын және бақылауға болатын нәрселер. Қоғамды зерттеген бұрынғы барлық ғылыми пәннің негізгі қателігі, Дюркгеймнің пікірі бойынша, мынада: олар әлеуметтік құбылыстарды қарастыру барысында біз оларға қандай мән-мағына берсек, соған сүйенетіндігінде; соған қарамастан олардың нағыз мәнін тек объективті ғылыми зерттеудің көмегімен ғана анықтауға болады.

Әлеуметтік байланыстың, оның сипаты мен түрлерінің сараптамасына Дюркгеймнің атақты еңбектерінің бірі “Өзін-өзі өлтіру” арналған. Бұл кітап ортақ қағида бойынша классикалық социологиялық еңбек ретінде қарастырылады. Бұл еңбегінде Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің әлеуметтік себептеріне назар аударады. Өзін-өзі өлтіруді тек адамдар ғана іске асыруға қабілетті, бірегей жеке-дара актілердің бірі болғандықтан бұл ерекше қасіретті жағдай. Бұған қарамастан Дюркгейм мол әлеуметтік деректерге сүйене отырып, өзін-өзі өлтіру ықтималдығын анықтауда әлеуметтік негіздеудің шешуші маңызы бар екендігін көрсетті.

Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер.

Әлеуметтік шындық пен социологиялық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі - жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, социология соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді.

Макс Вебердің ойынша социология, ең алдымен адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.

Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді.

Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді.

Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу. Мұндай іс-әрекет көбінесе таза автоматты түрде, қалыптасқан таптауырындар бойынша жүзеге асады, ол өткен ұрпақ пен өзінің жеке тәжірибесінің негізінде қалыптасқан іс-әрекеттің әдеттегі үлгілеріне бағытталу талпынысымен сипатталады.

Аффективті іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Аффективті іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде. Бұл жағынан ол мақсатқа сай ұтымды іс-әрекетке тікелей қарама-қайшы; алайда бұл жерде біз жоғарыда көргеніміздей қандай да бір “сыртқы” мақсатқа жетуді көздемейтін және айқындықты іс-әрекеттің жүзеге асуынан көретін құндылыққа сай ұтымды іс-әрекетпен ұқсастық жатады. Вебердің пікірінше, “индивид, егер тез арада өзінің өш алуға, ләззатқа, берілгендікке, масайраған пайымдауға қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса немесе қандай арсыз не нәзік болса да кез келген басқа жан азабын жеңілдету үшін әрекет етеді”.

Әлеуметтік әрекеттің соңғы екі жетілген түрі тура мағынасында толығымен әлеуметтік еместігі айдай анық - қалай дегенмен де бұл сөздің Вебер айтқан мағынасында. Шынымен де, дәстүрлі және әсіресе әрекеттің аффективті түрі көбінесе жануарларға тән іс-әрекеттер типіне жақын. Олардың ішіндегі біріншісі - дәстүрліні - басым деңгейде шарттыға, ал екіншісі - азаптыны - сөзсіз рефлекске жатқызуға болады. Олар әлеуметтік іс-әрекеттің екіншісі және әсіресе бірінші түрімен салыстырғанда неғұрлым аз деңгейде ақыл-ойдың туындысы болып табылатындығы түсінікті.

3.Классикалық кезең. Ерте классикалық кезеңінде социология алғаш рет университеттерге енгізіле бастады, алғашында Батыс Еуропада, кейіннен Солтүстік Америкада, Ресейде және кейбір басқа елдерде. Социология профессорлары, сосын кафедралар, ғылыми журналдар, кәсіптік, ұлттық және халықаралық қауымдастықтар пайда бола бастады. Социологияның институттануының ірі белесі: 1983 жылы Парижде Халықаралық социология институтының негізі қалануы, 1901 жылы Бірінші дүниежүзілік Орыс қоғамдық ғылымдар Жоғары мектебінің шеңберінде ашылуы, L’Annee Socіologіque және The Amerіcan Journal of Socіology журналдарының ашылуы. Ресейде бұл кезең 1916 жылы М.М. Ковалевский атындағы Орыс социологтары қоғамының құрылуымен аяқталды.

Кейінгі классика кезеңі әлемнің жетекші университеттеріндегі кафедралар мен факультеттердің қарқынды дамуымен, дербес социологиялық зерттеу институттарының пайда болуымен, социологтардың халықаралық ынтымақтастығының одан әрі нығаюымен және жекелеген мектептердің ұлттық шекара шеңберінен шығуымен сипатталады. Соңғы тенденцияның мысалы Франкфурт мектебі бола алады, оның жолын қуушылары Германияда ғана емес, Францияда, Англияда, Швейцарияда және АҚШ-та бар. КСРО-да бұл кезең 1918 жылы елдің жетекші университеттерінде факультеттер құрумен және әлеуметтік проблемалардың кең ауқымды спектріне маманданған инститтуттардың ашылуымен басталды.

Қазіргі заманғы кезең. Соғыстан кейінгі социология университеттер шегінен асып шығады, кәсіпқой социологтардың едәуір саны салалық зерттеу орталықтарында шоғырланады. Басқару менеджменті сияқты әлеуметтік технологиялар немесе саяси болжаудың әр түрлі әдістемелері, мысалы, сараптамалық бағалау және брейнсторминг сияқты танымал әдістері пайда болады және қарқынды дамиды.

Жаңа социология кезеңінде салалық социологиялық ынтымақтастық кеңінен дамиды, салыстырмалы халықаралық зерттеу жобалары кең қанат жаяды, халықаралық социологиялық басылымдар саны артады.

Социология ғылымының дамуының сұлбасы жалпы алғанда осындай. Социологиялық ойдың дамуы кезеңдерінің мазмұнымен нақтырақ танысу үшін нақты тұлғалар мен мектептерді қарастыру қажет.

4. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын - өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.

1) Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі, ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.

2) Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын сатыны құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.

3) Позитивті не шынайы немесе ғылыми сатыда (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - қиял бақылауға тұрақты бағынатын заң қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді.

Конттың ойынша, кез келген объект екі көзқарас (статикалық және динамикалық) тұрғысынан зерттеледі. Мұның әлеуметтік жүйені зерттеуде де қатысы бар. Сондықтан социология оның доктринасында екі бөлікке бөлінеді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Екі пән де Конттың “тәртіп және прогресс” деп аталатын ұранының екі бөлігіне сәйкес келеді. Әлеуметтік статика үшін басты мақсат - әлеуметтік тәртіп заңдарын табу болса, әлеуметтік динамика үшін - прогресс заңдарын анықтау. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Олардың біріншісінің объектісі - “тыныштық қалпындағы” қоғам болса, екіншісінің объектісі - “қозғалыс қалпындағы” қоғам болып табылады. Конттың социологияның осы екі бөлімінің маңыздылығына берген салыстырмалы бағасы өзгеріп отырады: “Позитивті философия курсында” ол социологияның басты бөлігі - әлеуметтік динамика деп есептесе, “Жүйеде” әлеуметтік статиканы социологияның басты бөлімі деп санайды.

Әлеуметтік статика “ұжымдық тіршілік ету құрылымын” бөліп көрсетіп, барлық адамзат қоғамына тән тіршілік ету жағдайларын және соған сәйкес үйлесімділік заңдарын зерттейді. Бұл жағдайлар индивидке, отбасыға және қоғамға (адамзатқа) қатысты.

Конттың ойынша, индивид табиғи түрде қоғамда өмір сүру үшін жаралған; бірақ оның өзімшіл ерекшеліктері де табиғи сипат алады. “Нағыз социологиялық элемент” - индивид емес, отбасы болып табылады.

Отбасы - әлеуметтік өмір мектебі, мұнда индивид бағынуды және басқаруды үйренеді, басқалармен үйлесім тауып өмір сүруді үйренеді. Ол әлеуметтік сабақтастық сезімі мен өткен ұрпаққа тәуелділікті түсіну керектігін сіңіріп, өткенді болашақпен байланыстыра отырып “...Адамның өмірге кеше келдім деп ойламауы әрқашан маңызды болады...” дейді. Микроәлеуметтік жүйе болған отбасы иерархия мен субординацияға бағынады: мұнда әйел еркекке, кішілер - үлкендерге бағынуы тиіс. Отбасы - қоғамды құрайтын негізгі элемент.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет