1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің түрлері



бет36/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
3. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің түрлері
Микроорганизмдер басқа тіршілік сатыларындағы жануар түрлеріне қарағанда өзгергіштікке тез берілетін формалар. Бактерия мен вирустарда, сыртқы сұрыптау күштерінің және өздерінің функцияларының әсерімен, генетикада талданған түрлерін кездестіруге болады. Бірақ тұқым қуалаушы информацияның құрылымы ерекше болғандықтан мутациялар бір бағытта жүреді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік донор геномының бөлшектерінің реципиентке ауытқуына байланысты. Осы жағдайда бірінші бактерия клеткасы өзінің тұқым қуалаушы информациясының құрылымы ерекше болғандықтан мутациялар бір бағытта жүреді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік донор геномының бөлшектерінің реципиентке ауытқуына байланысты. Осы жағдайда бірінші бактерия клеткасы өзінің тұқым қуалаушы информациясының бір локусынан айырылады, ал локустағы гендер әртүрлі факторлардың көмегімен екінші клеткаға көшіріледі. Бұл құбылыстың арқасында донор мен реципиенттің генодарында гендер арақатынастарының жаңа түрлері пайда болады немесе рекомбинация өтеді.
Микроорганизмде жыныстық жолмен көбею жоқ, сондықтан тұқым қуалайтын өзгергіштің пайда болу жолы басқаша. Бактериялардағы рекомбинациялар үш түрге бөлінеді: трансформация, трансдукция, конъюгация.
Трансформация. Бұл құбылысты 1928 ж. Ф. Гриффитес лабораторияда пневмакокк бактериясының екі штампымен арнаулы тәжірибелер жүргізу арқылы ашты. Бірінші түрі вирулентті. Егер осы штаммен ақ тышқандарды инъекцияласа (терінің астына жіберсе) олар өкпенің қабынуы арқылы ауырып тез арада өліп қалады, ал тышқандарды екінші - авирулентті штамымен инъекцияласа, лабораториялық жануарлар ауырмайды, тірі қалады. Бұл тәжірибеден пневмакокк бактериялардың түрлері бір-бірінен қарама-қарсы қасиеттерімен ажыратылатындығын көруге болады. Екінші тәжірибелері күрделірек жүргізілген.
Вирулентті пневмакоккті қыздырып, сонан соң тышқандарды инъекцияласа (2-сурет, II тәжірибе) жануарлар ауырмайды, тірі қалады. Ал оларды екінші рет авирулетті, өкпе ауруын тудырмайтын штаммен ексе, тышқандар ауырып өлімге шалдығады. Бұл құбылыстың негізін 1944 жылы О. Эвери толық дәлелдеп береді: вирулентті штамды қыздырғанда бактерияның геномы ауруды қоздыратын белок синтезінің гендерінен босанады. Бактерия ДНК – ның осы гендер орналасқан локусы иесінен бөлініп сыртқы ортаға шығады - бұл трансформациялық фактор. Ал тышқандарды екінші рет авирулентті штаммен инъекциялағанда, вирулентті пневмакокктан, қыздырғанда температураның әсерінен жеке бөлінген трансформациялық фактор авирулентті түрінің ішіне сіңіп, геномының құрамына қосылады. Сондықтан екінші штамм жаңа белгіге ие болады да улылығымен тышқандарды өлтіреді. Осы құбылысты бірінші бактерия өзінің тұқым қуалаушы белгісінен айрылуын, екінші штамм жаңа белгіге ие болуын трансформация деп атайды. Трансформацияда, реципиент геномындағы өзгерістер өзінде жоқ белгінің гендерінің доноры ДНК – дан келіп қосылуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет