1-дәріс. Ғұндардың қаһармандық дастандары. Жоспары: Ежелгі дәуір дастандарындағы ерлік тақырыбы. «Алып ер тоңға»



бет1/2
Дата16.01.2022
өлшемі26,81 Kb.
#112295
  1   2
Байланысты:
1-дәріс 3931cf2f993a8284d453995f02ab17c2


1-дәріс. Ғұндардың қаһармандық дастандары.
Жоспары:

  1. Ежелгі дәуір дастандарындағы ерлік тақырыбы.

  2. «Алып ер тоңға», Тұмар патшайым, Ширақ, Аттила, Мөде т.б дастандардың генезисі, тарихы.

  3. Сақтар мен ғүндар дәуірінде өмірге келген ерлік дастандардың зерттелу деңгейі.


Ежелгі түркі тайпаларының арғы ататегі саналатын сақтар мен ғүндар дәуірінде өмірге келген ерлік дастандары күні бүгінге дейін көпшілік оқырман қауымға беймәлім болып отыр. Мүның өзіндік сыр-себептері бар. Ең бастысы — біздің заманымыздан бүрынғы III—I ғасырларда, яғни ғүндар империясының мейлінше күшейіп түрған дәуірінде айтыла бастаған ежелгі түркі тайпаларының батырлық жырлары толық сақталмай, бүгінгі күнге қысқа-қысқа үзінді күйінде немесе қысқаша сюжеті ғана жеткен. 

Соның өзінде, Түркия елінің ғалымдары бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мүрасы болып табылатын «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр», «Оғыз қаған», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенекон» дастандары жайында бірқатар зерттеулер жүргізді.

Ал, біздің жыл санауымыз бойынша 220-430 жылдары ғүндар бүкіл Орталық және Батыс Еуропаны, дәлірек айтсақ, Еділден бастап, Ла Маныш бүғазына (Франция) дейінгі үланғайыр өлкеде қуатты мемлекет қүрып, осында бірнеше ғасырлар бойы билік жүргізіп келгені тарихтан жақсы мәлім.

Міне, қыпшақ даласынан барып, Еуропаны мекен еткен ғүндардың ерлік жорықтарын зор шеберлікпен жырлаған көптеген ғажайып дастандар сол көне дәуірдің өзінде-ақ өмірге келген еді. Алайда кейбір герман, фин, славян фольклорын зерттеушілер ежелгі түркі тайпаларының рухани мұраларын өздеріне меншіктеп алғысы келеді. Мәселен, кезінде Еуропада билік жүргізген патша, қыпшақ даласының батыр ұлы Атилланы неміс халқының үлттық қаһарманы етіп көрсеткісі келетіндер де бар. Ал, тарихи деректер бойынша, Атилла 434 жылы ғүндар мемлекетінің тағына отырып, Рим империясына қатер төндіріп тұрған, тағылық дәрежедегі герман тайпаларын (кельт, гот, бергун, вандал) күйрете жеңіп, оларды Орталық Еуропадан қуып шыққаны мәлім.

Аталған дәуірдегі шығармаларды зерттеген ғалымдар оларды арналы екі тарауға бөліп зерттеуді қолға алған. Б і р і н ш і, сақтар мен ғүндар дәуірінің тарихи оқиғаларынан елес беретін ежелгі түркі дастандарының бізге жеткен қысқа-қысқа үзінділерін, жыр жолдарын, кейбір оқиғалар мазмұнын, қанатты сөздерін, тағы басқаларын жинап, бір ғылыми жүйеге келтіру болып табылады. Сол арқылы бізге жеке элемент-жұрнақтары ғана жеткен дастандардың жалпы сюжеттік желісін біршама айқындаған. Мұндай тәсіл әдебиеттану ғылымында ертеден-ақ қолданылып келеді.

Е к і н ш і, осы ежелгі түркі дәуірінің ерлік дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын айқындауға көп еңбек сіңірген.

Сонымен, әлемдік әдебиет аренасынан өзіндік орын алған қазіргі қазақ әдебиеті өзінің бүгінгі асқар биігіне, кемелденген дәрежесіне жету үшін сан ғасырлық тар жол, тайғақ кешулерден, қиын-қыстау асулардан, зар замандардан өтіп келді. Өйткені қазақ әдебиетінің тарихы — қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі, ізі болып табылады.

Демек, біз қазақ фольклоры мен әдебиетінің түп- төркінін, қайнар бастауларын, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып-білу үшін алдымен халқымыздың бүрынғы-соңғы тарихынан толық хабардар болуымыз қажет.

Еліміздің егемендік алуының өзі көне тарихқа көз жүгіртіп, сан ғасырлар бойы елеусіз жатқан асыл мүраларды танып-білуімізге мүмкіндік туғызып отыр.

Сөйтіп, басқа да түркі тілдес халықтар секілді қазақ халқының да ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар екені мәлім. Қазақ халқының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы кезінде академик Әлкей Марғүлан мынандай пікір айтқан еді: „Қазақ халқына көп ғасырдан бері мүра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмүны ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді. Бүл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір — жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстаған сақтар, ғүндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған ұрпақтары — оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар (қазылық- тар), наймандар, керейлер, пешенелер, хазарлар».

Сонымен біздің заманымыздан бүрынғы дәуірде өмірге келген ежелгі аңыз-әфсаналарды, жыр-дастандарды терең танып білу үшін осы сақтар, ғүндар, үйсіндер, қаңлылар, оғыздар, қыпшақтар тарихын білгеніміз жөн.

Біздің заманымыздан бүрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген ат- пен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік қүрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бүйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) та- былған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың „Алтын обасынан» (Оңтүстік Қазақстан облы- сы) шыққан әшекей-сәндік бүйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер — сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары болғанын аңғартады.

Сақтарда бүғы, арқар, арыстан, самүрық қүс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан қүйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған „Алтын обадан» табылған зергерлік-әшекей бүйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер — үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань атыраулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты.

Атақты тарихшы С. П. Толстов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бүл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.

Қазіргі Қазақстан аумағында әуелгі таптық қоғамдардың қалыптасуына еуропалықтарға «ғүндар» деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлесгігінің ықпалы да күшгі болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғүндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асарларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Еуропаға қоныс аударды.

Сөйгіп, «халықтардың үлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Еуропаның этностық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті.

Түрлі түркі тайпаларының шыққан тегі, яғни арғы ата- бабалары ғүндар екенін Батыс пен Шығыстың көптеген ғалымдары тарихи, саяси және мәдени түрғыдан жан- жақты зерттеп аса қүнды ғылыми еңбектер жазған. «Ғүндар түркі тайпасының арғы атасы екенін қытай тарихынан келістіре аударған жүйрік ғалымның бірі Абел Ремюза. Хун-гун екеуі бір сөз, ескі дәуірдегі ғүндардың аты, олар тегісімен түріктер. Ескі дәуірдегі ғұндардың түрік екенін ең алғаш айқын суреттеген академик А. А. Куник. Еалым мадьярдың ескі дәуірдегі көз қайнақтарын (анналдарын) жақсылап зерттеп, ғұндардың тарихын ашық түрде айқындап берген».

Қазіргі түркі халықтарының арғы ата-бабалары саналатын ғүндардың біздің заманымыздан бүрынғы бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ төл жазуы, әдеби тілі, жоғары мәдениегі, сан салалы ғылымы, сәулет өнері, металл қорыту, қару-жарақ жасау кәсібі болғанын дәлелдейтін көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Алайда сақ, ғүн, оғыз және қыпшақ тайпаларының ең асыл қазынасы саналатын рухани байлығы – ауыз әдебиеті жайында жазылған зерттеулер жеткіліксіз дәрежеде деуге болады.

Біздің жыл санауымыздан бүрынғы ғұндар дәуірінде өмірге келген түрлі аңыз-әфсаналар, мақал-мәтелдер, түрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер және батырлық эпосы әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ. Ауыз әдебиегінің бүл үлгілері біздің заманымызға толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде ғана жетті. Ал, кейбір батырлық жырларының жалпы сюжеттік желісі ғана сақталып қалған. Бүлар негізінен көне заман тарихшылары Геродот, Ктезий, Полиэн, Харес Митиленскийдің еңбектері арқылы белгілі болып отыр. Өздері орта ғасырда өмір сүрген Табарий, Масуди, Исфахани, Беруни сияқты ғүламалардың кітаптарынан да ежелгі ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерін табуға болады.

Сондай-ақ «Авеста», «Бехистун», «Бундахшин», «Денкард» сияқты көне заман туындыларында ғүндар және олардың үрпақтары қыпшақтар жайындағы ауыз әдебиетінің кейбір үлгілері сақталған. Ал, біздің жыл сан- ауымыздан көп ғасырлар бүрын Еуропаға қоныс аударған дала қыпшақтарының арғы ата-бабалары саналатын ғүндардың ерлікке толы өмірі, түрмыс-тіршілігі хақында «Вальтария», «Нибелунгтер туралы жыр» деп аталатын көне герман эпостық жырларында айтылады.

Сонымен, қадым заманның батырлық жырлары да өмірде болған тарихи түлғаларды, қоғамдық қүбылыстар- ды бейнелейді. Алайда ерлік эпостарында „тарихи оқиғалардың сол күйінде, ешбір өзгеріссіз, қайталанып айтылуы шарт емес. Мүнда негізгі тарихи деректер сақталып қалады. Әйтсе де бүл оқиғаның өзі халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиғаларға бүркемеленіп беріледі» (74, 8, 49). Басқаша айтсақ, ерлік эпосының өмірге келуінде халық өмірінде маңызды рөл атқарған та- рихи түлғалар жайында аңыздар ерекше орын алады.

Міне, осыған орай біз енді қадым заман дастандарының басты қаһармандарына айналған, есімдері мен ерліктері аңызға айналып кеткен тарихи түлғаларға қысқаша тоқталып өтелік.

Есімі аңызға айналған осындай қаһармандардың бірі – ғұндардың үлы көсемі Мөде деуге болады. Ол біздің заманымыздан бүрынғы 209-174 жылдары өмір сүрген. Бүл кезде табғаш (Қытай) елдері ғүндарға бағынып, оларға алым-салық төлеп түрған. Олар ғүндардан қорғану үшін өздерінің «ұлы қорғанын» осы кезде салған. Алайда бес мың шақырымға созылған бүл биік қорған Мөденің жақсы қаруланған қалың жасағына бөгет бола алған жоқ.

Өзін Мөде қағанның он бесінші атадан кейінгі ұрпағы санайтын атақты ғүн қағандарының бірі Баламырдың шөбересі болып келетін қыгпиақ ханы Атилла жайындағы аңыздар Еуропа елдеріне көбірек тараған. Атилла әскері кезінде бүкіл Батыс Еуропаны қаратқаны мәлім. Бір қызығы – Еуропа мен Скандинавия елдерінің кейбір халықтары ғұндардың ұлы қолбасшысы «Атилланы орынсыз меншіктеніп, оны өздерінің ұлттық қаһарманы етіп алған».

Тұран елінің ұлы көсемі, даңқты қолбасшы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) туралы да халық арасында түрлі аңыз-әфсаналар кең тараған. Тұран мен Иран елінің арасында болған талай-талай шайқастарда есімі күллі әлемге мәшһүр болған Тұран патшасының ерлік істері «Алып Ер Тоңға» дастанында жырланған.

Сондай-ақ өз елінің тәуелсіздігі үшін қанды шайқасқа қалың қол бастап шыққан батыр қыз Томиристің ерлік істері жайындағы аңыз-әфсаналар да талай-талай дастан- дарға негіз болып қаланды.

Сақтардың көсемі Шырақ Иран елімен болған соғыста адам айтқысыз ерлік, әрі зор тапқырлық көрсетеді. Ол өз әскерінің жаудан жеңіліп бара жатқанын сезген сәтте айла жасап, қанжармен өз денесін өзі аяусыз кескілеп тастайды да, жау жағына өтіп кетеді. Ол парсыларға ба- рып: „Мені сақтардан қүтқара көріңдер, олар мені жазалады», деп қанталаған денесін көрсетеді. Сөйтіп, Шырақ батыр жау әскерін алдап, барса келмес шексіз қүм сахарада шөлден қырып салған екен.

Кезінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде ғүмыр кешкен осындай тарихи түлғалар туралы сол көне дәуірдің өзінде-ақ ғажайып дастандар айтыла бастаған еді. Дегенмен бүл дастандар біз жоғарьіда атап көрсеткендей- ақ бүгінгі күнге толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділері немесе сюжеттік желісі арқылы ғана жеткен.

Қадым заман дастандарын көп зерттеген Түркия елінің атақты ғалымы Н. С. Банарлы көне түркі мүраларына қатысты аса қүнды пікірлер айтады. Мәселен, ол өзінің «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде: «Түрік әдебиетінің жиырма жеті ғасырлық тарихы бар. Бұл әдебиет Кореядан Еуропаға дейін созылып жатқан Орта Азия, Қорасан, Иран, Үндістан, Әзербайжан, Анадолы, Мысыр, Сирия, Ирак т. б. көптеген жерлерде мемлекет құрған түріктер жасаған әдебиет. Ұланғайыр өлкеде ғасырлар бойы қалыптасқан көне түрік әдебиетіне сол түрлі аймақтарда орын алған тарихи, қоғамдық, саяси оқиғалар, мәдени, тілдік, эстетикалық қүбылыстар және географиялық көріністер тікелей әсер етіп, бүл жырларда өзінің өшпес із-сүрлеуін қалдырған. Соның өзінде де көне түрік әдебиеті өзінің ең басты қасиетін – ұлттық бейнесін сақтап қалған».

Бұл арада С. Н. Банарлы «көне түрік әдебиеті» деп күллі түркі тілдес халықтардың ежелгі дәуір әдебиетін айтып отырғанын ескерте кеткіміз келеді. Түрік ғалымы С. Н. Банарлы біз сөз етіп отырған қадым заман эпостарын «дастандар дәуірінде туындаған шығармалар» деп қарастырады. Ол дастан жанры туралы мынандай пікір айтады: «Дастан – халық көзімен көріліп, халық рухымен сезіліп және халық қиялында ертегіге айналдырылған тарих. Тарихи деректердің сақталып қалуы түрік дастандарында жиі ұшырайды. Дастандарда халықтардың діні, түрлі наным-сенімдері, Тәңір немесе Тәңірлер алдындағы қимыл-әрекеттері, өздері өмір сүрген географиялық ортаға сай туындайтын сезімдері бейнеленеді».

Қадым заман дастандарын екі кезеңге бөліп қарастырғанымыз жөн. Олар: исламға дейінгі дастандар және исламнан кейінгі дастандар. Бұлардың бір-бірінен кейбір айырмашылықтары бар деуге болады. Бүл айырмашылықтар көбінесе дастандардың сюжетіне, көріктеу құралдарына, композициялық қүрылысына қатысты болып келеді.

«Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу батыр» дастаны, «Оғыз қаған» дастаны, «Атилла» дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» дастандарының қазақтың батырлық эпосына ықпал әсерін көркемдік дәстүр жалғастығын олармен кеңірек танысқанда көзіміз жете түседі.

Жоғарыда аталған ежелгі ерлік дастандары сақтар мен ғүндардың, ал бертін келе оғыздар мен қыпшақтардың қоғамдық-әлеуметтік өмірін, күнделікті түрмыс-тіршілігін, әдет-ғүрпын, салт-санасын, діни наным-сенімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері болып табылады. Бұл ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген негізгі идеясы – елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу, өзінің ел-жүртын сыртқы жаудан сақтап қалу, халық үшін қанды айқасқа шыққан батырлардың ерлік істерін мадақтау, бұқара қауымды ынтымақ бірлікке үндеу екенін ескергеніміз жөн. Өйткені дәл осы ізгі идеялар араға сан ғасырлар салып барып қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар» сияқты батырлар жырында өз жалғасын тауып, жаңа тарихи жағдайда мейлінше кең қанат жая түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет