1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет37/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
darister

Трансдукция. Екі бактерия түрлерінің арасындағы ген алмастырудың нәтижесінде пайда болатын рекомбинациялар тек донордың геномының бір бөлігі, сыртқы факторлардың өзгеруіне сәйкес реципиентке көшуімен байланысты емес. Жануарлар эволюциясында; жоғарыда айтылғандай, вирустар әртүрлі улылығы бар штаммдармен сипатталады. Улылығы жоғары дәрежелі түрлері клетканы лизиске ұшыратады, орташа және авирулентті түрлерінің клетканы бұзуға уының күші жетпейді, сондықтан бактерия геномының құрамына қосылып (профаг) көптеген функцияларды орындайды. Профагтардың негізгі қызметтерінің бірі - ол көрші жатқан клеткалардың арасындағы рекомбинацияларға қатысады. Осы құбылысты алғашқы рет зерттеген Н.Циндер мен Дж Леберберг 1952 ж. салмонелла бактериясының екі түрінің жекеленіп өсуі үшін әртүрлі жағдайдың керек екенін анықтаған: 22А штамы көбею ортасында триптофонды қосқанда 2А штаммы гистидинді қосқанда ғана өсіп - өнеді. Сондықтан 22А штамында триптофонды, 2А штамында гистидинді синтездейтін гендердің жоқ екені дәлелднді.
Екінші тәжірибелерінде екі түрлі салмонелла бактерияларын жеке емес бірге өсірген, бірақ араласып кетпеу үшін екі пробирканы бір-біріне жалғастырып, екі түрлі бактерияларды фильтрмен бөлген (3-сурет). Осындай жағдайда жағдайда бактерия
түрлерінің өсіп – көбеюіне, қолдан жасалған қоректік қоспаға, жоғарыда айтылған амин қышқылдарын қосудың қажеті болмай қалды.
Басқаша айтқанда 22А және 2А штамдар өздерінің өсуіне қажетті заттарды синтездей алатын гендерге ие болады: бірінші бактерия триптофонды, екінші - гистидинді құрастыратын гендерді геномдарына қосып алған. Бұл рекомбинацияны ДНК – ның құрамында жаңа гендердің пайда болуын авторлар 22А лигозенді бактериясының геномынан профаг Т-22 босанып (3-сурет), бактериялық фильтрден өтіп, екінші штамның клеткасын (2А) бұзып, оның геномындағы триптофан генін өзінің иесінің ДНК – на тасымалдап, тиісті орнына орналасуына байланысты екендігін дәлелдейді. Микроорганизмдер арасындағы рекомбинацияның профагтардың көмегімен жүруін трансдукция деп атайды.



4-сурет. Н.Циндер мен Дж. Ледербергтердің трансдукцияны дәлелдеуге берген схемасы.


1 - бактериялық фильтр;
2 - бактериофаг.

Трансдукцияның негізінде екі түрлі жалпы және арнаулы нәтижелерге жетуге болады. Жалпы – трансдукцияның арқасында донордан реципиентке әртүрлі гендердің тасымалдануы мүмкін, гендердің орналасуы және қандай белгілердің бақылайтындығын есепке алу қиынға түседі.


Арнаулы трансдукция – ген ДНК – мен комплементарлы байланыста болады.
Трансдукция табиғи жағдайларда жиі кездеспейді – 1 – 100 млн бөлінуде бір рет көрінеді, ал арнаулы жүргізетін рекомбинацияларда да трансдукциялық жиілігі реттеліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет