1. Микроорганизмдердің түрлері, қызметі, функциясы 2. Микроорганизм геномдарының репликациясы 3. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің түрлері 4. Микроорганизмдер селекциясы
1. Микроорганизмдердің түрлері, қызметі, функциясы Бір клеткалы организмдер оның ішінде бактерия, вирус және бактериофагтар XX ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап генетикалық арнаулы тексерулерде қолдана басталды. Өйткені бұл уақыт микроорганизмдерді лабораторияда өсіру мәселелерін шешуге, құрылысын зерттеу үшін әртүрлі әдістерді пайдалану және мутациялар алумен байланысты.
Микроорганизмдердің генетикалық зерттеулерде пайдалануына көптеген себептері бар: қолдан дайындаған өсіру орталарында аз уақыт ішінде мыңдаған ұрпақ алуға болады: тіршілік циклы (бактерия) бір сағаттан аспайды: сыртқы мутагендік факторлардың әсерінен тұқым қуалаушы информациясы өте нашар қорғалған, сондықтан мутацияның жиілігі көп клеткалы организмдермен салыстырғанда 100 – 1000 есе көбейеді. Организмнің тіршіліктегі энергия мен зат алмастыру, қоршаған құбылмалы ортада өмір сүру процесін сақтап, артынан ұрпақ қалдару, тек бір хромосомға немесе нуклейн қышқылына орналасқан гендер арқылы бақыланып реттелінеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты бактерия мен вирустар геннің құрылысын және функциясын зерттеуде зор маіызы бар. Қазіргі генетикада жиі қолданатын микроорганизмдер: бактерияларда ішек бактериясы (Есоli), салмонелла нейроспор вирустардан: бактериофагтар - осы бактерияларды жегіш вирустар, SV – 40 (маймылда), аденовирус (адамға), Эпштейна - Барра (адамда), кейбір өсімдік клеткаларында тіршілік етіп инфекциялық ауру тудыратын вирустар.
Биологияда жануарларды клетка ядросының қалыптасуына қарай екі түрге бөледі: прокариоттар және эукариоттар. Прокариоттардың клеткасындағы ядроның пішіні тұрақты қалыптаспаған, әртүрлі сыртқы күштердің әсерінен (қышқыл, тұз, ультракүлгін, рентген лазер сәулелері) көптеген өзгерістерге ұшырайды. Эукариоттардың клеткасында ядро тұрақты көрініспен сипатталынады және сұрыптау, мутагендік торлардың арқасында формасын бұзбайды. Прокариоттардың ядро вакульдері – нуклес деп аталады. Нуклестің формасы мен көлемі өте құбылмалы. Мысалы: ішек бактериясы (Ecoli) өзінің көбеюіне бейімді ортада болса, нуклеусі ұзын шырмауық форма құрайды, ал егер осы ортаға 2 % ас тұзын ( NaCl) қосса, нуклеус екі есе қысқарып эллипс формасына келеді, тағы да лейциннің қоспасын тамызса, ол шеңберленеді.
Бактерия клеткасындағы тұқым қуалаушы информацияның ұйымдастырылуы эукариоттармен салыстырғанда көптеген айырмашылығы бар: егер адамның көбею және жыныс клеткаларында 2п = 46 : п = 23 хромосом, сол сияқты ірі қарада - 2п = 60; п = 30 хромосом болса, бактерияның неклеусі тек бір ғана ДНК молекуласынан тұрады. Осындағы гендер жинағын геном деп аталады.
Бұл ДНК эукариоттардың хромосомындағы ДНК - дай бір тізбек құрмайды – дөңгеленіп екі қарама–қарсы ұштарымен бір– біріне жабысады; екінші ерекшелігі – белоктармен қоспа жасамайды. Бірақ прокариоттар мен эукариоттар ДНК құрылысы бәрәмәзге белгілі төрт нуклеотидтерден тұрады. Осыған байланысты бактерия гендерінің (цистрондар) құрылысы және функциясы эукариоттарға қарағанда жеңіл және жылдам зерттелуі керек.
Бактерия геномында боялатын заттар бар (хромотиндер), сондықтан микроскоппен зерттегенде сыңарланған гоплоидты хромосомға ұқсайды. Бірақ бұл геном организмнің тіршілік ету қабілетін де және көбею процесін де өамтамасыз етеді. Дөңгеленіп ұштарымен жабысқан ДНК, ұзындығы 5.10 нуклеотидтерден, молекуласының салмағы 2.0.109 Д дейін жетеді (Дальтон = 1,6.10-24 грамм).
Бактерияның цитоплазмасында эукариоттың клеткасындағыдай органоидтар бар. Солардың арасында генетикалық тұрғыдан алып қарағанда плазмидтерге көп көңіл бөлінеді.