9-дәріс. Қан топтары мен биохимиялық полиморфизм
Иммуногенетиканың маңызы және шығу тарихы.
Ауылшаруашылық малдарының қан топтары.
Биохимиялық полиморфизм.
Шыққан тегін анықтау.
Егіздерді зерттеу.
Қан топтарымен өнім белгілерінің арасындағы байланыс.
Жаңатумалардың гемолитикалық ауруы.
Иммуногенетиканың маңызы және шығу тегі
Жеке организмдер ағзадағы тұқым қуалаудын айырмашылығы немесе генетикалық полиморфизм имунногенетикалық әдістера арқылы зертейді Осы зертеулер саласын шартты түрде иммуногенетикалық деп атайды. Иммуногенетика ең жас ғылымдардың бірі. Иммуногенетика атауын 1947жылы Ирвин ұсынған. Ол бұл ғылымда иммунологиядық және генетикалық әдістердін бірігуін ескерген.
Барлық тірі организмдердің ішкі органдары, ткандері және олардың клеткаларындағы мыңдаған органикалық косылыстардың мөлшері мен сапасы әрқашан бір калыпты және тұрақты болуы керек Оны ғылым тілінде гомеостаз дейді және ол организмдегі көптеген ішкі процестермен реттеліп, сақталып отырады.
Гомеостаз сыртқы жәнее ішкі күштердің әсерінен бұзылуы мүмкін. Организмде гомеостазды корғап тұратын ерекше жүйе бар. Оны иммундық жүйе деп атайды
Соңғы кезде жануарлар иммуногенетикасы жылдам дамып келе жатыр. Көптеген елдерде малдардың қан топтарын зерттейтін лабораториялар мен институттар ашылуда. Қан топтарын зерттеудің маңызы күннен күнге күшейіп келеді. Бұл қан топтары мен полиморфты белоктардын тұқым куалау зандылықтарының жеңіл бақыланатынында, малдың өмірінің ақырына дейін өзгермеуінде және қарапайым әдістермен анықталатынына байланысты.
Иммуногенетиканың тарихы 1900жылдан Ландштейнер адамда АВО қан жүйесін тапқаннан басталды. Адам қанының О тобының сарысуында А және В қан топтарының эритроциттеріне (антигендеріне) қарсы табиғи антиденелер (агглютининдер) бар және олар бір бірімен кездескенде агглютинацияланатынын анықтады. А тобындағы қанның сарысуында тек В тобының эритроциттеріне қарсы антиденелер бар. АВ тобына жататын кан сарысуында А және В тобының эритроциттеріне қарсы антиденелер жоқ (бірақ АВ тобының эритроциттерінде А және В антигені бар), сондықтан АВ қан тобы әмбебап қабылдағыштар.
Ал бәріне жарамды донорлық топқа нөлдік (0) топтағы қан жатады, себебі оның эритроциттерінде А және В антигені жоқ.
АВО жүйесіне жататын қан топтары бар адамдарға қан құю тәртібі мынадай
А-------О------------А
В------ О-----------В
О------ О
АВ---- әмбебап .
Адам қан тобының бүкіл өмір бойы өзгермейтіндігі дәлелденген соң, олардың генетикалық табиғаты зерттеле басталды.
АВО жүйесі үш түрлі аллельдер сериясынанан тұрады. А және В аллельдері О қарағанда басым, бырақ екеуі біріккенде кодоминантты болады, яғни онда А және В антигендері катарынан көрінеді. Сондықтан пайда болатын мүмкіншілік 6 генотип және 4 фенотип түрінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |